Блогкэмп-2011: Аласұрған сезімдер

Сағат түңгі 1:54. Блогкэмп өткен үш күнде қатты шаршадым. (Наз айтқаным емес, ерікті шаршау ))) Бағана блогшылар отырысынан да ертерек қайтып, басты мақсатым — қанша күн үйге тек түнде келіп жүріп, ата-анамды дұрыстап хабардар етіп, ертерек демалу болып еді. Келе сала, досыма хабарласып, Блогкэмптен қайтқандағы шаттық сезімімді жеткізіп, жаңалықтармен бөлісіп жатқанымда, ол өз тарапында орыс тіліндегі блог-платформада бір қызға сын айтылып жазылғанын ескертті. Көңілім су сепкендей басылып қалды, өйткені сөздің мен жайлы болғанын шырамыттым. Ондағы бар айтқаным, ювижн жайлы презентацияда сол жерде неге ұлтаралық қақтығыстарды тудыратын мақалалар жариялайсыздар, модерациядан өткізбейсіздер ме, және бір қолданушысын жәй ғана мысал ретінде көрсеттім, әйтпесе солардың аттарын да онша білмеймін. Сөйтіп, сынға ұшырадым да қалдым.
Өкінішке орай, қара көзді қазақ азаматтарымыз бірінші рет осындай қазақ тілді блоггерлер жиналып, қазақ интернетінің мәселесін қозғап жатыр, ұйымдастырып жатыр деген артықшылықтарды көрмей, тек негатив жазғаны менің көңіліме қатты батты. Алайда айтатын бұл ғана емес, біршама сол жақтан тіркелу барысында көптеген кикілжіңдерге де тап болдық. Алайда ешкімді ренжіткіміз келмеді, тіркелгені болсын, тіркелмегені болсын сыйлық тараттық, барынша қазақи қонақжайлығымызбен қарсы алдық.
Сонымен ішімде шаттық пен реніш араласқан сезімдер біте қайнасып жатыр. Шаттанатын дүниелер өте көп. Сатыбалды айтпақшы, «сендер қоғам бола алмайсыңдар!» деуші еді. Қоғам бола алған сияқтымыз. Сайт жасауды қазақша Аршат, Нұрлан (точно есімде жоқ есімі) түсіндірді. Қуаныш сайт арқылы ақша табуды айтты. Әйгерім Кеулімжай қазақша комикстерді дамытайық деп әдемі күлкілі-слайд шоу ұсынды. Тоты мағыналы пікірлер жазуға шақырды. Өркен блогты танымал етуді үйретті. Сонау Қостанайдан келген Талғат өзінің блогында есептерді шығарудың жолын жазатын блогымен таныстырды. (Айтпақшы осы Талғат «Sturt up» жүлдесін ұтып алды. Әділ болды деп ойлаймын.) Ары қарай досы Еркебұлан Дебатерлік білімдерімен бөлісті. Моңғолияның қазақтары жеке бір әңгіме. Жанарбек ағайдың «Қайтқым келмей қалды» деп толқып айтқан сөздеріне өзім де жылағым келіп кетті. Лашкаға сәлем айтамын деді. Тимур да бір IT-дің қыр-сырын қопарып жатқан. Әлия Құрышжан, Бахытгүл Салықова, «Әділ сөз» ұйымынан келген апайымыздың барлық кеңестері бізге қажет дүниелер.
Айта берсе көп енді… Ең соңындағы блоггерлердің бас қосу әркімнің бойында сенім ұялатты деп ойлаймын. Қазақ тіліне сенім, болашағына, қазақ интернетіне сенім. Барлығы да әркімнің өз қолында екенін түсінген сияқты.
Ал өз басым, қай кезден бері ашылып сөйлегенім үшін таяқ жеп, сабақ алып, әркімге бір әңгіме айта бермей, жабылып жүрсем де, табиғатымнан алыстамай-ақ қоядым. Кім не десе, о десін! Бізде уордпресс бар, бізде керекинфо бар. Бізді қолдайтын адамдар да бар. Оларға сол үшін мың алғыс!!! Қалғандары, Өркен айтпақшы, Кетнақ!!!

