Қисық сөздер. Екінші сөз. Ақыл махаббаты



Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол.

Абай

И любить и быть мудрым невозможно.

Ф. Бэкон


Екінші сөзді қай арнамен жіберерімді, қалай бағыттарымды білмей біраз ойландым. Әрине, біздің ойдан елге келіп-кетер дүние шамалы.

Әуелгі жазбағым ұлт мәдениетінің кейбір аспектілеріне қатысты болған-ды, алайда ол туралы өмірден көргенім көп, түйгенім аз, оқығаным жетерлік, қорытқаным шамалы екен. Қой дедім. Кейінге қалдырдым. Одан да өзім білетін, басымды ұрған, бауырыма қысқан жағдайға қатысты тәжірибеммен бөлісейін деген шешімге келдім.

Итжеккенге айдалған, «қайран да біздің» wordpress-тағы блогымда «Айконаның сұрағына жауап» деген жазба бар еді. Сезім балансына арналған болатын. Сол материалда журналист емес, блогшы Өркен Кенжебек «Қисықтың тапқан термині» деп таңып кеткен, бірақ ешкімнің есінде қалмаған түсінік бар. Өзім оны өмірде жиі қолданамын. Ол – ақыл махаббаты.

Алып-ұшқан сезімді, алабұртқан көңілді, ағыл-тегіл көз жасын, айдан жылға, жылдан жырға ұласқан махаббатты түсінбейтін адамдардың бірімін (бір аптаға, ары кетсе бір айға созылған құмарлық саналмайды). Өз-өзімді қорғау инстинкты жақсы дамығаннан ба, әйтеуір, басымнан айрылған емеспін. Біреулер «нағыз махаббат азабын сезінбесең — бақытсызсың» деп жатады, кім біледі, бәлкім солай да шығар, бірақ маған осылай ыңғайлы. Маған керегі — ақыл махаббаты.

Себебі, жүрек — тұрақсыз, тиянақсыз дүние. Тұрлауы жоқ, сезімді ары толқытатын, бері толқытатын тынымсыз орган. Оған еркектік полигамдық факторды қоссаңыз, қай дінде болмасын қысым мен қудалауға ұшырайтын қадамдарға алып келетін қасиетті шығарып аласыз.

Қисынға салатын болсақ, «бір еркек-бір әйел» принципі — өте күшті потенциал, себебі екі уникалды тұлғаның сипаттамаларының араласуынан өте мықты одақ пайда бола алады, әрі олар өздерінің ұрпағына мықты перспектива жасай алады. Алайда, осы бір утопиялық жоспардың іске асуына сол бір құрғыр жүрек кесірін тигізеді.

Себебі, сіздің сырнай-керней тарттырып алған сүйіктіңізден бөлек өзге де қарсы жыныс иелері бар және олар белгілі бір кездері көзге тәтті, көңілге ыстық болып кетуі бек мүмкін. Саналы түрде сарапталып, сараланып қойылған қанша отбасылық жоспар аяқ асты пайда болған сезім толқынының астында қалып, қирады. Тамақтан алып, қылқындырып, буындырып, қысып бара жатқан жүректің бір сәттік ауруының өтпелі екенін түсіне тұрып, түсіне алмай үйінен безгендердің де саны біршама. Осының бәрі ақыл махаббатының жоқтығынан деп білемін.

Жеке өзіме көп септігін тигізген осы түсінік болды. Жолдасымды сүюде жүрекке емес, миға басымдық бергенім, көп қысылтаяңнан алып шықты. Ойланбай істеген қадамды ушықтырмауға жәрдем болды.

Сезім — алдамшы құбылыс. Бір күндік, я апталық сезіміңнің оянғаны ақ-адал ғашықтық пайда болды деген сөз емес. Қазақтың «Ойнас — оттан ыстық, қала берсе боқтан сасық» дейтіні осыдан.

Жүрекке әмір жүреді көп жағдайда. Қолынан келгенше бар қымбатын саған аманат етіп тапсырған адамның қадіріне жете білсең неге жүрмесін. Басқаға бағыттаған бар ықыласыңды бауырыңдағы «екі жарты, бір бүтініңе» арнасаң сол әлдеқайда берекелі, сол әлдеқайда сауапты, сол әлдеқайда болашағы бар іс бола ма деймін. Ал басыңды екеу қылған жанға қатысты жүрек махаббатын «жүктеу»/"қайта жүктеу" процесі — ол басқа жазбаның жүгі.

