Тағы да үш жаңалық

Кеше үш жаңалық жазам деп біраз дауға қалып, өсекші, жылаңқы, сайт мәдениетін білмейтін, кір іздегіш деген аттарды «арқалап» шығып кетіп едім. (оқыған ел біледі). Жұлқынып, қылқынып, кеттім Керектен деп суретімді, біраз жазбаларымды өшіріп, шала шабылып, енді жазбаймын, келмеймін деп кеткем. Артынан ашу дұшпан кеткен соң, ойланып-толғанып жатып өзіме қатысты үш жаңалық ашықандай болдым. Сол үш жаңалықпен қайтып келіп Керектегі ағайынмен бөлісіп, жеңілдеп алғанды жөн көрдім. Кеше негізі артық ойым болмап еді, өзімше күннің қызық жаңалықтарын талқылап отырсақ деп ой айтқым келген. Аки-ді де түсінем.Өз деңгейінде ой айтты. Гаста айтпақшы «шапылдамай», реалдағы мінезіме салып, жақсы деп жөн сұрауым керек еді. Ашу шіркін не істетпейді.
Сонымен бірінші жаңалығым — менің реалдағы мінезім мен онлайн өмірдегі мінезім екі түрлі екен. Реалда аздап сабырлылау, мәдениеттілеумін (мақтану емес, шындықты айтып отырмын) негізі. Онлайнда сөз көтере алмайтын, сабырсыз, дөрекілеу мінезім барлығын байқадым. Етіне шыбық тимеген сияқты, шытынап шыға келем.Негізі бұны бұрыннан байқағам, кеше байқаудың шегі болды.
Екінші жаңалығым — Керектің «темасы», «приколдары» әлі санама жетпепті. Әлі шет елдікпін. Арасында өзімше қосылып, елмен бірге жыртақтап, әзілдескім келетіні бар. Бірақ реалда боқтық жарықтықты Қисыққа ғана бағыттайтын болған соң, ауыздан «редко» шығатын болған соң ба, Керектің бетінде бәрібір қисыны келмей тұрады. Сол приколдарды ұқпай, тым батыл жаза алмай жүрген соң ба, Керек бетіне жазғандарым менікіне ұқсамай, қисайып, әрі кетіп тұрады. Не әзіл емес, серьез емес. Өзіме солай көрінеді. Сырттан қараған адамға Керектің өзінше бір ережесі, тілі бар. Тұрғындары ғана түсінетін. Соны түсінген ел тусовкада, түсінбеген ел шет елдік. Шала түсінген ел екі ортада. Жартылай түсініп, жартылай түсінбей жүргеннің бірі мен. Уақыт аздықтан ара — тұра кірген соң ба, білмеймін.Мысалы: Гаста кешегі жазбама аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан пікір қалдырды. Керектің түсінігі бойынша ол ақ ит кіріп, көк ит шығу емес. Ауылда класстас, дос балалар әзілдеп, неше түрліні айтып жатады, сол сияқты дүние түсінгенге. Дұшпанданып айтатын зілді әзіл емес.Ойын, қалжың түрінде.Гастаның пікірі сол тектес. Бұдан былай солай қабылдаймын.
Үшінші жаңалық десем ба әлде қабылдаған шешім ба — онлайнда да реалдағы бет-бейнеммен қалуым керек екен. Сондықтан бүгіннен бастап, Керектегі пікірлерге сабырмен қарап, сабырлы дүние жазуға тырысамын. Өз «стилімде» қалғаным дұрыс шығар. Бұған дейін біреулерге «не то» нәрселер айтылған болса кешірім сұрауға дайынмын. Жалпы реалда бейбітшілікпен, сыйластықпен, түсіністікпен өмір сүру керек деген ұстаным өзімде.