Айтпақшы, сурет те, түк жоқ. Ертең басқа блогшылар сала жатар. Менікі тек жазу ғой ))
Бөлісу:

45 пікір

Zere
Неге Өркен айтпақшы деп кеттім, өйткені, тіркелу барысында кішкене кикілжіңдер болғаны туралы айттым. Сол кезде Қалдықыз екеуміз үстелде шай ішіп отырып, шағымданып едік. Сонда Өркен Сатыбалдының сөзін айтпадыңдар ма деп күлдіртті. Айта алмасаңдар, табличка жасап алыңдар дейді. ))) Сөйтіп көңілімізді бір серпілтіп қалған )
Zilola
Дану сол баланы, того ғо ол бала!!!
Келіп тегін тамақ ішкеніне, рюкзак алғанына мәз, типа мимо өтіпбаратрп соғып кеткен ғо бізге :)
saken
қазақ интернетінде Қостанайлықтарды көріп қуанып қалдым :)
Zere
Қостанайлықтарға бәрі қуанды. Әсіресе қыздар ))))
e_zhalgas
Біз Әбіләкімнің бөлмесінде Қисық, Патик, Аршат мен отырмыз. Келіңдер, отырамыз. )))))
Zere
Кетіңдерш, лақтырып кеттіңдер ғой )))
Malimetter
Орыстілділердің көбінің, әсіресе, ювижнда, арандатып жүретіні атамзаманнан белгілі. Ондайлардың іштері күймесе, өртеніп кетсін. Бастысы, Блог-құрылтай керемет өтті. Ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген сіздерге (Алматылық белсенді топқа) алғыс айтамын.
VKM
yvision.kz/community/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82+%D0%B2+%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5/133448.html

Осы жерде отырып алып жазбай, жүріңдер ювижнге барып, шалақазақтарды "өлтірівсайық":))))
Jacqabaies_Chirac
мына бот қайтадан шыққан ба!?
blackbeard
Уахахаха бұттан кеттім нақ!:))))) Басында Өрімтал жазған екен деп ойлап, Асекеңе не болған деген жаман ой кеті:))))) Zereee жарайсың! Қыз жазғаны бірден көрініп тұр:)))))))))))
Ал блогкәмқа сөз жоқ мықты! (мен де...)
Janasil
Құрылтай керемет өтіпті!!! Жаңылықтарды жібермей қарап отырдық! Құттықтаймын ұйымдастырушыларды!!! Ал басқалардың қисық сөздерін көре алмаушылық деп қабылдайық!!! (Бұндай деңгейде өтеді деп күтпеен шығар).
Gastarbaiter
Қатты сын естуден адам өлетін болса, мен осыдан 5 жыл бұрын тырайып қата қалатын едім.
Арт ашып, ен сыздау — синдромының жарқын көрінісі екен, Зере. Кешір, байқамай озвучить етіп қойдым.
Өзім біреуді жатып кеп (причем тут жату) сынау мүмкіндігін мүлт жібермейтін болғандықтан, өзімді сынаған жағдайда біртүрлі маңдай тер, табан ақыма сатып алған адал сазайымды алғандай сүмірейіп қаламын. Адамның бірін бірі сынай білу қасиеті жақсы ғой. Аздап артың ашиды бастапқыда, бірақ кейін шыныға түсесің.
Ал әділ сынға еш қатысы жоқ күйе жағу болса, онда ептібаймайттың өз қаруын өзіне жұмсауға қорықпау керек. Оған көнбесе «Бұралқы сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме» дегенді жеті рет қайталау керек. Атсралға еніп үшінші көзің ашылатынына кепілдік бермеймін, бірақ сәл де болса жеңілдеп қалуы керек.
blackbeard
(Patickтен аумай қалған смайлик!) Ық ық!
Пікір өшірілді
Zere
Осы Блогқұрылтайда қаншама мәселелер талқыланды, көптеген жұмыстар атқарылды. Соның бәрін көрмей, тек қана орыс біреуді жақтап, тек негатив көргені қатты қынжылтты. Басқа ұлт өкілі болса ештеме емес қой, жазып отырған қазақ баласы.
patick
Ондай бұтақбастар көп қо. «Тіктім» деп қол қой оларға.
Gastarbaiter
— Менің ұятсыз да шығармын, бірақ мені сауатсыз деп қателестіңіз. Міне мен оқу бітірген куәлігімді әр дайым қалтама салып жүремін, сенбесеңіз.

