Сен жайлы, 2 - бөлім

Тағы да жалғыздық. Қараңғы бөлмедегі сырты жылтыр темірмен қапталған пештің маздап жанған оты өз қабырғасына жылтылдаған белгісіз қызыл бейнені ойнатады. Тап бір сенің менен ұялғаннан бетің қызарып, жаутаңдаған бейнең тəріздес. Құлақты кернеген əсем əуенмен қараңғылықта жалғыз қалғанда біраз нəрсені ойға түсіреді екен. Иə, əлі арамызда біраз нəрсе бола қойған жоқ. Есесіне, мен сені біраз бақытты етіп, біраз жерді қыдыртып, біраз кездесіп тастағанмын(өз қиялым бойынша). Сенің жаныңнан жылу таппағандықтан пеші бар қараңғы бөлменің бір қуысына тығылғаным осы(əрине розетканың жанына). Түсінбегенім — сен неге басқалар сияқты емес екенсің? Неге басқалар сияқты əзіліме артынша жауап қатпайсың? Неге əңгімеге тартсам алшақтайсың? Бəлкім өзіңе ғашық етіп, жіпсіз байлап тұрған да осы «ерекшелігің» шығар? Өзіңе қол жеткізу мендік арманға айналды. Маған қолыңды берсең мен сені өзіммен бірге қараңғылықтың ішіне тартып аламын. Сон-соң екеуміз мына ығы-жығы, мазасыз, бірін-бірі таптап жатқан шаруасы көп өмірден бейхабар күй кешеміз. Тек қолыңды соз. Күтемін…
Блог - Pokemon: Сен жайлы, 2 - бөлім
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше