Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?

«Атаңа нәлет! Мә саған, шал! Жаңа жыл біздің мейрам емес!» деген жазуы бар суретке лайк басқан соң Ақкүләнда шешесінің шырылдап жатқан телефонын алды: — Сізді де құттықтаймын. Жаңа жыл құтты болсын! Үйге келмедіңіз бе? Дастархан жасап қойдық. Мәсной салат...
Қазақта Жаңа жыл мерекесінің қалай тойланатыны, қанша бөтелке ішілетіні, қанша ішіп-жемі ысырап қалатыны белгілі нәрсе. Орысың қалай тойлайды екен? Бұл да түсінікті. Ендеше, глобусты шыр айналдыра отырып, басқа елде бұл мерекенің қалай тойланатынын оқып көрейік.
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Финдықтар жаңа жыл кешінде балауыз арқылы болашақты болжайды. Әуелі сұрақ қояды. Ерітілген тамшысын суға тамызып, пайда болған су бетіндегі бейне арқылы болжам жасайды. Ал дәстүр бойынша дастарханда алхоры киселі мен тәтті күріш ботқасы болуы керек. Біз де ет аспай жаңа жылдық дастарханға жайғаса алмаймыз ғой. «Айй ааазз ааа тааа!» деп шулайтын біз ғой. Ал финдықтар Аяз атасын «Йоулупукки!» деп шақырады екен. «Рождестволық ешкі» деген мағынаны мыңқ еткізеді. Йоулупуккидің сыйлық толы арбасын ешкі сүйрейді екен. Финдықтар бұл атаны мейірімді, барлық тілектерді орындаушы деп түсінеді. Тіпті, сыбырды да естиді-міс. Айқайлап айтатын болса, жындар естіп қойып, тілектер орындалмай қалуы мүмкін екен.
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Жоқ, бұл соғысқа аттану емес. Бұл — шотландықтар. Олар Жаңа жыл мерекесін Хогмани деп атайды. Біздің халық аспанға салют атып жатса, бұлар бөшкелерді қарамаймен жағып, көше бойымен дөңгелетіп жібереді. Бұл дәстүр Жаңа жылды шақыру екен. Наным-сенім бойынша жанып жатқан бөшкелерді күн деп түсінеді екен. Теңізге тастаған соң оны мекендеушілерге жарық пен жылу сыйлайды-мыс. Сонымен қатар су апатынан аман боламыз деп сенеді. Ал екінші ырым бойынша от жын-періден қорғайды. Шотландықтардың ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі тағамдары бар. Мәселен, жаңа жылдық таңғы асқа сұлы шелпегін, пудинг пен ірімшіктің ерекше сорты — кеббенді дайындайды. Ал түскі және кешкі асқа пісірілген қаз немесе бифштекс, алма қосылған бәліштерді әзірлейді.
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Испанияда ескі дәстүр бойынша жаңа жыл кешінде әр адам 12 жүзім жеуі керек. 12 жүзім болатын себебі жылдың он екі айын білдіртсе керек. Негізі, жүзімнің дәстүрге енуі тегін емес. 1908 жылы жергілікті фермерлер жүзім арқылы пайда табуды бастады. Бүгінде дүкендерде неше түрлі құтыда түр-түрі сатылады екен. Сонымен қатар тағы бір жаңа жылдық дәстүр бар. Киім кию. Бізде түн аяз болатындықтан сыртқа күрте киіп шығамыз ғой. Ал бұлар қызыл түсті іш киім киюі керек екен, жаңа жылың құтты болғыр. Қызыл түс істің сәтті болуына, финанстың «тәтті» болуына көмектеседі-міс. Айтпақшы, жүзімнің суретін енгіздім. Өзіңізде бар дамбалдың суретін қайтесіз!?
Оcылай екен...: Жаңа жыл: Кім қалай тойлайды?Вьетнамда жаңа жылды 21 қаңтар мен 19 ақпан арасында тойлайды. Жаңа жылды тет деп атайды. Мұнда шырша, әппақ қар болмайтындықтан, ерекшелік тырманы безендіреуде болады екен. Ырымы өте жақсы безендірсе, бақыт пен байлықты тырмалауға болады деген түсінікке жақын. Аяз атасы Тао Куэн деген кейіпкер. Оны үй ішінің періштесі дейді. Ол айдаһарға айналып шығатын тұқымен көкке ұшады екен. Аспан әміршісіне адамдардың жасаған жақсы амалдарын жеткізеді-міс. Вьеатнамдықтар жақын маңда орналасқан өзен-көлге тірі тұқыны тілектерін сыбырлап айтқан соң жібереді екен.
Жаңа жылда шыршаны безендіру дәстүрі Германияда сонау орта ғасырда пайда болған. Немістер Санта Клаусты есек мініп келеді деп түсінеді. Сондықтан кебісіне шөп салады. Ал Берлинде Бранденбург қақпасының алдында жүз мыңдаған адам Шығыс пен Батыс Германияның қосылуы үшін тілек тілейді.

