Сіз қалай ойлайсыз?
Осы бүгін басыма бір ой келді. Абай жолын оқып отырып келген ой. Сондағы Бөжейдің дүние салуы. Ұзақ емес, бір-ақ жұма ауырып қайтыс болған Бөжейдің ақырғы сөзі. Суық хабарды жеткізу. Жан-жақтан ағылған ағайын. Қорсылдап жылаған еркектер. Өкіріп-өксіп жыласып жатқан қатындардың дауысы. Арадағы араздықты ұмыту. Жаназаға дайындық. Қара жамылған үйдің ішкі атмосферасы… Бәрі-бәрі мені бір ойға жетеледі: мен өлсем не болады? Артымда не қалдырдым? Алдымда не күтіп тұр?..
Біруақ ажалды ойлап тұрған адам тәубешіл болады, игі жақсылық жасауға дағдыланады.