Mille-feuilles!

Иә, Раббым! Жәрдем бер қысылғанға,
Мейірім төк жүрегін ұсынғанға…
Алланың рақымына бөленетін,
Бүгін жұма – бір мейрам мұсылманға!
Сәлем бердік жамағат! Жұма мүбәрак, тілеген дұға – тілектеріңіз қабыл болсын! @AKY әпке, мен АҚҚУ деп оқи берем, сондай әдемі айтылады да, солай айта берсем бола ме екен… тез сауығып кетсін деп дұға етейік. Мен үшін жұма – аптадағы жеті күннің ішіндегі ең сәтті де, бақытты күндердің бірі, Аллаға шүкір! Былайынша айтқанда, мен үшін ТОЙ ғой, бұл күн!
Сонымен, кеше ең сүйікті тортымды жасадым , тіпті әлемге танымал аспазшы – Джейми Оливердің өзі келіп, ең керемет деген торттарын ұсынса да айырбастамайтын торт, ол… ол, ол… ол – НАПОЛЕОН ТОРТЫ ! Иә, бұл тортты жақсы көрмейтін адам кемде — кем болар, тіпті жоқ шығар ә? Егер болса, дәл қазір айтсын не болмаса мәңгі...© ой, не боп кетті… Ошм, мереке сайын дастарханнан түспейтін, отбасылық сүйікті тортымызды кеше үй жағдайында жасаған болатынмын. Соны назарларыңызға ұсынамын.
Наполеон торты – французша «mille-feuilles» — крем қосылған қатпарлы торт. Қатпарлы қамырдан жасалынатындықтан, мұны Франция және Италия елдерінде «mille — feuille» — «мың қатпар» деп атайды. Жасалыну жолы, әсіресе креміне келгенде күрделілеу, бірақ қарапайым жасау түрлері де бар. Мен толық нұсқасын алдым, онда бастайық.
1. Әдеттегідей, ТАЗАЛЫҚ!
2. «Бисмилләәһімізді» айтып, Алланың атымен бастаймыз!
3. Торттың құрамымен таныс болайық:
Қамырға: 200-250г сары май (маргарин), 2 стакан ұн, 2 ас қасық қант, 1 жұмыртқа, 2-3 ас қасық қаймақ, бір шымшым тұз.
— Бірінші кремге: 0,5л сүт, 0,5 стакан қант, 2 ас қасық ұн, ванилин, 200г сары май.
— Екінші кремге: 200г сары май, 1 құты қойытылған сүт (сгущенка немесе сливки).
4. Алдымен қамырды дайындаймыз. Ұнды ыдысқа елеп, үстіне сары майды үккіштен өткізіп қосамыз.

5. Жоғарыдағы аталған заттарды қосып, жұп-жұмсақ етіп қамыр илейміз. Қамырды пищевая плёнкамен орап, 3 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз.

6. Оған дейін кремдерді дайындаймыз. Бірінші крем: сүттің 100г ыдысқа құйып, қант, ванилин, ұн қосамыз. Қалған 400г сүтті газға қойып, ысытамыз. Сүт ысыған соң, оған дайындаған қоспаны қосып, бәрін ағаш қасықпен араластырамыз. Бұл қоспа қоюланғанша тұрады, бірақ қайнап кетпеуі тиіс. Қоюланған соң, газдан алып, суытамыз. Суыған соң, оған сары майды турап қосып, миксермен бірыңғай қоспаға келтіреміз. Крем дайын.

7. Екінші крем: сары майды турап, үстіне қойытылған сүтті қосып миксермен бірыңғай қоспаға келтіреміз. Крем дайын.

8. Қамырды тоңазытқыштан алып, бірнеше бірдей бөліктерге бөлеміз.

9. Дөңгелектеп илейміз, өте жұқа болуы тиіс.

10. Пісірер алдында, табаның астына арнайы қағазды (бумага для выпечки) қиып қоямыз.

11. Қамырдың формасын дөңгелектеп келтіреміз де, оның үстін бірнеше жерден шанышқымен тесеміз. Теспеген жағдайда қамыр көтеріліп, қуыс болып қалады.

12. Ыстық пешке орналастырамыз да, бірнеше минуттан соң пісіріп аламыз.

13. Міне, мынадай шелпектер дайын болады.



14. Барлығы дайын, енді тек қаттамаларды арасына кремдерін қосып, торттың құрылысын қалаймыз. Кремді кезекпе-кезек құйып отырамыз.





15. Әрлеу үшін, тәтті жаңғақтар мен бір қаттаманы алып оқтаумен үгітеміз. Бітті, торт дайын!

17. Торттарыңыз тәтті болсын!


