Армандарға оралу

Барлығымыз бала кезде армандадық. “Өскенде кім боласың?” десе әрқашан жауабымыз дайын. Арман демейміз, дәл солай болатынына кәміл сенетін едік.

Кейін өсе келе бәрі бос қиял екендігін мойындадық. Мектеп қабырғасында, жоғарғы сыныпта өзге арман, мақсаттар пайда болды. Бұл мақсаттарымызда отансүйгіштік сезім басым, “ертең еліме қызмет етем” деп ойламаған оқушы жоқ шығар.

Өкініштісі, студенттік шақта, оқу бітіргенде бұл мақсаттардың быт-шыты шығады. 4 жыл біреулерге ойын-күлкімен, екіншілерге қосымша жұмыс істеумен өтеді. Бас алмай оқығанмен елімізде ЖОО-ң жағдайы мәз емес. Бітірген соң, жұмыс таппағандар не ауылына қайтады, не уақытша өзге жұмыстарға орналасады. Немесе магистрға түседі Әйтеуір, әркім бұйырған жағына барып, жаңа өмірге аяқ басады. Бұл кезде тек ақша табуды ойлайтынымызды жасырмайық. Себебі, ақша жетіспейді. Үй керек, үйлену керек. Болашағыңа алаңдайсың. Сондықтан, өзге ойларды ысырып қойып, ұнасын-ұнамасын таңнан кешке дейін барың салып жұмыс істейсің. Бұл жағдай әрбір жігіттің басынан өтті десем артық болмайтын шығар.

Күндердің күні түбі шамалы реттеледі ғой бәрі. Тәжірибе жинақтайсың, әр нәрсеге өзіндік ұстанымың пайда болады. Өзіңе деген сенімің нығая түседі. Міне, осы кезде(әлбетте, оған дейін де) мектепте қалып кеткен армандарға оралу керек.

Бүгінде елге қызмет етуді қалай түсінесің?
Бұрын өз-өзіңе қандай уәде берген едің?
Бұрынғы мақсаттарыңның қайсысын бүгінгі таңда жүзеге асыра алар едің?
Өзің жасамасаң да неге келесі буынға көрсетпеске?

Бұл замандастарыма жай ғана еске салу болған. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі” дейді. Қазір ең керемет кезең. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Ізденген адамға мүмкіндік, еңбек еткенге кәсіп көп. Десекте, дүние алма кезек, ертең не күтіп тұрғаны белгісіз. Еліміздің жарқын болашағы үшін қолымыздан келгенін жасаудан аянып қалмайық! Істеріңізге сәттілік. Елге қызмет етейік!

http://erekeenu.wordpress.com/
Бөлісу:

