Дүние жүзі қазақтары құрылтайы Астанада өз жиынын бастады


Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы-Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы басталды.

Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы алғаш рет тәуелсідік ағаннан кейін 1992 жылы I құрылтай өткен еді. Бүгінде әлемнің 40 шақты елінде 5 миллионға жуық қазақтар тұрады. Отандастарымыздың 1 миллионнан астамы Ресейде өмір сүріп жатса, Өзбекстан елінде 1,5 миллион қазақ бар. Дәл осыншама қазақ Қытайда ғұмыр кешуде. Моңғолия, Иран, Ауғанстан елдерінде де мыңдаған қандастарымыз бар. Ресми мәліметтер бойынша, соңғы 20 жылда тарихи Отанына 800 мың қазақ көшіп келді. Ол еліміздің демографиялық жағдайына және қазақ ұлтының мәселелерін шешкені рас. Бір қуантатыны биылғы құрылтайға әлемнің 35 елінен 350-дей қандастарымыз еліп отыр, келгендердің көпшілігін жастар құрайды.
Намыс.кз сайтында жарияланған мына мақалада кезінде көші — қон басы қасында болған Тоқсанбаев Марат аға ҰЛЫ КӨШ жайлы былай дейді. 1991-92 жылдары көш Моңғол елінен басталды. Осы жылдары Бай-өлке мен Қобда аймағына 3500-ден астам «Камаз» автокөлігі барып, көшіп келушілердің жүгін тиеді. Адамдарды ұшақпен Өскеменге тасыдық. Күніне 10 рейс 90 күн тоқтаусыз тасыдық. Қазақстанның әр облыс, аудан, совхоздардан адамдар барып, Баян-Өлкеден шарт жасап, адамдарды әкетіп жатты. Қиындық көп болды… Адамдарды ұшақпен тез жеткізсек, жүктері «Камазбен» 10-15 күнде әрең келіп жатты.

Баян-Өлкеге келген жапон туристері: «Бұл не? Елді неге көшіріп жатырсыңдар?» деп, таң қалады. Жапондардың түсінігінде соғыс зардабы, экологиялық апат, т.б. болмаса елдің жаппай қопарылып көшуі ақылға сыйымсыз екен.
Осындай жағдайда «Бүкіл әлемнің қазақтары бірігңдер» дегенне басқа сөз жоқ.

Сурет baq.kz алынды.
Бөлісу:

13 пікір

VKM
Елбасының баяндамасын мен теледидардан қарадым.
izbasar
Йә, жақсы сөздер айтылды.
chimaq
Qutty bolsyn,satti bolsyn..........!!!
izbasar
амин. «Бүкіл әлемнің қазақтары бірігіңдер»
KILYZAMAN
Біраз қордаланып қалған мәселелер шешімін табар мүмкін. „Миграция„ жайындағы заңдыда қайта қарауды сөз қылғандай болды ғой…
Алғашқы сөз Қазақстан Президенті және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Президенттің айтуынша, соңғы жиырма жылда шетелдерден 1 миллионнан астам этникалық қазақ көшіп келген. Енді Көші-қон туралы жаңа заң қабылдау арқылы шетелдегі қазақтардың отанына оралу үдерісін жеделдету жоспарланып отыр. Бұл құжат қазір Парламент қарауында.

«Бұл қандастарымыздың құжат тапсырудағы, тіркеуге тұрудағы, азаматтық алудағы кездесетін түрлі кедергілерді жоюға тиіс. Бұл орайда мына нәрсені қаперде ұстаған жөн. Сіздер ойламаңыздар, көшіп келгендердің бәріне жұмыс беріп, үй беріп, қаржы беріп, қопарып алып келетін жағдайымыз бар деп. Олай емес».

Елбасы шетелдегі ағайындарды көшіру үшін жылына 20 мың квота бөлінетінін ескертті. Ал, өз еркімен көшіп келемін дегендерге есік айқара ашық. Әсіресе, шетелдегі қазақ жастарын елді дамытуға үлес қосуға шақырды. Тіпті, олар үшін Қазақстанның жоғарғы білім ордаларында грант бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. Құрылтайға қатысушылардың айтуына қарағанда, қазір кейбір көрші елдерде қазақ мектептері жаппай жабылып жатыр. «Ал, құзырлы органдар бұл жағдайға бейжай қарап отыр» дейді Ресейдің Алтай аймағынан келген қандасымыз.
дереккөзі
KILYZAMAN
Нұрғайша Балинова – РФ Алтай аймағы делегациясының өкілі

«Жиырма жылда қаншама жетістіктерге жетіп жатырсыздар! Қаншама! Сонда «мынау шекаралас жатқан Ресейде 1-2-ақ қазақ мектебі бар» деп мына мінберден айтып тұрған маған ұят!».

Айта берсе, шетелдегі қандастардың басында да мың сан мәселе бар. Бірақ бір қуантарлығы, мінберге шығып сөз сөйлеген ағайындар өз ойларын ана тілінде анық жеткізіп жатты. Осылайша, олар туған тілге деген құрмет, құлшыныстарының биік екендігін дәлелдеп қана қоймай, тілге шорқақ Қазақстан азаматтарына үлгі көрсетті
— көрсететін үлгілері әліде көп деп ойлаймын!
VKM
Мықты апай екен, Ресейдегі қазақша мектеп директоры. Интервьюын көрдім
asaubota
залда қазақша білмейтін біраз "қазақ" көрдім :)

гимн ойнап жатқан кезде Елбасының арт жағында біреу ішін ұстап тұр, жұрт жүрегін ұстап тұрса. міндетті емес қой, шын жүректен ұстағың келмесе ұстама ептібайымайт.
KILYZAMAN
:-), патриоттық сезімнің олда бір көрінісі!
asaubota
жоқ, сыртынан қарасаң просто жұртқа еріп олар ұстап тұрғасын ұстап тұрған сияқты. жүрек жаққа жақын емес мүлдем, ішін ұстап тұр.
KILYZAMAN
гимн ойнап жатқан кезде Елбасының арт жағында біреу ішін ұстап тұр, жұрт жүрегін ұстап тұрса.
— Жұртының жүрегінен бөлек жерде болады деуші еді Қарынбайлардың жүрегін. Сол жемқор Мырқымбайдың Қарынбайының рефлекстік сезімі шығар.
izbasar
Шеттен келген делегатпа екен!
Abilakim
Ееее, Аршат-ай, не айтамыз ондайға, іші өтіп ауырып жүрген шығар. Дәретханаға кетіп қалуға ұят… гимн айтылып жатыр дегендей…