Адами құндылықтарды насихаттап, ой салуға келгенде, көне ақиқаттарды көтін басына, басын көтіне жапсырып, «үйтіңдер-де-бүйтіңдер, отқа басын үйтіңдер» деп тікелей бұйыратын директивалар тәсіліне қарағанда, жеке өзім, Шығыс метафоралары мен астарлы әфсаналарын әсерлірек деп ойлаймын. Айтпағын алдын ала шайнап беретін Крылов пен Ла-Фонтаньның мысалдарын, әрине, есепке алмадым.
Осы Қазнеттегі блог-тұғырлар мен еркін жүйелер қазақ блоггерлерінің саны күннен күнге өсіп келе жатқанын көрсетеді. Алматыда дүркіретіп тұрып Блогкэмпті де өткізіп жібердік. Бір-екі апта кірмей жүріп, қай сайтты болса да аша қалсаң, жаңа есімдер, жаңа блоггерлерді табасың. Күшті-ақ…
Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.
Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Екінші сөзді қай арнамен жіберерімді, қалай бағыттарымды білмей біраз ойландым. Әрине, біздің ойдан елге келіп-кетер дүние шамалы.
Әуелгі жазбағым ұлт мәдениетінің кейбір аспектілеріне қатысты болған-ды, алайда ол туралы өмірден көргенім көп, түйгенім аз, оқығаным жетерлік, қорытқаным шамалы екен. Қой дедім. Кейінге қалдырдым. Одан да өзім білетін, басымды ұрған, бауырыма қысқан жағдайға қатысты тәжірибеммен бөлісейін деген шешімге келдім.
Кеше үш жаңалық жазам деп біраз дауға қалып, өсекші, жылаңқы, сайт мәдениетін білмейтін, кір іздегіш деген аттарды «арқалап» шығып кетіп едім. (оқыған ел біледі). Жұлқынып, қылқынып, кеттім Керектен деп суретімді, біраз жазбаларымды өшіріп, шала
Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Иә, бауыры бүтін кім бар дейсің?! Қойны толмас қара жер жасты да, кәріні де талғамастан жұтып жатыр ғой әйтеуір… Жақынымыздың көрер жарығы, татар дәмі таусылып, бақиға аттанғанда етегіміз жасқа толып еңірейміз кеп… Ойлап қарасам, біз сол қаза болған жанды емес, өзімізді аяғандықтан жылайтын сындымыз. Ол адамсыз алдағы күндерді елестете алмағандықтан, оның бұл фәниде жоқтығына көңіл иландырудың қиындығынан, оған деген сағыныштың санаға салар салмағын ұғынғандықтан… Рас, өзімізді аяймыз!
Құлағы естімейтін бір саңырау кісі болыпты. Бір күні оның көршісі ауырып қалыпты, қал-жағдайын сұрағысы келіпті. Бірақ естімейтін құлағыммен онымен қалай сөйлесемін деп ойланып, бір амал тауыпты:
Мен оның не айтқанын ести алмаймын, ауырып жатқасын дауысы да дұрыс шықпайды. Сондықтан шамамен не деп жауап беретінін алдын ала ойлап, ерні жыбырлаған кезде келесі сұрағымды қойып отырамын деп ойлап, дайындала бастапты.