— Онда сауатты бола тұра, бейшара болсаңыз неңізге жетісіп ыржақтап жүрсіз?
— Егер мен қымбат киім киіп, қымбат көліктен түссем, олай демес едіңіз.
— Кешіріңіз. Мен де жетіскен үйдің баласы емеспін. Осылай сабақ беріп күнелтуіме тура келеді.
— Мәселе де сонда боп тұр ғой, қалқам-ай. Бір кедей екіншіні мойындамауында. Киімім нашар, көңілім таза, ыржақтауым, жыламаудың қамы да.
© Радж Капур, «Господин — 420» фильмінен
AKY
Зере, ювижндағылар оттапты))) Өте жақсы ұйымдастырылған, сендерге рыспек! Тамаша өтті, үлкен әсер алғаным сондай, Алматыдан кеткім келмей, пойызға әрең міндім))
Zere
Әйгерім, бәрі солай айтып жатыр. Ешкімнің қайтқысы келмей қалыпты. )) Біз де ризамыз! )
Gastarbaiter
«Ювиженкаларына» конкурент болғандарыңды жақтырмаған шығар?
Zere
Солай шығар… )
Gastarbaiter
Бәсе. Былтыр «Ювиженка» туралы видеоларын көргенмін. Бутаковкаға барып шашлык жедік, үйттік бүйттік, пәленшені көрдік (өздерінің приколдары уопшым) деп мақтап жатқан қорс-қорс жылап. Биылғы блогкемп олардан басым түссе керек. (май тамызған смайл)
blackbeard
(Patickтен өзінен аумай қалған смайл)
monti
(Patickтен өзінен аумай қалған смайл)
нау не сөз меңгереалмайатрм :)
qisyq
ол патикқа ұғсайтын смайликғо патиктің күліватқанын елестетч, сондай
Zilola
мен деген математик Талғаттың пойызына мініп кеткім келді керісінше, сондай жақсы бала кен :)))
Abilakim
Оның жас өмірін қор қылмағаның дұрыс болды
Zere
:))))
madlen
:))) Talgat jedel turde jauap beru kerek koi munda :)))
Zilola
керісінше мен оның өмірін гүлдендіріп жіберер ме едім :)
Abilakim
Қой, баланың алға қойған мақсаттары бар екен…
Zilola
мен поддержка болар ма едім :)))
Abilakim
Сенің қалыңның катеті мен гипотенузасын өлшегенінен не пайда ол балаға? Ол әлі биіктерден көрінуі керек
Zilola
папам математик, бірәз көмектерсер еді шығармашылығына, ладны өтті-кетті :(
VKM
Меніңше, оларға ұнамағаны ұйымдастыру мен спонсорлар) Өткен жері. Қызғаныватр)))
blackbeard
(Тағы да Patickтің өзінен аумай қалған смайл)
asaubota
мен өткен жылы орыстілділердің арасында болып көрдім қазақша жобаға байланысты, сонда көрдім олар қазақтілділер ештеңе істей алмайды деп ойлайды. маған да көп кедергі болды, ақыр аяғы кеттік қой ол жобадан :)
құрылтайда да сол, келді типа қарап кетті бұлар не істеп жүр өздерінше дегендей.
Gastarbaiter
Зере, сенің ренжуің төмендегі сілтемеге бағытталған ба?
yvision.kz/community/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BD%D0%B5%D1%82+%D0%B2+%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5/133448.html

Егер солай болса, онда бұл жерде "қызғаныш-пызғаныш" дейтіндей ешнәрсе жоқ екен. Жоқ жерден жау іздемейік. Барған жігіт қазнеттен ешкімді аса танымайтынға ұқсайды, сондықтан тусовкадан тыс, не втеме жүрген адамның нейтралды көзқарасы дер едім.
Қаралау мақсатын, үш қайтара оқысам да байқамадым.
Zere
Gastarbaiter
Лібәд, менің рейтингімді нөлден төмен түсіріп тастапты, әдемілеп тұрып психоанализ жасар едім авторына. Вплоть до,«синдром ущемленного яичка из-за обвинений в ущемлении других яичек, сочетанный с анальной фрустрацией из-за непричастности к происходящему вокруг.

Лузер нақ, уақақақа, бетіңе мардымды жауап таппады ма? Жарайсың:))
Ал ювижнге барып бірдеңе дәлелдеу бекер сияқты, сенің ақылға шақырғаның да, менің психоналитикалық талдауым да өтпейді. Оларды тек тубазидтің еселі дозасын беру керек, шошқаның етіне қосып.
balzaminka
ювижн дегенді естігенім болмаса, кіріп көрмеген екенмін. Жаңа барып келдім, көп нәрсе жоғалтпаппын ғой. Венераның жауабы ұнады :)
Zilola
мені почему-то сояха тартпайт ващще :)