Ерні пю қыздар (ән)

1. Көп дубльмен алдың
Суретіңді сәтті.
Ғаламторға салдың
Шақыр деп махаббатты.
Келтіресің күлкімді
Елітпексің кімді сен?
Табиғи емес біртүрлі
Сенің бір мүшең.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.

Блог - MERmukhanov: Ерні пю қыздар (ән)

2. Ақылсыз қыздарды
«Тауық» дейді халық.
Бірақ олай сіздерді
Атамаймын анық.
Ақылдысыздар сіздер,
Ондай қыз сирек.
Мен білсем сендердің
Атауың — үйрек.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.
.
.
.

Блог - MERmukhanov: Ерні пю қыздар (ән)

3.Айнашыл қыздарға
уақытымды арнадым,
Себебін білмекке
гуглды шарладым.
Кататондық іркіліс
симптомын көрдім
Ауруға мен енді
күлмейтін болдым.

Қ/сы:
Ерні «пю» қыздар,
Ерні «пю» қыздар,
Жөн тұрған ерінде
Сіздің неңіз бар?
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Неліктен білмеймін
Я вас не люблю.

4. Жай фон жарамайды,
Бермейді сымбат.
Ал айфон жарайды
Өзіңнен қымбат.
Физилогия дакфейс,
Дұрыс емес мұнша:
Мұрныңнан озып,
Ерінің тұрса.

Қ/сы:
Қыздар «пю» ерін,
Қыздар «пю» ерін,
Мамамыз сұраған
Дені сау келін.
Қыздар ерні «пю»,
Қыздар ерні «пю»,
Сондықтан сендерді
Никак не люблю.
Бөлісу:

19 пікір

MERmukhanov
Гитарамен домбырамен? айтам деушілерге әуені бар. Немесе, ұнатқан әуенге салып айта беруге болады.
Бәрі де тек сендер үшін, қыздар… Бар ән, бар жыр…
asaubota
қай әннің ырғағымен оқу керек?
MERmukhanov
аудионы қалай салады кстати? /просто сұрап жатырм./

Ырғағы Семен Слепаковтың «Где бы мне взять бабу» деген әніне ұқсас, қайырмасы — сәл жылдамырақ.
asaubota
киви арқылы салып көр
MERmukhanov
жайдарманшыларға видеолы-әуенді үй тапсырмасы үшін тым жеңілтек пе мына тақырып?
asaubota
тым ауыр ма деймін керісінше
bizbike
оффтоп:
О Құдай не деген еркек!!!
Тусам ғой сенен бір тентек,
Қалаймын кызды да тіпті,
Туамын дедім, бітті!
Anar70
Бізбике)))))))))))))))))))))))
bizbike
аударма менікі емес, кеше көріп күліп алдым
asaubota
Фейсбукте көрдім, сосын осыны жақында Жайдарманда Демеушіміз Болашақ командасы айтты. жалпы аударма ұнады маған
MERmukhanov
жақсы аударма
ал кывыныда біреудің аудармасын сұрамай айтуға құқығы бар ма еді?
MamaAya
ёёёёёё!   жынды ғой мынауың!!!
Gastarbaiter
айтып көрем үйге барған соң.
VKM
менің сондай фотоларыма айфон толы екен)))өлең айтылмайды, Слепаковтыкіне
MERmukhanov
 100 пайыз емес сәйкестік ))) шумағы пашти бірдей. қайырмасы да ұқсайды, тек жылдам. ыңылдап айтып берейін бе?)))))
Nadya
Кароч, видео м1ндетт1 турде кажет! Сен, Мерей, гитарамен немесе домбырамен (немесе гитарамен жэне домбырамен) отырсын, сен1н жанында эдем1 кыздар калай да билеп жатырды. К-сында сен Моисеевтей «люблюууууууу» айтш!  Ал аягында сен1н «пю» болады) «Шнягер года» деген атагы б1здерд1к1!
Айтпакшы, Слепаковпен ыргак б1рдей емес. Эн1н маган унайды