ШЫМ ҚАЛА ЖИНАЛАЙЫҚ!



уа Шым кала керекшілері армысыздар!

Көпшіліктің шешімімен келесі құрылтай Шымқалада өткізілетін болды. Дайындықты осы бастан бастап жіберейік. Кім бар, кім жоқ екенін түгендеп… дегендей.
Әрі таныспағандармен танысайық.

в обшым 8-сәуір демалысқа тура келеді екен. Сол күні Мегада жолығайық. Кешкі 18.00-де.
Мүмкін болса тел. номерлеріңді (үй телефоны қажет емес) жекеге жазып жіберсеңдер.

Ұқсас посттар

54 пікір

Daniar-Alan
шым қалааааа
kokbori
Ойбууу, қазір жиналып жатсыңдар ма?
Gulistan

Сендерге сәттілік енді!
Daniar-Alan
ерте турган еркектің ырысы артық, ерте жиналған блогшының бір ісі артық дегендей…
Gulistan
Дегенмен әсіре қызыл тез оңып кетпесін.
kokbori
Уооот, Гүлке, сүйдеп қойш
Daniar-Alan
бұл әңгімелерді Атыраулықтардың Шымкенттіктерге жол бергені деп бағалау керек па?
kokbori
Үш айдың ішінде мәселелеріңді шешуге уақыт, болмаса жолдан былай тұр
Daniar-Alan
ол кезде куп жетамай қаласыңдар. ШЫМКЕНТТІКТЕР КІРІСПЕСІН. КІРІССЕ АСТАНА САП ТАСТАЙ САЛАД!!!
kokbori
Бірақ қаптап жүрсе де Атырауды сала алмай жүрсіңдер емес пе
Daniar-Alan
Астананы бітіріп алайық. Сол жаққа ойысармыз. Атыраулықтар азшылыққа айналмасын Астанадағы секілді
kokbori
Маңғыстау тастамас бізді
Gulistan
Данияр, мәселе орын беру-бермеу, я болмаса бақталастықта емес. Әркім өз көрпесіне қарай көсілгені абзал.
Егер Шымкент, не Атырау болмай, Алматыда десе де, реніш туа қоймас. Бірақ мүмкіндікті ескерейік.
Daniar-Alan
ақылды әңгімелерге ақылды жауап бере алмай қалатыным ай осы…
aza
Жиналсақ жиналайық
Daniar-Alan
Азеке шымда шамамен нешеуміз?
Gulistan
Азамат Ақтаудан емес пе еді? Әлде мен қателестім бе?
Daniar-Alan
Ақтауда жүрген шымкенттік шығар. Сол жаққа ойысып жүрген
Gulistan
Сіздер Астанада жүрген Ақтаулықты тартып алмақшы болып жатсыздар ма, не болып кетті өзі?
aza
Данияр, ғафу етіңіз))) Мен Астанада жүрген ақтаулық ем, идеяыңыз кереметтей қызық болып кетті да, жиналсақ жиналайық деген ем…
Zilola
Айды aспaннaн шыгaрып, мeн дe бaрып кaлaрмын, aллa aмaндыгын бeрсe.
kokbori
Жалпы сізді бірнеше бөлікке бөлінеді деп есептей беруге бола ма?
Daniar-Alan
мүмкін егіз шығар
kokbori
aza
Жырқылдай бермеңші, Алматыда 1 інде, Шымқалада 8 інде болады ғой. Үлгереді екеуіне де
kokbori
Сенен ештеңе сұрамаған секілдімін, нақ, құйысқанға қыстырылма бала. Тіпті екі уақыт болса да Алматя шымкент, Ақтөбе, Атырауда шапқылайсызда жүресіз деген сөзді түсінбесең жайыңа отыр
Daniar-Alan
Азеке абайла Көкбөрнің ашуы жаман. талав тастайд
aza
О заманда бұ заман иттен қорқып көргем жоқ.
Zilola
ақылыңнан айналдым
Zilola
