Саңырау мен көршісі

Өмер әкей әңгімелері: Саңырау мен көршісі

Құлағы естімейтін бір саңырау кісі болыпты. Бір күні оның көршісі ауырып қалыпты, қал-жағдайын сұрағысы келіпті. Бірақ естімейтін құлағыммен онымен қалай сөйлесемін деп ойланып, бір амал тауыпты:

Мен оның не айтқанын ести алмаймын, ауырып жатқасын дауысы да дұрыс шықпайды. Сондықтан шамамен не деп жауап беретінін алдын ала ойлап, ерні жыбырлаған кезде келесі сұрағымды қойып отырамын деп ойлап, дайындала бастапты.

«Көрші қалайсың» деймін. Ол маған «Жақсымын» деп жауап береді. Сосын «Аллаға шүкір» деймін де оның қандай тамақтар жеп жатқанын сұраймын депті. Ол да маған «шәрбат іштім, ыстық сорпа ішіп жатырмын» деп айтатын шығар. «Ас болсын» деймін де қай дәрігер емдеп жатқанын сұраймын депті. «Пәленше дәрігер емдеп жатыр» деп айтады, сосын мен «Иә, ол жақсы дәрігер. Тез сауығып кетесің» деп айтармын депті.

Осылайша іштей дайындалып алып, көршісіне барыпты:

— Қалайсың көрші?
— Жағдайым өте жаман, өлейін деп жатырмын.
— Аллаға шүкір болсын.

Бұл сөздерге науқас көршісі ызаланып кетіпті.

— Қандай тамақтар жеп жатырсың?
— У ішіп жатырмын!
— Ас болсын, — депті саңырау адам. Бұған көршісі қатты ашуланса да қатты білдірмепті.

— Қай дәрігер емдеп жатыр?
— Кім болсын, Әзірәйіл да!!!
— О! Ол деген керемет дәрігер ғой, дұрыс болған екен, — депті…

Басқа біреулердің алдын ала ойын оқу, олар үшін алдын ала жауап беру, дымда қылмайды деп жүре беру адамдарды ренжітуге себеп болады. Біздің жолымыз — ешкімді ренжітпеу және ренжімеу жолы, ұлым.
Бөлісу:

23 пікір

Nurgisa
Мықты мысал екен.

P.S. «Ренжімеу жолы, ұлым» боп жазылуы керек сияқты…
asaubota
түзетіп қойдым :)
Nurgisa
«дымда қылмайды деп жүре беру» деген сегментте «дым да» деп бөлек жазылмайды ма екен? Ақыры кіріскесін…
asaubota
оған қарайтын болсақ, барлық жерін өзгерту керек болады. :)
Bekjan
Автордың кәсіби тіл маманы еместігін ескере отырған жөн… :)
Nurgisa
Иә, ол да рас. Әйтпесе, мысалы, «Кім болсын, Әзірәйіл да!!!» емес, Кім болсын, Әзірәйіл дe деп жазылу керегін білмейді емес, білетінін білетінімізді білмейді емес, біледі автор…
Gastarbaiter
Кім болсын, Әзірәйіл та! -деген версиясы да бар, батыс орфоэпиясында.
Bekjan
Сосын ана қыз бен жігіттің суреті «тақырыпсыз» болып тұр ма деймін… Осы жерге жаза кетейінші, пікір жазған адамдарға, жазуларында кеткен қатені түзету құқығы берілсе жақсы болар еді… :)
Abilakim
қыз бен жігіттің көрші және біреуінің саңырау болуы әбден мүмкін ғой.
asaubota
ана қыз бен жігіттің суреті «тақырыпсыз» болып тұр ма деймін

мақала саңыраулық туралы емес қой, сондықтан сурет ке реніш тақырыбы таңдалды :)

пікір жазған адамдарға, жазуларында кеткен қатені түзету құқығы берілсе жақсы болар еді

пікір өзгертілмейді, қай жерден көрдің пікір өзгертілгенін?

«Кім болсын, Әзірәйіл да!!!» емес, Кім болсын, Әзірәйіл дe деп жазылу керегін білмейді емес

Ақтөбе жақта алдындағы сөз жіңішке дауысты буынмен аяқталса да «ДА» деп айта береді. Атырау жақта да солай, Оралда да :)

интернеттен бұл туралы нақты ештеңе таба алмадым, бірақ ақтөбелік жазушы А.Мұратұлы және дәруішөлгендік С.Кербабаевтың шығармаларын оқыған шығарсыздар.
Nurgisa
Айта беруін айта береді ғой. Жарайды, қан-жоса боп қайтеміз, келтірген мысалың сөзсіз көп ой салады! Рақмет ықылас танытып, аударып, бөліскеніңе! :)
omarbirat
Бұрын осы түрік тілі сабағында оқығанымыз есімде. Әлде сабақтан тыс оқыдым ба екен…
asaubota
сабақтан тыс мүмкін «абилердің» үйіне барған шығарсың :)
Nurgisa
Әбилері «пикник» печеньесімен, «түрік шәйімен» күткен болуы әбден мүмкін… :)
omarbirat
Абидікіне рэп тыңдаймыз деп «тейп» сұрау үшін ғана баратынбыз :)
asaubota
рап мүзик па? хехе :) басқа ештеңе тыңдатпайтын ба еді «тейптен»? :) мүмкін сендерге түсініксіз кітаптар оқыған шығар. қорықпа, есіңе түсіріп көр. сен жалғыз емессің :)
omarbirat
РАП тыңдаймыз деп айтпайтынбыз әрине. Сол «рап мүзик» үшін «Труба» джинсы мен «Адидас» қара кепка киюге (рапчыларымыз күнқағарын теріс қаратып киетін :)) тыйым салынып еді бір кездері :)
Nurgisa
Бізде бірде өткен ән мүшайрасы есіме оралып отыр. Біздікілер, арап тіліне машықтандыратын шығыстану және қыздар, жиыны үш лицей арасында өтіп еді. Сонда әлгі рэп стилінде ән айтамын деушілерді тәрбиелеуші ағалар ынталандырушы еді тіпті :)

Ал Омеке неше түрлі "өмір жайында" Өмек әкейдің сан қилы әңгілемелеріне қанық болғанын айтыңқырамай тұр-ау, ә :)
KILYZAMAN
Өмер әкейдің түйіні:
Біздің жолымыз — ешкімді ренжітпеу және ренжімеу жолы, ұлым.
— қыйын да болса, ойда жүретін нәрсе екен.
a63a1
Саңырауға ассалау десең атаңның басы дейді
Aldeken
дер кезінде қазып алынған пост екен…