Біздің жастарды Англияға жіберетін. Себебі ол жақта қоңыраулар түнгі сағат он екіні соққанда ләйлі-мәжнүндер омела бұтағының астында сүйіседі екен. Жыл бойы сүйісуге уақыт таппағандай. Жалпы, қоңыраулар түнгі он екіге дейін соғыла береді. Тек оларды жай естілуі үшін көрпемен орап қояды. Өз уақытында ғана ағылшындар көрпелерді алып тастайды. Ал Британ аралдарында тұрғындар үйінің артқы есігін ашып қояды екен. Жаңа жыл келді деп сағат он екіні соққанда үйдің кіреберіс есігін ашады.

Швеция ХІХ ғасырда бірінші болып әлемге шыныдан жасалған шырша ойыншықтарын сыйлаған еді. Олар Жаңа жыл мерекесінде үйдің жарығын өшірмейді екен. Сонымен қатар барлық көшені жарықтандырады.

Француздар бұл мерекеде бәліш пісіреді. Бәліштің ішіне бір түйір ірі бұршақты (боб) салады екен. Кімнің жеген бәлішінен шықса, жаңа жыл кешінде сол адамның бұйрығына бәрі де бағынады екен.

Жапондықтар Жаңа жыл мерекесінде жаңа киім кию дәстүрін енгізген болатын. Олар мерекенің алдында тырма сатып алады екен. Вьетнамдықтар секілді бақыт пен байлықты «тырмалайтын» көрінеді. Бұлар Жаңа жылды 1 қаңтарда тойлайды. Есіктің алдына бақыт әкеледі деп бір байлам сабанды іліп қояды. Бұл ырым жын-сайтанның үйге кіруінен сақтайды екен. Жаңа жыл басталысымен-ақ жапондықтар шулықтар секілді күле бастайды. Күлкі жаңа жылда бақыт әкеледі деп түсінеді.

Еврейлер жаңа жылды Rosh Hashanah деп атайды. Бұл күн олар үшін қасиетті. Олар ең бірінші кезекте күнәларын еске алып, осы жаңа жылда жақсы амалдармен жоямын деп уәде береді. Балаларға жаңа киімдер сыйлайды. Нан пісіріп, неше түрлі жемістерді жейді.

Италияда жаңа жыл 6 қаңтарда басталады. Наным бойынша бұл түнде сиқырлы сыпырғышпен мейірімді Фея Бефана ұшып келеді екен. Ол «келіншек» үйге есіктерді алтын кілтімен ашып кіреді екен. Камин қасында ілініп тұрған балалардың шұлықтарын сыйлыққа толтырады екен. Сабағын нашар оқып, бұзықтық жасаған балаларға Бефана бір шымшым күл мен көмір салып кетеді екен. Ал Аяз атасы Баббо Натале екен. Итальяндықтар жаңа жыл кешінде терезеден ескі заттарды лақтырады екен. Неғұрлым көбірек лақтырса, жаңа жыл сондай байлыққа кенелтеді деп түсінеді. Ал ауыл жастары жеребе тартады екен. Нәтижесінде қыздары байсыз, жігіттері қатынсыз қалмайды.

