Arular.kz

Блог жазу – мода ма, әлде қажеттілік па?

Блог жазу – біртіндеп тенденцияға айналуда. Қазіргі уақытта тек журналисттер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер, шоу- бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, әртүрлі мамандық иелері блог жазады. Кейде медиа — ортада танымал блогерлерді журналистер сияқты әртүрлі іс-шараларға шақырып та жатады.
Бүгінде мыңдаған адам өз онлайн күнделіктерін жүргізіп, болг жазады, олардың саны әлі де артуда. Көптеген авторлар алғашқы бірнеше мақаласын жазған соң, ыстық –cуығы басылып, блогтарын интернет кеңістігінің бір қоқысы ретінде қалдырып, жазуды қойып кетеді. Осылай блоггер легінің алғашқы қарқыны басылып, көпшілігі белсенділігін басқа арнаға бұрады.
Расында, блоггер болу оңай нәрсе емес, ол үшін сізге күн тәртібіңізіге біршама өзгерістер енгізуге тура келеді. Өзіңіздің негізігі жұмысыңыздан бос уақытыңызды блогқа арнап, үнемі мақала жазып тұру қажет (кемінде аптасына 2-3 рет), оқырмандар коменттеріне белсенді жауап беріп, пікір таластыру (н/е пікірталасты ынталандыру) жекеге келген хаттарға жауап жазу, сонымен қатар, жаңа блог үшін, кейде коменттерге жауап жазу үшін жан- жақты іздену қажет болады. Блог үнемі ойыңыздың да бір бөлігін алып тұрады(тәуелділікті айтпағанда). Ал, енді осының бәрі не үшін керек? Сонша күш, уақыт, тіпті, ақша жұмсау не үшін?
Бұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Біреу үшін бұл кәсібімен байланысты, мыс., оқу орнының басшысы өткізілетін іс- шаралар жайлы студенттер мен оқытушыларды хабардар етіп отыру үшін, әртүрлі мәліметтерді жеткізіп отыру мақсатында блог жүргізуі мүмкін. Сондай –ақ белгілі кәсіпорындарың PR қызметкері, мемлекеттік органдар, БАҚ ресми блог жүргізеді. Біреу адамдармен араласуға деген құштарлықтан, не өзін толғандырған мәселені айту үшін жазады. Кейбіреулер үшін блог – араласу, ой, эмоция бөлісу құралы. Бренд үшін, ақша табу үшін де жазатындар да бар екен. Кім қандай мақсатпен жазса да, ең бастысы блог — қызықты, түсінікті, пайдалы болу керек, сонда оқушыларының саны арта бермек. Ал, сіз не үшін блог жазасыз?
" data-width="600" data-numposts="5">

31 пікір

avatar
Мен
алғашқы бірнеше мақаласын жазған соң, ыстық –cуығы басылып
қалатындарға жатад кем
avatar
Мен үшін блог темекі сияқты. Әзірге материалдық пайда көрегм жоқ, бірақ, жазу процесінің өзі ұнайды. Жазу процесі… процесі… Ә, онда, тек темкімен ғана салыстырмайды екем.
avatar
мен мысалы ақпарат бөлісу үшін жазамын немесе бір анализ, мақалаларымды.

