Блог жазу – мода ма, әлде қажеттілік па?
Блог жазу – біртіндеп тенденцияға айналуда. Қазіргі уақытта тек журналисттер ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер, шоу- бизнес өкілдері, кәсіпкерлер, әртүрлі мамандық иелері блог жазады. Кейде медиа — ортада танымал блогерлерді журналистер сияқты әртүрлі іс-шараларға шақырып та жатады.
Бүгінде мыңдаған адам өз онлайн күнделіктерін жүргізіп, болг жазады, олардың саны әлі де артуда. Көптеген авторлар алғашқы бірнеше мақаласын жазған соң, ыстық –cуығы басылып, блогтарын интернет кеңістігінің бір қоқысы ретінде қалдырып, жазуды қойып кетеді. Осылай блоггер легінің алғашқы қарқыны басылып, көпшілігі белсенділігін басқа арнаға бұрады.
Расында, блоггер болу оңай нәрсе емес, ол үшін сізге күн тәртібіңізіге біршама өзгерістер енгізуге тура келеді. Өзіңіздің негізігі жұмысыңыздан бос уақытыңызды блогқа арнап, үнемі мақала жазып тұру қажет (кемінде аптасына 2-3 рет), оқырмандар коменттеріне белсенді жауап беріп, пікір таластыру (н/е пікірталасты ынталандыру) жекеге келген хаттарға жауап жазу, сонымен қатар, жаңа блог үшін, кейде коменттерге жауап жазу үшін жан- жақты іздену қажет болады. Блог үнемі ойыңыздың да бір бөлігін алып тұрады(тәуелділікті айтпағанда). Ал, енді осының бәрі не үшін керек? Сонша күш, уақыт, тіпті, ақша жұмсау не үшін?
Бұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Біреу үшін бұл кәсібімен байланысты, мыс., оқу орнының басшысы өткізілетін іс- шаралар жайлы студенттер мен оқытушыларды хабардар етіп отыру үшін, әртүрлі мәліметтерді жеткізіп отыру мақсатында блог жүргізуі мүмкін. Сондай –ақ белгілі кәсіпорындарың PR қызметкері, мемлекеттік органдар, БАҚ ресми блог жүргізеді. Біреу адамдармен араласуға деген құштарлықтан, не өзін толғандырған мәселені айту үшін жазады. Кейбіреулер үшін блог – араласу, ой, эмоция бөлісу құралы. Бренд үшін, ақша табу үшін де жазатындар да бар екен. Кім қандай мақсатпен жазса да, ең бастысы блог — қызықты, түсінікті, пайдалы болу керек, сонда оқушыларының саны арта бермек. Ал, сіз не үшін блог жазасыз?

ал жеке өз ойымнан өтіп жатқан ойларымды, түстерімді, не істегендерімді жазғым келмейді. ондай жазбаларды оқымаймын да.
Қалай болғандада блог еріккеннің ермегіне айланаған күнінен бастап оның құны тесік сөлкебай… Блогты жазу жазбауде емес мәселе — мәселе өзіңе қызық нәрселермен жедел бөлісе алатын ортаң(құйтырқы пікірлерге бола санаңа у құйылмаса болды). Кей жағдайда желкеніңді желдің бағытына керуіңе пайдасы тисе, қайбір кезде таудай толқынның(лек легімен айтылған қарсы пікірлердің) салмағын сезінуіңе себебін тигізеді. Тіпті болмағанда — ҚОҒАМ болған түріміздің тамыр соғысын аңдауыңа болатыны анық…
Бұл глоридің қандай еңбекпен келгенін білесің бе деп мыжыла кетпеші бірақАйтпақшы, сіздің хантерлігіңіз қашан басталды? Сатыбалды образындағы алғашқы жазбаңыз қашан жарық көріп еді?
Магия, эзотерика айтып қуып кетпеңдер нақ.
Блогерлік, кез келген әрекет сияқты 4 шеберлік кезең түрінде болады.
«Санасыз шәйнектік» — Блогер өзі шәйнек, дым жаза алмайды, ешкім оны оқымайды, бірақ өзінің шәйнек екенін мойындамайд. Білімі жетпейтінін сезбейд.
«Саналы шәйнектік» — Блогер өзінің шәйнек екенін мойындайд. Үйренуден қашпайды. Немесе, ия білем шәйнекпін, сұмдық болам деп ешкімге уәде бергем жоқ дейді.
«Саналы шеберлік» — Шебер жаза бастайды. Өзі шеберлікке қалай жету керектігін біледі. Қандай әрекеттерден аулақ, қандай фишкаларды қою керектігін біледі. Бірақ мықты дүние жазу үлкен күш түсіреді оған. Өйткені, санасын барынша пайдаланып, барынша күш жұмсайы.
«Санасыз шеберлік» — Шеберлігі саналы деңгейден, санасыз деңгейге өтіп кеткен, яғни өзінің не істеп, не қойғанын нақты сезінбейді. Әйтеуір бірдеңе істе салады, сол шеберліктің асқар шыңы боп шығады. Ол саналы шебердің жасаған қадамдарын бұлжытпай орындаса да, оны сезбейді, сондықтан оған басын қатырмайды, есесіне миының біраз бөлігі артық жұмыстан арылады, сюжет пен ағымға көбірек ой бөліп, жазу әрекетін еңбек деп емес, кайф деп қабылдап, кейде өзінің ойы туып шығарған дүниелерге таң қалып, алдымен өзі бұттан кетіп алады.
деген әлденені меңгерудің 4 стадиясы болады.
Бірде бір журье, писака һәм сарайақын-глашатайға танысым телефон шалған, мақалаңыздағы кісі есімі мен фирманың заңдық статусында қате кеткен деп. Лібәәәә… Басы-жоқ, аяғы жоқ: «Сонда не дегілерің келіп тұр? Сендерге біреудің жылап кешірім сұрағаны керек, білем, содан ләззат аласыңдар! Орыстарға ересіңдер! Тіпті ойламаңдар да, түзету енгізеді деп! Қаракөздер болғасын, біреулердің көзі түссін деп, қайта жазып отырсам, сендер келіп...». KILYZAMAN -ның денсаулығымен ант етейін: біздің бар ойымыз, аз-мұз ауытқуға назар аударту еді…
Осындай журьелар келді де, блогосфераға өзара ауызжаласушылық, көрінеу мақтау мен менмендігін әкелді. Меніңше, осындағы бір ақынның «Бұл өлеңім тиісті бағасын алып қойған, сендер тек оқыңдар нақ, ал күшті өлең екенін өзім де білем!» деген қанатты сөзі барлығына бір сөзбен диагноз қойғандай.
Журьелар — шын мәнінде өздерінің депо слесарынан артық жаза алмайтынына мазасы кетеді, қ ам жейді. Лібә, журье нақ, үстім тағы бөртіп кетті есіме түсіп!
Сөйткенде, бар болғыр Сатыбалды, «екі чмоның әңгімесін „эпохалды“ оқиға етіп көрсеткендей ақ, кім мына міскіндерің, танымайм нақ» дегенде уішівөле жаздайд, бірақ, «еңбегің сіңбеген салада құрмет күту сорлылық» деген афоризм бар ғой
Журналистикадан мүлдем хабарым жоқ