Ал Австрияда жаңа жылдық сыйлық пен құттықтаудың қарапайым дәстүрі сонау XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында тарала бастаған екен. Қазіргі таңда бір-біріне неше түрлі шағын мүсіндерді сыйлайды. Пошталық ашық хат арқылы бақыттың символы болатын мұржа тазалаушы, төрт жапырақты бедені немесе шошқаның мүсінін сыйлайды. Жаңа жыл берекелі болуы үшін 31 желтоқсанда мол дастархан жаяды екен.

Брабант пен Батыс Фландрияда… Иә, мұнда бұл мерекеде патша сайлау дәстүрі бар. Арнайы 16 корольдық ашық хат (Koningsbriefs) жасалынады. Бұл ашық хаттарға сарай адамдары мен қызметшілерінің суреттері бейнеленеді. Ал ауылдық жерде мұндайды қолдан жасайды екен. Қатысушылар тәуекел деп бір-біреуден таңдап алады. Сөйтіп, таңдалған патша мен ханым кешті басқарады. Екеуінің іс-әрекеттерін қалғандары қайталайды.

Ұлыбританияда қызық дәстүр бар екен. Түн жарымда үйге ер адам кірсе, демек, сәттілік әкеледі екен. Бірақ кірген еркек сыйлық ретінде ақша, нан немесе көмір беруі керек. Құдай сақтасын дейді екен. Ашық түсті шашы бар адамның, жирен шашты адамның үйге кіруінен сақтасын дейді. Мүлдем әйел адам кірмеуі керек. Бақытсыздық әкеледі. Сонымен қатар адамдар Трафальгар алаңына Биг Беннің дыңылын есту үшін жиналады екен.
Жаңа 2015 жыл құтты болсын, оқырман! Жаңа идеялар мен жазбаларға, жаңа жобаларға толы жыл болсын! Мінеки, мен де жаңа 2015 жылдың алғашқы жазбасына нүктемді қойдым. Көп нүктемді…
Әрі қарай

Армандарға оралу

Барлығымыз бала кезде армандадық. “Өскенде кім боласың?” десе әрқашан жауабымыз дайын. Арман демейміз, дәл солай болатынына кәміл сенетін едік.

Кейін өсе келе бәрі бос қиял екендігін мойындадық. Мектеп қабырғасында, жоғарғы сыныпта өзге арман, мақсаттар пайда болды. Бұл мақсаттарымызда отансүйгіштік сезім басым, “ертең еліме қызмет етем” деп ойламаған оқушы жоқ шығар.

Өкініштісі, студенттік шақта, оқу бітіргенде бұл мақсаттардың быт-шыты шығады. 4 жыл біреулерге ойын-күлкімен, екіншілерге қосымша жұмыс істеумен өтеді. Бас алмай оқығанмен елімізде ЖОО-ң жағдайы мәз емес. Бітірген соң, жұмыс таппағандар не ауылына қайтады, не уақытша өзге жұмыстарға орналасады. Немесе магистрға түседі Әйтеуір, әркім бұйырған жағына барып, жаңа өмірге аяқ басады. Бұл кезде тек ақша табуды ойлайтынымызды жасырмайық. Себебі, ақша жетіспейді. Үй керек, үйлену керек. Болашағыңа алаңдайсың. Сондықтан, өзге ойларды ысырып қойып, ұнасын-ұнамасын таңнан кешке дейін барың салып жұмыс істейсің. Бұл жағдай әрбір жігіттің басынан өтті десем артық болмайтын шығар.

Күндердің күні түбі шамалы реттеледі ғой бәрі. Тәжірибе жинақтайсың, әр нәрсеге өзіндік ұстанымың пайда болады. Өзіңе деген сенімің нығая түседі. Міне, осы кезде(әлбетте, оған дейін де) мектепте қалып кеткен армандарға оралу керек.

Бүгінде елге қызмет етуді қалай түсінесің?
Бұрын өз-өзіңе қандай уәде берген едің?
Бұрынғы мақсаттарыңның қайсысын бүгінгі таңда жүзеге асыра алар едің?
Өзің жасамасаң да неге келесі буынға көрсетпеске?