ал жеке өз ойымнан өтіп жатқан ойларымды, түстерімді, не істегендерімді жазғым келмейді. ондай жазбаларды оқымаймын да.
avatar
өткізілетін іс- шаралар жайлы студенттер мен оқытушыларды хабардар етіп отыру үшін, әртүрлі мәліметтерді жеткізіп отыру мақсатында
ға жақын келеді екен ғо
avatar
Блог жазу мода ма, емес пе, білмеймін, бірақ сапалы адамды баурап алатындай таза, шынайы, мәдениетті, сауатты, тағылымды, тартымды блог жоқ ау Қазақша.
avatar
альтруистігім артып тұрғаны шамалы, дегенмен, өзім үшін жазбайтыным анық  бірақ, блогты қалай оңай бастасам, солай оңай лақтырып кететін сияқтымын.
avatar
Журигі бар, жулигі бар...(жалғасы көп)
Қалай болғандада блог еріккеннің ермегіне айланаған күнінен бастап оның құны тесік сөлкебай… Блогты жазу жазбауде емес мәселе — мәселе өзіңе қызық нәрселермен жедел бөлісе алатын ортаң(құйтырқы пікірлерге бола санаңа у құйылмаса болды). Кей жағдайда желкеніңді желдің бағытына керуіңе пайдасы тисе, қайбір кезде таудай толқынның(лек легімен айтылған қарсы пікірлердің) салмағын сезінуіңе себебін тигізеді. Тіпті болмағанда — ҚОҒАМ болған түріміздің тамыр соғысын аңдауыңа болатыны анық…
avatar
Мен блогты миссиямның орындаудың бір құралы ретінде көрем. Ал ол миссия аз ғұмырлық па, әлде ұзақ ғұмырлы бола ма, басқа әңгіме
avatar
Блог жазуды міндет немесе борыш қылуыңа себеп барма?
avatar
Ол бір ұзақ әңгіме деп бастап кетейін бе? Жалпы менің ғұмырыма жететін миссиям бар-тын. Соны орындауға не нәрсе көмегі тисе, соны борышым, міндетім қылуға дайынмын
avatar
Жалпы менің ғұмырыма жететін миссиям бар-тын.
— жоғалтып алуыңа не(кім) себеп болды?
avatar
Оны мақсатым орындала бастағанда айтайыншы, болмаса, мен өлгенде түсінерсіз
avatar
Өйййй, не деп кеттің өзің? Сен өлме — одан келер 2 шаршы метрде пайда келтірмейсің еліңе
avatar
Ой, Қилыеке, өлмейм, қорықпаңыз. Қазаққа пайда әкелмей танкімен бассаңыз да ана дүниеге аяқ баспаймын. Сөздің сырағысы ғой. Айтарымды айтып алып өзімде шошып кеттім
avatar
Қаззақ блогерлерінің барлығы — глорихантерлер. Бірдеңе жазса — данышпан шедевр жазу керек, бір түйір нашар пікірге бола ішіп кетеді, блогын жауып тастайды, немесе аузынан ақ динго көк қорқау қасқыр шығып, бітіспес ұрыс бастайды. Бұдан әрине, олардың менмен, өркөкірек һәм Шиваның санын ұстап тұрған (апайдың әйел боуы себепті) дандайлар екенін көреміз. Тоғыз жүз қырық адам барып, «Тукә, жазбай кеттің ғой!» деп, жалынуы керек. Құрынақ епті, қаламың суалып, өле қал нақ, жазбасаң әрмен кет
avatar
Сіз де глорихантерсіз ғой. Басқашалардан айырмашылығы — сәл сәттілеу хантерсіз де. Бұл глоридің қандай еңбекпен келгенін білесің бе деп мыжыла кетпеші бірақ

Айтпақшы, сіздің хантерлігіңіз қашан басталды? Сатыбалды образындағы алғашқы жазбаңыз қашан жарық көріп еді?
avatar
Сатыбалды шеберліктің төртінші сатысына жатады.
Магия, эзотерика айтып қуып кетпеңдер нақ.
Блогерлік, кез келген әрекет сияқты 4 шеберлік кезең түрінде болады.
«Санасыз шәйнектік» — Блогер өзі шәйнек, дым жаза алмайды, ешкім оны оқымайды, бірақ өзінің шәйнек екенін мойындамайд. Білімі жетпейтінін сезбейд.

«Саналы шәйнектік» — Блогер өзінің шәйнек екенін мойындайд. Үйренуден қашпайды. Немесе, ия білем шәйнекпін, сұмдық болам деп ешкімге уәде бергем жоқ дейді.

«Саналы шеберлік» — Шебер жаза бастайды. Өзі шеберлікке қалай жету керектігін біледі. Қандай әрекеттерден аулақ, қандай фишкаларды қою керектігін біледі. Бірақ мықты дүние жазу үлкен күш түсіреді оған. Өйткені, санасын барынша пайдаланып, барынша күш жұмсайы.

«Санасыз шеберлік» — Шеберлігі саналы деңгейден, санасыз деңгейге өтіп кеткен, яғни өзінің не істеп, не қойғанын нақты сезінбейді. Әйтеуір бірдеңе істе салады, сол шеберліктің асқар шыңы боп шығады. Ол саналы шебердің жасаған қадамдарын бұлжытпай орындаса да, оны сезбейді, сондықтан оған басын қатырмайды, есесіне миының біраз бөлігі артық жұмыстан арылады, сюжет пен ағымға көбірек ой бөліп, жазу әрекетін еңбек деп емес, кайф деп қабылдап, кейде өзінің ойы туып шығарған дүниелерге таң қалып, алдымен өзі бұттан кетіп алады.