28 пікір

bake
-Бүгінде елге қызмет етуді қалай түсінесің?
-Азаматтық т.б. кодекстерді бұзбау. Заң төңірегінде қызмет істеу. Ата -бабамыз барын ұмытпаумыз керек. Ертеңгі, бүгінгі, өткенді жалғастыратын біз. Сұрақтар қойып оған дұрыс жауабын таба білейік.
-Бұрын өз-өзіңе қандай уәде берген едің?
-Инженер -механик, программалаушы болмамын деп. Космонавт боламын деген емеспін.
-Бұрынғы мақсаттарыңның қайсысын бүгінгі таңда жүзеге асыра алар едің?
-Кәсіп құру. «Капиталды» және «Макроэконмика» кітабын 8 класта оқып шыққанмын. Әлі де мақсатымнан
тайынған жоқпын. Ауыл шаруашылығынан пайда қалай көбірек түсіруге болады деген сұрақ күнде мазалайды.
Өзің жасамасаң да неге келесі буынға көрсетпеске?
-Полиглот болыңдар, тіл білу -әлем кілті демекшімін. Естігеннен гөрі өзің естіп біліп, ой елегінен өткізіп шешім қабылда. Қазіргі ата -аналарға ұл балаларын оқытуға көңіл бөлсін деймін. Қыздардың, әйел құқығын төмендеткен есмеспін. Ұлдар, әкелер күш иесі — білімен еселенсе, қол шеберлігі ғылыммен бекісе түзу жолдан таймаймыз.
ereke_enu1
Кәсіп ашқан жақсы ғой. Ауылшаруашылығының қай саласы: егіс өнімдері ме, әлде, мал шаруашылығы ма? Біз жақтыкілердің депозиті — мал. Ақшасы болса, жылқы сатып алып, соны көбейтеді. Гектар гектар қауын егетіндері де бар. Бұрын кәсіп ашу тақырыбен ауыратын едім. «Комп. услуги» саласында кішігірім кәсібім болған Оңай емес екен. Қазір қызығушылық басқа салада. Айналысқан соң тек «по крупному» жасау керек деген ойдамын. Және батыстың бизнес моделі бізге келе бермейтін ескеру қажет.
bake
екеуі және үшіншісі құс өсіру. Саладағы тәжірибем туралы кейін жазар жатармын. Негізі жылқыдан «жабағы» тұқымын өсірудеміз, негізгі ЖШС… жуықпыз. Жеке қазан болған дұрыс. Бәрін ашып айтатын емес орынсыз. Үлкен кәсіп деген дұрыста шығар, кішкентайынан да бас тартпаймыз))
ereke_enu1
Керемет! Кәсіптеріңіз дами берсін. Жануар, құс асырау деген күшті ғой. Маған сиыр ұнайды. Астанаға келген жылдары жатақхананың жанындағы газонғы бұзауларды жайса деп ойлайтын едім)) Ашыққан күндері подпольный тауық асырау бизнес моделін құрған да кездер болды. Қалжың әрине)
Соңғы түзету:
MamaAya
 Егер мен жігіт болсам : 1) Теплицада көкеністер өсірумен; немесе 2) Мал базарларынан арзан арық малдар алып оны семіртетін жай ұйымдастырып, семіртіп еттей арнайы орындармен келісіп өткізумен айналысар ма едім? теплица мен қатар консервный завод жасап алсаң ваще жақсы деп ойлаймын, өтпегенінін тұздап банкаларға жаптырып (сапалы болуы керек, дамуы үшін) дүкендерге, сауда орындарына шығарсаң… жақсы сияқты, былай…
bake
Консерва шығаратын зауыт жаман идея емес, Түтінге қақтап өткізгенге қол жекізсек. Әзірше идеялар рейтингісін жасай берейін, мүмкін қажетке жарап қалар.
Соңғы түзету:
MamaAya
Және 1 идея бар, «Боза»- деген ұлттық сусынымыз бар ғой, соның жасалу технологиясымен танысып, оны да іске асырса, көптеген энергетикалық сусындар мен газдалған қышқыл айранның (тандем) қасында қайда пайдалы сусын болар еді, түсетін кірісі де қанағаттанарлық, себебі оған кететін шикізатқа аз қаржы кетеді, ал дайын өнім оншалық арзан нәрсе емес…
007
Осы орайда «барлығыда инженер, косманавт боламыз деп армандап сантехниктің оқуынна тапсырып артынан ішіп кетіп жатқанда мен ештеңені армандамай өстім бірақ артынан менде ішіп кеттім» деген Сатекеңнің сөзі еріксіз еске түсті......
ereke_enu1
Сатекеңді көретін күн туар ма екен?! Аңыз болды ғой…
007
Ақтөбедегі пиянщиктер жиналатын асханаларға анда -санда тамақ ішуге бас сұққанда (студент болғасын арзан жер іздейсіңғой енді) жан — жағыма қарап отырам кездейсоқ Сатекеңді көріп қаламба деп
Sashok
Сатекең Астананы шаңдатып жүр.
ken
солай ойлайсың ба, сіңілім?
Sashok
Фейсбугі «Сатыбалды Кербабаев сказал.… возле Астаны» деп қай жерден жазып отырғанын білдіртіп қояды. Сенбесең, фейсбугін қара, қарындас.
Соңғы түзету:
007
@ ereke_enu1 көріп қалар мүмкіндігі бар екен
ereke_enu1
Блог жазуды үйреніп жүрмін. Жазбаларымды аямай сынап-сынап тастайтын майталман кісілер болса, сабырмен қабылдап, әр сыннан өзіме сабақ алуға тырысатыныма уәде беремін
007
аямай сынға ұшырағаннан кейін қашып кетпейсіңбе мыналар сияқты
ereke_enu1
Қашып кетуге лайықты себеп көріп тұрғам жоқ. Мен жазу стилімдегі қателіктерді көрсетуімді сұрап тұрмын ғой. Өзім түк білмеген соң, білгендерге құлақ асамыз да
bake
сын да, тіке -тірестікте болды, кішігірім қоғам. Сынайды, бағытын айтады. Қалғаны өзіңнен
Ispek92
қой, бауырым ол кісі(қыз) жүр ғой. Көтере білетіндердің қатарынан екен, онысына рысбек
007
сол қыздың твит оқырмандарының сол жердегі пікірін көрмедіңбе? 2-3күн бұрын фбда жарияланған, мен соларды айтып отқанымғо
Ispek92
Оларды көрмедім, бро. Солай болса солай-ау, өзінің жеке вордпресстік блогы бар екен, сын көтере алатындардың қатарынан секілді. Сосын 1995 жылдың тумасы екен қателеспесем, жас қыз ғой әлі…
Ispek92
Мен ес жиып, арман қуғанымда мектеп бітіргенімше футболист боламын деп армандадым, оның мынау қарғыс атпағыр Қаззақ елінде арманға жатпайтынын білді ме десеңші, жезөкше қиял. Қазір жүрміз бұйыртқаны болар деп, мамандығым инженер-гидротехник, жалпы армандаған дұрыс…
ereke_enu1
Әшейін доп қуып жүріп қырғын жалақы алатындарына ішім ашиды солардың
007
менің мамандығым психолог бірақ менің ойыма бұйыртқаны болар дегенде ой келіп жүрген жоқ… сол ештеңені ойламай жүріп Сатыпбалды көкөміз сияқты ішіп кетермізбе кім білсін.......
MamaAya
 қойшы олай етпе! Күшті бизнес план жасап берейін бе?
temir1986
Мені тер илеу қызықтырып жүр. Сосын өткендегі аяқкиім тігетін қазақ кәсіпкерінің тірлігі. Алайда мамандығым басқа салада. Енді мал жинап жатырмын аздап. Осыған дейін селкілдеп жүре беріппін
MamaAya
 кез келген малдың терісі бола бере ме негізі? сапалы аяқ киім оның қай жануардың терісі екендігіне байланысты ма әлде терінің иленуіне байланысты ма? тігуінен басқа…
temir1986
Аяқкиімнің түрлі бөліктеріне түрлі тері қолданылады. негізінен сиыр, қой терісі аяқкиімнің үстіңгі бөлігіне. Түйе терісі аяқкиімнің ұлтанына. Шошқа терісі де қолданылады. Сонымен бірге итттің, қасқырдың терісінен қолдан тігілген унты тәрізді аяқкиімдерді көрдім. Ең басты сапа терінің өңделуіне байланысты. (Тері илеу технологиясы деген кітеб бойынша)