Рәміздер мерекесінің ел болып атап өту қажетпе?

Бүгінгі мереке құтты болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Өз пікіріңізді білдіріңіз.

Рәміздер мерекесінің ел болып атап өту қажетпе?

Бөлісу:

18 пікір

meirzhan
Бұл жаңа мейрам. Тойланып жүргеніне көп болған жоқ.
izbasar
Үй көке 1992 жылдан бері ғой.
meirzhan
бар жазығым бұл мейрамды білмегенім бе.(((
Gastarbaiter
Ignorantum non argumentum est!- Білмегендік дәйек емес.
meirzhan
мен ештеңені дәлелдегім келмеді. жайдан-жай минус қою туралы айттым
blackbeard
Демалыс берсе болды ғо ©
AKA
Атап өтілгенін қалаймын, келер ұрпақтың бойында ұлтжандылық сезімін нығайтуға септігін тигізер деген ойдамын.
Әнұраным, кеудемде шарықтаған,
Көк байрағым, көк жүзінде қалықтаған.
Қазақтар, еркіндігің сарқылмасын,
Арғымақтар шабысында шалдықпаған.
Елтаңбам ең төрімде жарқылдаған
Ертеңіңе сүйсінсін жалпы ғалам.
Елбасың бар, тәуелсіз заңдарың бар,
Мәңгі-бақи енді осы қалпыңда қал!
Азаттығың — жемісің тасып жатқан,
Еркіндігің — ертеңің етер мақтан.
Баба арманы, баянды еркіндікті,
Мықты ұстағын, сұрарым жас ұрпақтан.
Lyaila
Елдігіміздің айғағы-рәміздерімізді мақтан тұтып, құрметтеуіміз үшін бұл мерекеге көңіл аударылуы қажет. Тек, науқаншылық қарқында болмасын…
Дегенмен, спорттағы жеңістерде көк байрақ пен әнұранның құдіреті ерекше сезіледі!!!
Zilola
Рәміздер мерекесінің ел болып атап өту қажетпе?
тақырыпты тағы бір оқып шықсаңыз, қате бар
KILYZAMAN
Дұрысы:
Рәміздер мерекесінің ел болып аталып өтілуі қажетпе?
немесе
Рәміздер мерекесін ел болып атап өту қажетпе?
болатын шығар
izbasar
Оның орфографиясы емес мазмұнын сұрап тұрмын ғой…
KILYZAMAN
Гаста сияқты жауап беру үшін ең құрығанда нигің @Gastarbaiter болуы керек деп ойлмайсыңба? Сын емес жәй түзету ғой, рәмізді сөз қыла тұрып орфографияны ойламасақ ыңғайсыздау емеспе?
omarbirat
Дұрысы:
Рәміздер мерекесінің ел болып аталып өтілуі қажет пе?
немесе
Рәміздер мерекесін ел болып атап өту қажет пе?
болатын шығар
деп ойламайсыздар ма?
AKY
Деп ойлаймыз.
KILYZAMAN
па мен пе ден кететін қателерім :-) РАХМЕТ! Түзелемін…
omarbirat
Жай ғана демалыс қылса жетеді. Парад-марадтар керек емес. Әйтпесе ұлымды қыдырта алмай қаламын. Баратын жерлерімізде өшіреттер көп боп кетеді :)))