деген әлденені меңгерудің 4 стадиясы болады.
avatar
Блогтың мұндай көрінісі — журиктерден жұқты нақ. Әттең, журье — азаматтардан бұрын келіп қойып, құрыған стандарттар қалыптастырып үлгерді.
Бірде бір журье, писака һәм сарайақын-глашатайға танысым телефон шалған, мақалаңыздағы кісі есімі мен фирманың заңдық статусында қате кеткен деп. Лібәәәә… Басы-жоқ, аяғы жоқ: «Сонда не дегілерің келіп тұр? Сендерге біреудің жылап кешірім сұрағаны керек, білем, содан ләззат аласыңдар! Орыстарға ересіңдер! Тіпті ойламаңдар да, түзету енгізеді деп! Қаракөздер болғасын, біреулердің көзі түссін деп, қайта жазып отырсам, сендер келіп...». KILYZAMAN -ның денсаулығымен ант етейін: біздің бар ойымыз, аз-мұз ауытқуға назар аударту еді…
Осындай журьелар келді де, блогосфераға өзара ауызжаласушылық, көрінеу мақтау мен менмендігін әкелді. Меніңше, осындағы бір ақынның «Бұл өлеңім тиісті бағасын алып қойған, сендер тек оқыңдар нақ, ал күшті өлең екенін өзім де білем!» деген қанатты сөзі барлығына бір сөзбен диагноз қойғандай.
Журьелар — шын мәнінде өздерінің депо слесарынан артық жаза алмайтынына мазасы кетеді, қ ам жейді. Лібә, журье нақ, үстім тағы бөртіп кетті есіме түсіп!
avatar
Сабыр, сабыр. Өзіңізді сәл ұстасаңыз нетті
avatar
men ushin ozin ozi bolggermin dep tanystyryu qyzyq korinedi…
avatar
Интернетке қатысы жоқ ортада тіпті ұят нәрсе
avatar
блогерлікті азаматтық журналистика деуге де болады, солай деп те жүрдік қой. кәдімгі журналистикадан айырмашылығы еркіндігінде және өзінің бөлек форматында. блог бастаған журналистердің қателіктері блог форматын түсінбеулерінде. газетте қалай жазады солай блогқа да жазады. нәтижесінде ешкім оқымайды, сосын өздері де басқаларды көре алмай қызғанады. блогер болған журналистердің ең мықты үлгісі деп Өркен Кенжебекті айтар едім. бірақ, вордпресс.ком ҚЗда жабылғалы ол да көрінбей кетті. ал, мындай Керекинфо сияқты платформаға жазуға көбісі жүрексінеді.
avatar
Арзан журиктердің көбі оның реалдағы аптарихаты виртуалға "үндемей келісілген шарт бойынша" яғни «по умолчанию» қабылдану керек деп ойлайды.
Сөйткенде, бар болғыр Сатыбалды, «екі чмоның әңгімесін „эпохалды“ оқиға етіп көрсеткендей ақ, кім мына міскіндерің, танымайм нақ» дегенде уішівөле жаздайд, бірақ, «еңбегің сіңбеген салада құрмет күту сорлылық» деген афоризм бар ғой
avatar
Блог форматы қалай?
avatar
Мен үшін блог жазу деген қызықты ермек, әдемі жазып тастаймын деп айта алмаймын, сосын бірдеңе жазарда ізденбеймін, алдын ала ешқашан дайындалмаймын. Мысалға отырамын да «Жаңа пост» деген батырманы басып дәл сол сәтте, не ойлап отырмын тура соны бір сөзін өзгертпей жазып тастаймын, көбісі нобайларда жатыр әлі күнге дейін (бұл нобайлар деген жақсы болды, қойын дәптерім тәрізді, ойымды түртіп отыратын, басталып аяқсыз қалған өлеңдерімде жатыр) Әріп қателіктерін де жарияланғаннан кейін оқу барысында түзетіп отырамын.
Журналистикадан мүлдем хабарым жоқ
avatar
Ал қазір қалай екен?..

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.