Кешегі күні үш жаңалық жазам деп шу болған посттың салдарынан туған үш жаңалық осы. Тағы біраз нәрселер бар еді, өзімді сүмірейте бергім келмеді. Жазбайын деп едім, лаң салып, шу шығарып, дөрекіленіп, елді балғаттап, ортасына симайтын адамның маскасында көрінгім келмеді. Іштей:- журналистпін, жазғанымды ел оқиды. Шимайларымды кітап қып шығаруға талпынып жүрмін, студенттерге сабақ берем. (Айтпақшы Пиар білімі: теориясы, тарихы және қазақстандық тәжрибе» деген кітапты қаузап бітіп қалдым. Сүйінші. Таза қазақша жазылған алғашқы кітап болуы тиіс меніңше деп жарнама жасап кеткенсің ба)Журналистік ұйым құрып жатырмын, интернетті дамытуға атсалысқым келеді деп жүрмін, бір пікірге бола тонымды теріс киіп, әлсіздік танытсам, кіш еткен кішкентайдың айырмам не, құр өкпеден гөрі, кейбір кемшіліктерді мойындап, бірге шәй ішіп жүре берейік деген ой келді.(қысқасы өзімше зиялы болам деп жүрмін, бір пікірге наққа ренжимін деген әңгіме ғой) Оның үстіне 2012 де жақын қалды.)))) Сосын Керекке қайта оралып, жаңа постты осыдан бастағанды жөн көрдім. Керек бетінде Кәрім Мәсімовтың өзі онлайн конференция өткізуге өтініш жасайтын күндерді көрейік. Қызықты жазбалар, ақылды ой, жақсы ұсыныстар, жағымды ақпараттар көбейе берсін!
Бөлісу:

22 пікір

KILYZAMAN
Сүйінші. Таза қазақша жазылған алғашқы кітап болуы тиіс меніңше деп жарнама жасап кеткенсің ба)Журналистік ұйым құрып жатырмын, интернетті дамытуға атсалысқым келеді деп жүрмін, бір пікірге бола тонымды теріс киіп, әлсіздік танытсам, кіш еткен кішкентайдың айырмам не, құр өкпеден гөрі, кейбір кемшіліктерді мойындап, бірге шәй ішіп жүре берейік деген ой келді.(қысқасы өзімше зиялы болам деп жүрмін, бір пікірге наққа ренжимін деген әңгіме ғой) Оның үстіне 2012 де жақын қалды.))))
— алдаусыратпай, тездет енді… Мойындай білуден артық ЕРЛІК жоқ
boztorgai
бәсе, топырағы тәуір екен деп қоятым
VKM
 демалмастан оқып шықтым. Күшті)
blackbeard
реалда боқтық жарықтықты Қисыққа ғана бағыттайтын болған соң
Көрінген жерде сол құрбан әйтеуір
KILYZAMAN
мүмкін нигін өзгертер… Қалжың — қажет емес! Қисықты көрмесек, түзудің не екенін біле алмас едік @satipaldi
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 23:18
Serzha
Іштей:- журналистпін,
соңғы кезде журналисттерді жақтырмаймын
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 23:55
meirzhan
Боқтықты қолданбай-ақ осы сайтта жүре беруге болады ғой.
Serzha
боқтық тілдің ажырамас бір бөлігі
Пікір түзетілген: 4 тамыз 2011, 23:56
meirzhan
ажырамайды екен деп жөнді-жөнсіз жаза беру керек пе?
Serzha
жоқ, жөнді жазу керек
KILYZAMAN
Жиіркенішті нәрсенің түбінде жүректі айнытатытыны — АКСИОМА…
Олай болса ол күнге де жетеміз
meirzhan
Көз, құлақ үйреніп кеткесін түбіне жетпейсіз (-ді)
KILYZAMAN
Көз құлақтың иесінің талғамы білер оны… Иттің қарны тоқ болса боқ жеп несі бар?
Erbol
Боқтықты қолданбай-ақ осы сайтта жүре беруге болады ғой.
Басында сондай бірдеме қосып жазбасам Керекинфода ешкім оқымайтындай көрінетін-Қарасақал.)))
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 00:25
AKY
Аки-ді де түсінем.Өз деңгейінде ой айтты.
Соншама не айтып қойғанымды есіме түсіре алмай отырғаным. Ахи шығар мүмкін?
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 11:48
Erbol
иа, ахи, кешрріңіз.Бұл тақырып өзі жарты жыл бұрын жазылып, талқыланып тастаған дүние еді, қазір неге маңызды болып тұрғанын.
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 11:50
AKY
Уфф . Просса бүгін ғана көріп отырм дә. Дүмкеге түсіп кеткенім. Соғыстан аулақ жүретін бейкүнә жандардың бірі едім.
Пікір түзетілген: 5 тамыз 2011, 12:00
Abilakim
Мен кешегі жазбалардан "Үш жаңалық " іздеп әуреленбек болдым да,"әй, осы сол бір баяғы әңгіме ме" деп жазылған күніне қарадым)))
Erbol
Дұрыс істегенсің
meirzhan
Бұл сонда «3 жаңалық» деген екінші пост па? Талқыланса, неге пікірлері болмады?