Түптеп келгенде, бұл менің ойым, менің тұжырымым. Әлдебір дәл сол сәтте аса аяулы, асқақ болып көрінген адамға ауырлық салмас бұрын, артты ойлап алған ең дұрыс шешім екеніне өмір көз жеткізіп отыр.
Бөлісу:

51 пікір

Dinara
Махаббатпен, есеппен және ақылмен үйлену дегендерді естігем. Сіз осының соңғысы — ақылмен үйлену дегенді ғылыми тұрғыда толық сипаттап «Ақыл махаббаты» деген жаңа анықтама бергенсіз ғой сонда? Қолданысқа енгізу керек екен :)
Жалпы, ең берік, тұрақты неке ақылмен жасалған неке деп ойлаймын және адам өз сезімін қашан да ақылмен бақылай алуы тиіс деп санаймын. Сол себептен ақыл махаббаты туралы тұжырымыңыз ұнады.
Aizhantabyn
Жаным ау, ессіз махаббаттан күйіп, ақыл махаббатты күтіп жүрген түр мынау((( Осы терминді мен көп жерде айтатын болғам. Блог тұғырларда махаббатсыз тақырып болушы ма еді? Әйтеуір, орайы келсе: «Бір інім айтпақшы, Ақыл-Махаббат»деген бар деп өзімше ақылды боп қалатынымды қайтесің?)))))
Жалпы ақыл-махаббаттың сезім палитрасы да, тереңдігі де бөлектеу сияқты боп көрінеді қазіргі төбемнен, басыма түскен соң түр түсні, сипатын анықтап жатармын.
Пост үшін рахмет! Таң атпай оқып, мәз боп отқан түрім бар))))) лав ю!
e_zhalgas
ақылды махаббат, басқаруға ыңғайлы махаббат, қолбала махаббат, оған енді білімді махаббат дегенді қосайық. мен өз ойымда қаламын, махаббат тек өткен шақта болады, естелік күйінде адамның мыйында өмір сүреді. ал, оны идеалдандыруға тырысқан барлық әрекет, тіпті оған ақылдылық сипатымен әрлеуге ұмтылған, алдын ала өзіңді құзға қарай итермелеу :)
qisyq
Бұл жерде сен жүректегі сезімді айтып тұрған секілдісің. Менің түсінігімде «ақыл махаббатында» қадірге жету, асығыс іске бармау доминант. Ал сенің айтып отырғаның… ия… ол да рас… жалп-жалп еткен сезім тек өткен шақта болғанымен әсерлі. Бірақ, ақыл+сезім формуласы мені құзға итермелеген жері жоқ, керісінше, өте үлкен көмегін тигізуде. Енді, әркім, өзінің өмірімен өлшейді ғой әрнені.
MYRZA
адам жаратылысы солай, заман агымына карай козкарасы да озгерип отыратындыктан, казир кейбиреулер есеппен уйленетини шындык. Бирак есеппен уйленгенде мен ушин шынайы бакытты адам сезине алмайды. Тек озин мен бакыттымын деп алдаркату болады. Махаббат сон уйленуге акеледи егер ол шынайы болса
VKM
Толық қосыламын
aizhan
Қисық дұрыс, оны Қайқаус атаң да "Қабуснама" деген кітабында айтып кеткен:) яғни "ғашық болу — ақымақтың ісі" деген сияқты айтады
qisyq
Қайқаус атаң
атам емес ол:)))))))))
aizhan
жарайды атаң емес, бабаң:)))
qisyq
Ой, мына қыз да… Кесеме қол жалғап жіберші…
AKY
Ақылсыз махаббатқа бой ұрғым келіп жүргені…
VKM
Айгера,қойсай… саған әлі диссертация жазу керек деп,өзімше ол жолдан сені сақтандырмасам:)))
asaubota
келісем. жүректен гөрі миды тыңдаған дұрыс. яғни сана жеңуі керек сезімді.
qisyq
Маған мұның есеп деп жатады. Келіспеймін. Өзімді есеппен емес махаббатпен отбасын құрдым деп санаймын. Бірақ, бәрін ақылға салу керек.
Aya
«Жарайды»-деп, ұнаса, бас иземек,
Жек көрсе, жиіркеніп дірілдемек.
Жүрегіңнің тілі жоқ, ымбалы сол,
Ұғып ал да бола көр соған көмек.