Бұл замандастарыма жай ғана еске салу болған. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” дейді. Қазір ең керемет кезең. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Ізденген адамға мүмкіндік, еңбек еткенге кәсіп көп. Десекте, дүние алма кезек, ертең не күтіп тұрғаны белгісіз. Еліміздің жарқын болашағы үшін қолымыздан келгенін жасаудан аянып қалмайық! Істеріңізге сәттілік. Елге қызмет етейік!

http://erekeenu.wordpress.com/
Әрі қарай

"Қазақстан қалалары" онлайн ойын

Желтоқсанның 21-22 күндері Астана қаласында ұйымдастырылған Астана Интернет Форумында қазақ тілді интернет жасаушылармен кездесуде Бақытгүл деген әріптесіммен кездескенімде біраз дүниелер үйренген едім. Оның бірі онлайн ойындар жасау. Мамандығым сай “Қазақстан қалалары” атты ойын жасаған болдым бұл менің www.purposegames.com сайтында жасаған бірінші ойыным артық кемі болса дұрыс пікірлер қалтырарсыздар. Сіздерге де әріптестер сабақтарыңызда қолдану үшін жасауларыңызға болады. Бұл сайт арқылы танымдық сұрақтар жасауға өте қолайлы екен. Сонымен сілтемеге өтіп мен жасаған ойынды ойнап көріп еліміздегі қалаларды қаншалықты білетіндеріңізді сынап көріңіздер.

Мына сілтемеден өтіп ойнап көріңіздер Сосын қанша пайыз білгеніңізді пікір ретінде жаза отырыңыз. Картада қала орындары сәл тайып кету мүмкін оны түсіністікпен қарарсыздар. Карта кішкене болғандықтан.
Әрі қарай

Бүгінгі білімді студент

Қүрметті достар, сіздерді 14.03.2012 сағат 11-00 де болатын «Бүгінгі білімді студент — ертеңгі білікті маман» атты зияткерлік сайысты тамашалауға шақырамыз. Сайыстың мақсаты: Студенттердің тәуелсіздігіміздің тұғырына деген сенімін арттырып, Еліміздің болашағы білімді жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқу бағдарламасынан тыс танымын толықтыру. Зияткерлік санасын жан-жақты дамыту. Елінің, жерінің ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру. Мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңіту. Тарих көшінде көшпенді халықтың ұлттық құндылықтарын, тарихи болмысын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сол қалпында сақтап, жастардың санасында, рухында дағдарыс болмасын деген ұранмен, олардың бірлікке, жарқын болашаққа талпынысын іс жүзінде насихаттау. Болатын жері: Алматы қаласы, қалалық №4 кітапхана, Абай даңғылы 141-үй (Жароков көшесінің қиылысында)
Әрі қарай

Елдер мен жерлер туралы қызықты мәліметтер

1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.

4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

6. Ыстық су салқын судан ауыр.

7. Кавказда қарбызды тұздайды.

8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.

9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.

10. Қыста ағаш өспейді.

11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар

12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.

13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

15. Ұлыбританияда конституция жоқ.

16. Ең суық астана – Улан-Батор.

17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

18. Рим атты қала барлық континентте бар.

19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.

20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.

21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

24. Вашингтонда адамнан телефон көп.

25. Малайзияда жол полициясы жоқ.
Әрі қарай

Қазақтың қайсар ұлы Тәшенов

Еліміздің тарихында ел үшін керемет еңбек сіңірген азаматтар көп болған. Қазақ батырлары әсіресе жер мәселесіне келгенде жанын берген. Солардың арқасында осындай ұлан ғайыр жерге ие болып отырмыз. Осындай бабаларымыз секілді қазақтың тулақтай болсын
Әрі қарай

Дүние жүзі қазақтары құрылтайы Астанада өз жиынын бастады


Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы-Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы басталды.

Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы алғаш рет тәуелсідік ағаннан
Әрі қарай

Оралманның арманы.

Өткенде Намыс.кз сайтынан мынадай Атамекенге келіп «арманыма» жеттім атты мақала оқып өзімнің ойымды жазуға ұйғардым.

Моңғолиядан ұстаз, қазақтың ән-күйінің жампозы Бүркітбай дейтін ағай көшіп келді. Бір күні мектепте 3-4 мұғалімнің басы
Әрі қарай

Қазақтай ел қайда?!

Қазақтай ел қайда
орындайтын: Музарт тобы

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда.
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!
Әрі қарай