кеше Шалқарда тойда болдым, бүгін таңертеңнен бері Ақтөбедемін. Ертең түске таман Алматыда боламын, одан кейін 2-3 сәуірде Жаңатасқа кетемін (Жамбыл облысы), тағы екі-үш күннен соң Шымқалаға барып қалармын. Тегі мені мазақ қылып!!!
kokbori
ой, бұлқан талқан болдыңыз ғой, жолыңыз болсын қайда жүрсеңізде, тек тіреп тұрған көгіңіз бардай қатулы қабағыңызды көрсетпесеңіз екен
Janasil
Апттықпай алдымен жиналып шама -шарқтарыңды біліп алыңдар. Сосын айтыңдар Шымда жасаймыз немесе жасамаймыз деп. Негізі Алматы дұрыс. Алматы ол Алматы ғой.
kokbori
Жәке, сен кері тарта бермесей, уақыт бар емес пе? Жазға дейін сайланайық қолдан келмесе шапанымыз шешіліп қалмайды ғой. Болмаса қазір Алматылықтардың белсеніп жатқаны шамалы
Janasil
Апттықпай алдымен жиналып шама -шарқтарыңды біліп алыңдар.
Daniar-Alan
былай ғо әңгіме. құрылтай тек шымкенттіктердің жасайтын тірлігі емес. оған жан-жақтан қолдау керек. әрине негізгі салмақ шымкенттіктерге түседі. алайда қауымдассақ шымкент түгіл біздің ауылда да ұйымдастыруға болады. жан-жақтағылар да қарап қалмауы керек.
Daniar-Alan
келелі әңгіме енд басталд…
yerbol89
Мен барамын. Мега-ға қарағанда Жастар кафесінде жолығайық. Қазіргі Ооңтүстік Қазақстан Пед институтқа қарама қарсы. Бұрынғы МКТУ. Сол жерге жиналайық. Мен тағы біраз жігіттерді бастап алып барамын.
Korkem
Титтей көмегім тиер болса, мен де барамын)))
kokbori
Титтей көмегім тиер болса, мен де барамын
Бәшәйіңді жыбырлатып тұрсаң да бір мерей
Daniar-Alan
Титтейіңіз не, үлкееееееееееееен көмек көрсете аласыз. Нөміріңізді жекеге. мүмкін болса.
Korkem
Ербол Серікбайға айтсаңыз, мен соның құзырындамын)))
Daniar-Alan
Ереке нөміріңді жекеге жазп жіберсең…
Rozatai
Данияр, маған сюрет жіберіңізші, плиз! rozkabai@gmail.com
Daniar-Alan
Роза мүмкін былай: дискке жазып Алматыға салып жіберсем. сол жерден ары қарай таратсаң Алматылықтарға. егер келіссең нөмірді жекеге жазып жібер. ок?
Daniar-Alan
айқаракөз де күтіп жүр...
aikarakoz
ия, солай жасаңызшы, әйтпесе, сапасыз болып келіп жатыр инетпен… мен асығеееееееп күтіп жүрмін
Rozatai
ок, қазір жазамын
Erkekyz
Аманшылық болып жатса, мен де барам.
Не ма, меганың іші шулы ғой
kokbori
наушник құлақшын тағып барсаңыз ештеңе етпейді
Daniar-Alan
әдріс өзгерді: Мега-ға қарағанда Жастар кафесінде жолығайық. Қазіргі Ооңтүстік Қазақстан Пед институтқа қарама қарсы. Бұрынғы МКТУ.(Ерболдың айтуымен). Раука апшееееееееееееууууууууу келес па?
Zilola
Өкінішке орай мен ертең бара алмаймын, есесіне келесі апта барып қаламын, сол кезде хабарласамын алдын-ала.
sigma
Қызық жағдай екен. 3 адамның айтысы.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.