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,
Нәпсі ұнаса болғаны, бәрі бітпек.
Тәуекел деп ат қойып ықтималға
Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.
Шәкерім Құдайбердіұлы. Мақала түйінімен сай келеді. Менікі де…
Zhan
Миды тыңдағанда баяғыда байға тиіп кетер едім, бекер жүрегімді тыңдаппын. :(
Nurgisa
Ғұмырың алда. Шертіп жүріп таңдайсың әлі. Қазаққа ти.
Aldeken
Ақылсыз махаббатты бастан кешіру де бақыт.
Ақылсыз махаббат жауапсыз болмай баянды болса ол да бақыт.
Махаббатты ақылға жеңдіру естілік.
Ал, шынына келсек, бақыт туралы түсініктің біркелкі анықтамасы жоқ.
Әркімнің бақытты болу критерийлері әртүрлі.
Армандап жеткен бақытыңды бағалай білу керек.
Сол себептен, махаббатқа байыппен қараңдар деймін…
Altygradus
сенің жазбаларыңды көптен бері оқымаппын (киносттаннан басқа), сағынып қаппын:) Ақылды інішегім сол:)
qisyq
Жұмысбасты болып, киностанға да жарытып жазғаным шамалы соңғы уақытта:)))
qisyq
Рахмет, Жанна, өзіңнен де «а-ля Гай Ричи» жазбалар күтемін:)
araika
Абайдың он жетінші қара сөзінде «бәрін жүрекке билет!» дегеніне қосыламын. Әміршім де, құлым да — жүрек!
dark_nazgul
Ғалымдардың зерттеуінше, ер адамның әйел адамға деген махаббатының ғұмыры көп болса үш жыл екен. Ол уақыт әйел дүниеге бала әкеліп, ол бала аяқтанып, анасы оны асырау үшін қолы босайтын жасқа жеткенше ғана. Яғни, әкенің миссиясы сонымен аяқталды.
Ал өмір бойы бірге тұрып келе жатқан ерлі зайыптылардыкі бауыр басушылық, үйреніп кетушілік, әдет, саналылық, жауапкершілік, шарасыздық, ешнәрсені өзгерткісі келмейтін жалқаулық, өз өміріне деген немқұрайдылық, балаларына деген сезімі, және, ілуде бір, шынайы махаббат.
Жалпы, табиғатта серігіне адам бір ғана тіршілік иесі бар ау деймін осы. ол Пингвин.
qisyq
ер адамның әйел адамға деген махаббатының ғұмыры көп болса үш жыл екен
махаббат деген, меніңше, кең ұғым. Үш жылға созылатын, сірә, сезім ғана болса керек. «балаларына деген сезімі», «саналылық», «жауапкершілік» секілді факторлар да махаббат деп ойлаймын.
omarbirat
Ғалымдардың зерттеуінше, ер адамның әйел адамға деген махаббатының ғұмыры көп болса үш жыл екен.
Үйленгеніме бес жыл болайын деп қалды :)
VKM
все кончено ма? ;)))
omarbirat
Құдай сақтасын ондайдан :)
meirzhan
Екінші сөз де өтті. +
VKM
Ғалымдардың зерттеуінше, ер адамның әйел адамға деген махаббатының ғұмыры көп болса үш жыл екен
мәссаған… онда тұрмысқа шықпаса да болады екен ғой(Өмір бойы бір-бірін алдау ма сонда?
asaubota
қорықпа олай, еркектерде әр нәрсенің өзінің реті, салты болады. ешкім слишком кетіп қалмайды.
VKM
рахмет, бірақ жутко ғой
слишком кетіп қалмайды.
деген. Жәй кетеді, слишком емес деген)))
asaubota
қалай түсіндірсем екен… еркек ол еркек. жігіттермен қаңғып кету, пибі-сибі, сауна-мауна, ойнау-күлу сияқтылар әлбетте болады, ондай левый жүрістің де әдебі бар ғой. үйде бала-шағаң бар, түнімен қаңғымайсың. және любовница ұстау да әдептен тыс нәрсе.
qisyq
Маликаны одан әрі шошытып алдың ба деп отырмын:)
VKM
хехе)қайдан біліп қойдыңи?))))
asaubota
мен де солай ойладым кейін :)

