Қадір түні және Марс

  • Автор
Бүгін, тамыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн — Қадір түні. Бұл күні Құран Кәрім түскен. Қасиетті кітаптағы "Қадір" сүресінде бұл күн туралы былай дейді:

«Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түні не екенін білесіз бе? Қадыр түні мың айдан жақсырақ. Ол түнде періштелер мен Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік түні таң атқанға дейін жалғасады».

Осы орайда өздеріңізбен Қарағанды орталық мешітінің сайтынан алынған мына бір мәліметпен бөліскім келеді:

Бисмилләһир Рахманир Рахим
1. «Әлбетте, Біз Құранды Қадыр түнінде түсірдік».
Бұл аятта айтылып жатқан Құранның түсірілуі Лаухул Махфуздан бұл дүние аспанына түсірілуі. Бұл мағына Ибн Аббас р.а-дан риуаят етілген. Міне осы оқиға Қадыр түнінде болғандығы осы аят ашық білдіріп тұр.
Құран бұл дүние аспанынан Пайғамбарымыз с.ғ.у-ға бөлек-бөлек болып, жиырма үш жыл ішінде түсірілген.
Демек, бұл аяттың мағынасы Біз Құранды Лаухул Махфуздан бұл дүние аспанына Қадыр түнінде түсірдік, дегені болады.
2. «Қадыр түні не екенін білесіз бе?».
Яғни, оның қадір-қасиетін, ерекшелігін толық түсіну қиын. Соның үшін оны Өзіміз айтып береміз.
3. «Қадыр түні мың айдан жақсырақ».
Өйткені, бұл түнде Құран түскен және бұл түндегі ғибадаттың сауабы мың айлық ғибадаттан артық.
Осы аяттың тәфсірінде ғұлама Ибн Кәсир былай деп жазған:
«Бір адам қолына қылыш алып, мың ай Аллаһтың жолында жиһад еткені риуаят етілді. Расулуллаһ с.ғ.у мен сахабалар бұған сүйсінді.
Расулуллаһ с.ғ.у үмметтеріне де осындай болуын сүйсініп сұрап:
«Ей, Раббым! Менің үмметімді басқа үмметтерден өмірі қысқа, амалын аз қылдың?», деп жалбарынды.
Сонда Аллаһ тағала:
«Қадыр түні — сізге және үмметіңізге сол адам жиһад еткен мың айдан жақсырақ», деді».
Қадыр түнінің тағы бір ерекшелігі төмендегі аятта айтылады:
4. «Ол түнде періштелер және Жебрейл ғ.с Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі».
Қадыр түнінде Жебрейл ғ.с басшылығында періштелер Аллаһ тағаланың келесі жылға дейін тағдыр етілген істерімен түседі. Бұл да Қадыр түнінің абыройын арттырады.
Сол үшін келесі жылға дейінгі тағдырымыз жақсы болуы үшін шамамыз жеткенінше ұйықтамай дұға-тілек, құлшылықта болуымыз керек.
Қадыр түнінің үшінші ерекшелігі төмендегі аятта айтылады:
5. «Ол бейбітшілік түні таңға дейін жалғасады».
Яғни Қадыр түні таң атқанша бейбітшілік, тыныштық және амандық түні. Онда періштелер мүминдерге сәлем береді. Аллаһ тағала адамдарға тек тыныштық пен амандықты тағдыр етеді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.у) хадисінде:
«Кімде-кім Қадыр түнін шын сеніммен және сауап үмітінде ұйықтамай өткізсе, оның бүкіл күнәлары кешіріледі», деген.
Бұл түнді ұйықтамай өткізу – намаз оқу, дұға ету, истиғфар айту және Құран оқумен болады.
Қадыр түнін ұйықтамай өткізу қалай болады?
деген сұраққа ғұламаларымыз былай деп жауап берген:
«Әуелі, бұл түнді ұйықтамай өткеру үшін сол түні құптан мен таң намазын жамағатпен оқу керек. Өйткені хадисте: «Кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түннің жартысын ұйықтамай өткізген болады», делінген. Тағы бір хадисте: «Кім таң намазын жамағатпен оқыса, түннің жартысын ұйықтамай өткізген болады», делінген. Түннің қалған бөлігінде де нәфіл намаз оқып, Құран оқумен және дұға-тілек, тәубе етумен өткізу керек».
Қадыр түнінің кейбір белгілері:
Аспан ашық бұлтсыз болады. Ауа-райы е суық, е ыстық болмайды. Бұл түні теңіз суларына дәм кіріп, зәмзәм суы көбейеді.
Муауия ибн Әбу Суфян р.а-дан риуаят Нәби (с.ғ.у) айтты:
«Қадыр түні жиырма жетінші түн».-деген.
Қадыр түні оқылатын нәфіл намаздың оқылу тәртібі:
Бұл түні «Қадыр түні» намазы оқылады:
Бірінші ракағатта: 1 рет Фатиха, 3 рет Қадыр сүресі.
Екінші ракағатта: 1 рет Фатиха, 3 рет Ыхлас сүресі.
Үшінші ракағатта: 1 рет Фатиха, 3рет Қадыр сүресі.
Төртінші ракағатта: 1 рет Фатиха, 3 рет Ыхлас сүресі оқылады.
Намаздан соң: «Аллаһу акбар. Аллаһу акбар. Лә иләһа иллаллаһу уаллаһу акбар. Аллаһу акбару уа лилләһил хамд» 1 рет.
100 рет Ишрах сүресі,
100 рет Қадыр сүресі,
100 рет «Аллаһумма иннака афуун кәримун тухиббу афууа фаъфу анни», дұғасы оқылады. Сосын тілек тілейді.
Аллаһу тағала баршаңыздың дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! Келесі жылғы Қадыр түніне дейінгі тағдырымыз тек жақсылық пен қуанышқа, сәттілік пен бақытқа толы болсын! Әмин.

Марсты көргің келе ме?

Ал енді бүгінгі маған келіп түскен ақпарат — өте қызықты. Бүгін түнде, яғни тамыздың 27-сіне қараған түнгі сағат 00:30 аспанға қарасаң Марс планетасын көре аласың екен. Дереккөзі жоқ мендегі мәліметтің айтуынша, бұл түні марс Жерден бар болғаны 34,65 мың миль жерден айналып өтеді екен. Ешқандай құралдың көмегінсіз, жалаң көзбен қарағанда ол толысқан ай секілді көрінеді екен. Яғни, екі ай секілді болады. Марс планетасының осылай Жерге өте жақын келуі бұдан соң 2287 жылы ғана болады дейді. Ал мұндай құбылысты біздің заманымызға дейін өмір сүрген адам баласының ешбірі көрмеген екен. Ендеше, қызықтан құр қалмайық!

Ұқсас посттар