Пы.Сы. Тортты дайындау ұзааақ уақыт алады, бірақ керемееет нәтиже болады! Айтпақшы, тортты 10-12 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз, сосын барып жейсіздер. Ол уақыт аралығында кремдер сіңіп, торт нағыз керемет тортқа айналады. Сосын, рецепт мына жерде бар, аудармаларымды түсінбей қалған жағдайда дегенім ғой, басқа да жасау әдістері көп. Жақсыыыы көрем осы тортты, сосын жасадым, сіздер де жасап көріңіздер, сәттілік! Астарыңыз дәмді болсын!
Бөлісу:

52 пікір

sammita
қамырын шелпек түрінде пісіру, яғни мынадай торт жақсы.
Дүкенде сатылатын Наполеннің іші тек крем (маргарин)
AKA
Шынында да солай… Сүттен жасалған крем күштііі болады екен, сондай тәтті!
Lyaila
Керемет Осы торт қатты ұнайды, құрбым неше рет жасап көрсетті, бірақ қамырды шанышқымен тесуді білмеді ме, куыс болып кететін. Енді бұл "құпияны" міндетті түрде жеткізетін болам))) Үлкен рахмет!
KILYZAMAN
@AKA әлгі менің ұлым танысуға кетіп еді өзіңменен. Байқамадыңба? Ынжиып жақындаса алмай жүр ма екен өзі
AKA
 Сіз де айтасыз-ау…
Erkekyz
Міндетті түрде жасау керек екен. Рахмет, Ака.
madlen
Ахххх… Наполеон… Күшті ғой ол!
Мен Алматыда ең тәтті Наполеон қайда сататынын білем, ол Silk Way City. Мммм, сондағы вишневый наполеонның 1 тоннасын жеп қоюшы едім
blackbeard
Наполеон сияқты күшті жігіттер Наполеон жеуге шақырса, не дер едіңіз?
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 18:34
konvict
Қос жынысты әбіл
blackbeard
Қос жынысты әбіл
Өз жаратылысың туралы осындағы көпшілікке ескертіп өткенің дұрыс болды. Абай Отардың ориентациясын біліп жүргейсіздер ағайын
konvict
Сен секілді өзге жынысқа ауысып кеткеннен сол дұрыс секілді
blackbeard
Сен секілді өзге жынысқа ауысып кеткеннен сол дұрыс секілді
Уа, Керекинфо! Абай есінен адасты! Алла кешірсің сені Рамазан айында!
konvict
Қой болД, Ақнұрдың торт туралы постын былғама
blackbeard
Қос жынысты әбіл
Деп өзің туралы айтып сен бастағансың?
Қой болД, Ақнұрдың торт туралы постын былғама
Мынауың жеңілгеннің сөзі
Altygradus
Жасалуы ұзақ нәрсені ерінбей жасайтыныңнан айналдым
AKA
Пікір түзетілген: 15 тамыз 2011, 13:10
balzaminka
АКАжан, СЫРТТАНСЫҢ!!!
AKA
 ұялып тұрым, бірақ мағынасы қалай деп сұрай салайын…
balzaminka
bori alar adam dosyn syrttan dep ataidy negiznde, sondai-ak, jax adamdardy solai ataudn ew solekettigi bolmagan Satekenwe aitkanda)
AKA
 
Пікір түзетілген: 15 тамыз 2011, 12:58
balzaminka
АКАжан-ау, бәрімізді сүйіп шаршамадын ба
TERISKEY
Негізі Сырттан сөзін ер адамға қарап айтылады, соларға таңылады емес пе?
balzaminka
Напалеонды ерінбей істеген адамның еңбегі соған тұрарлық

Тек қана ер жігітке ғана бағышталған дегенді кездестірмеппін, сосын бізде м.р., ж.р. дегендердің жоқтығын есепке алсақ, кез-келген кісіге бағыттауға болатын шығар деп ойлаймын
meirzhan
Барлыбек Сыртанов деген Алаш қайраткеріне қатысы бар ма??
meirzhan
Жастар батысқа еліктейді. «Шыңғыс хан», "Әмір Темір" деген торттар қайда?
AKA
Еліктеушілікті қай жерден байқап қойдыңыз?
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 22:40
meirzhan
Наполеонды жеуден.
AKA
Еліктеушілік — Beyonce-қа ұқсап сәндену, киіну; Lady Gaga-ның әндерін тыңдап, соған ұқсап ән айту; Батыс жастарының өмір салтын ұстану! Ал, торт жасау — үйрену, жақсы жағын алу. «Орысты сыйла, өнерін үй­рен, білімін оқы, оны тең оты­руға шақыр, бірақ билетпе.» деген екен...(а) Сіз айтпақшы, «Шыңғыс хан», "Әмір Темір" торттарының бар екенін біле тұра, «Наполеон» тортын жасасам, онда мені «Батысқа еліктедің, өз ұлтыңның тағамын жасамадың!» — деп айыптауыңызға болады.
meirzhan
Менікі қалжың ғой.
Барған сайын саясатшыл болып келесің.
AKA
Сіз ғой, мені сол жаққа бұрып әкетесіз…
Пікір түзетілген: 15 тамыз 2011, 12:54
KILYZAMAN
(517.46 Kb, 2021x2819) — қымыздан ала отыр…
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 22:51
meirzhan
Рахмет. Қымыз бен құрт ұлттық тағам, сусынымыза ештеңе жетпейді.
AKA
Сіздің құрметіңізге, өз қолымнан шыққан сүйікті ұлттық тағамымның бірі — қолдың құртын ұсынамын!
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 23:04
meirzhan
О, рахмет.
Жастарымыз жан-жақты екен.
Altygradus
АКА маған құрт жібершіі ааа Алматыға
asaubota
Наполеон тортын жек көретіндер категориясынанмын. жыным келеді, жейін десең үгітіліп берекетің кетеді. отырасың сосын үсті басыңды қағып. дәмі де бір түрлі.
AKA
Осы әдіспен жасағанда түк үгітілген жоқ, кремдері де әдемі шықты!