қыздарға отыратын орындарын одан сайын ыңғайландыра түскендеймін бе, қалай? :)
Nurgisa
айттым ғой, қатыгезсің деп :)) бой бермейсің :)
VKM
түсінген сияқтымын, бірақ қорқыныш жоқ емес))))
Aizhantabyn
лапша, ВКМ))) сенбе)))әкең мен шешеңе қара, өзге де бақытты жұптарға қара. Махаббат бар, ал страсть утихает. Өйткені, соншама адреналинді ағза көтере де алмайды ғой)))
VKM
хехе)Ата-анам дегенде… папамда болады, жігіттермен сыра ішу, засадада болу деп,үйде болмау)))бірақ ұрсысқандарын көрмеппін.Соған қарағанда, махаббаттары норм болса керек)))
Aizhantabyn
махаббат деген әйіліне жабысып отыру деген емес қой)))) Адалдық, сенім, сүйіспеншілік, сыйластық, түсінушілік + что то необъяснимое)))) Өйткені, неге именно сол адамды ұнаттың, басқаға неге көңілің жатпайды деген ойлар мазалайды же))))
qisyq
Страстьқа май құйып, бензин шашып, шырпы тастап, покрышка өртеп күшейтіп тұрса болады:)))))
Aizhantabyn
әрине. Ол жағын енді более опытный сен білесің))) бізді пока теория ғана))
madlen
Түсінемін, бірақ қабылдай алмаймын.
dark_nazgul
О фильме: Любовь стихийна, нелогична, нематериальна. Современная наука, изучающая природу этого явле-ния, обнаружила фантастические изменения в мозге влюбленных людей — влюбленность подавляет ощущение страха, негативные эмоции и критику. Почему у влюбленного человека учащается пульс, дыхание? Исследования биологов указывают на то, что любовь подобна наркотическому опьянению. Химики утверждают, что мы чувствуем любовь благодаря выбросу в кровь определенных гормонов. Однако, и те, и другие признают, что Любовь нельзя объяснить только при помощи науки.

Фильм «Тайны любви» о том, почему из сотен людей мы выбираем одного и готовы пойти на все, чтобы быть с объектом своей страсти. Каким образом это чувство делает нас в одно мгновение таки-ми счастливыми, а в другое бесконечно несчастными. География этого фильма — весь мир.

Рассуждения философов, взгляды представителей разных конфессий, неожиданные предположения антропологов и биохимиков, уникальные результаты многолетних исследований помогут нам при-близиться к разгадке величайшей из тайн.
www.ecology.md/section.php?section=media&id=2771
қайтсе де, ғашық болудың табиғатында біз түсінбейтін тылсымның бары анық)))
ал біз өзіміз түсінбейтін нәрсенің бәрін «лапша» дей саламыз ғой)
patick
Менің Мадлен мен Қалдықызға махаббатым қандай махаббат сонда?
qisyq
Оппа… Эрэгіііс…
neoman
Алып-ұшқан сезімді сәл үйренген соң ақыл махаббатына ұластырып-ақ жүрген сияқтымын. Кейін жай естелік ретінде қалатын болса да, әйтеуір, жоғары нотадан басталғаны күшті ғой
Tyulpan
ақылсыз махаббат деген садо-мазо ма сонда? енді қайғырғысы келсе адамның, адреналин жетіспи ма әлде?.. адреналинді көбінесе адамдар сеиалдардан алат түрііік, корееей, бұрындары бразилиялық деген сияқты тайм-киллерлер. сондағы страстьтардан...
сана сезімнен жоғары болсын дегенмен келісемін.
ademi_alem
Біреулер «нағыз махаббат азабын сезінбесең — бақытсызсың» деп жатады, кім біледі, бәлкім солай да шығар, бірақ маған осылай ыңғайлы. Маған керегі — ақыл махаббаты.
Оң мен солын танып, ақыл тоқтатқан адамдардың көбі осы ойға тоқталатын сияқты ғой түбінде.