Сен жайлы, 6 - бөлім

Саған күніне кемі 3-4рет хабарласамын. Бірақ сен алмайсың. Толассыз қоңырау шалу мен үшін күн сайынғы əдетке айналды. Тіпті, сен симфонияға қойған Гомездің əні жаттанды болып қалды. Əр қоңырауда сол əнді бірге шырқаймын. Егер сен телефонды кенет алып қалатын болсаң менің дауысымды естіп қалар едің. Саған да менің телефонымның нөмірім жаттанды болып қалған шығар. Əр қоңырауға шыдамдылықпен алмай қарап отыру оңай ма? Мен саған сонда да ризамын. Мені қанша сергелдеңге түсіріп, сезімімді алқымнан алсаң да. Бұл айтқандарым сенің сабырлылығыңа, ерекше тəкəппарлығыңа тəнті болғаным. Деңгейім, статусым қанша болса да саған деген сезімімнің алдында бас игенім. Бірақ сенің алдыңда емес. «Енді сенен қол үзіп қалсам, сен секілді ерекше жаратылысты таба алмаймын»-деп түйдім ішімнен. Бəлкім, үмітімді үзбей келе жатқанымның сыры осы болар!?
Әрі қарай

Сен жайлы, 5 - бөлім

Біздің қауым(жігіттер қауымы) шет елді, жақсы өмірді қалайтын қыздарды ұнатпайды емес пе? Менде ұнатпаймын. Не үшін екенін айта берсең "Қобыланды батыр" жыры болар. Бірақ… Бірақ, сенің жөнің бөлек. Екеуіміз əңгімелескенде сені еуропаның əсемдігі, сəулеті қызықтыратынын байқадым. Əсіресе Франция. Ал сен мені қызықтырдың. Не деген қиялың ұшқыр, өмірге құштар едің. Сенің саяхаттауға қызығушылығың ұстанатын көзқарасыңның жоғары деңгейде екенін байқатып тұр. Менің ұнататын қалам сонау материк асып жатса да, енді одан бас тартып сенімен бірге Парижды армандайтын боламын. Бірақ, алдағы уақытта дəл сол кездегідей əңгімелесудің реті келмейтін сияқты. Себебі, сен бəрін біліп қойдың. Мен нақ сол үшінде сыртыңнан армандап отырмын бүгін. Бұл жазғандарым əрине сенің тек осы қасиетіңе қарап баға бергенім емес. Мен сені барлық қырыңнан ұнатамын, уайымдама. Баяғыда бір кісі 80дегі атамыздан сұраған ғой:
-Ата, 80жасқа келіп қапсыз, қорқыныштыма? Қалай?-десе атамыз:
-Өй, шырағым, түкте қорқынышты емес. 80дегі кемпірдің қасында жатқан оданда қорқынышты,- деп айтады дейді. Мен тілейтін едім: екеуміз мəңгі бірге болып, сол күнге жетсек екен деп))
Әрі қарай

Сен жайлы, 4 - бөлім

Сағат 4:15. Жұрт ұйқыда, тəтті түстерін көріп жатыр. Ал менде ол да жоқ. Ұйықтамай сені ойлаумен, сағынумен уақыт өткіземін. Түннің жарымында істейтін дым жоқ болғандықтан əзірге жалғыз алданышым 17ші канал MuzLife арнасы. Негізі сценарий бойынша осы уақытта сенімен сөйлесіп отыруым керек еді. Талай ғашық солай түндерін ұйқысыз өткізіп, өздерінің шынайы махаббаттарының лəззатына батқан, болашағына жоспар құрып, мəңгі бірге болуды армандаған. Білесің бе, ғашықтар неге түнді таңдайды? Себебі, түнде əлем ұйқыда, оларды тіпті жоқ деп есептеп, екеуі ғана қалады. Ештеңеден қорықпайды, қауіптенбейді. Түнде жұлдыздар қатты жарқырайды. Сенің көздерің тəріздес. Түн тыныштық. Жан рахатын сезінудің, сырласудың уақыты. Əрі қарай кетпей-ақ қояйын, əлі он сегіз жоқ…
Саған оралайық. Өте керемет, мінсіз жазылғалы жатқан сценарийді бұзғаныңды білесің бе? Саған не болғанын білмеймін. Бар білетінім мені мойындағың келмейтін сияқты. Өзіңе лайықты көрмедің бе, жоқ əлде артыңнан еретін жұрттың сөздерінен қорқасыңба менің сөздерімді аяқсыз қалдырдың. Мен сені барлық жаманшылықтан қорғайтын едім ғой? Егер сен қолыңды берсең… Е, давай онда, мен жаттым!-деп Бекзат сөзін аяқтап, жатты.
Әрі қарай

Сен жайлы, 3 - бөлім

Бүгін түсіме кірдің. Оянсам түсім жалғасып жатқан секілді болып көрінді. Өзім сондай қайғырып тұрдым. Айнадағы солғын тартқан жүзім соны байқатады. Сөйтсем ұйықтап тұрғанда түрім өзі сондай болады екен. Жарайды қалжың. Түсімде сенен айырылыппын. Көз алдымда басқамен кетіп бара жатыр екенсің(алдағы уақытта бұлай болмаса екен деп тілеймін Алладан).
Кетіп бара жатқан жоқсың, енді кетейін деп тұрсың. Айналамыз қаптаған адамдар. Сенің көзің менде. Сен оны қаламайтыныңды көріп тұрмын. Келіп мойныма асылсаң хотя бы қоштасқаным болар еді деп ойладым. Сосын сен келіп менің мойныма асылдың. Мені жақсы көретінін айтса екен деп ойладым. Сен мені жақсы көретініңді айттың. Тағы біраз нəрсені ойлап алайын десем уақыт жоқ. Түсім өз еркімде емес. Солай сен көз алдымда алыстай бастадың. Ал мен, мен болсам бейшара күйде екенмін. Сенен қол үзіп, ішіме қимастық пен өкініш ұялап тұр. Қолымнан бар келгені іштей «кетпеші»деу ғана болды. Сол сəттегі сезімімді осы күнге дейін сезініп көрген емеспін. Сенен айырылу барлығынан айырылып, ештеңенің мəні қалмау деген сөз емес пе? Таза естен айырылу деген осы болар сірə. Оянып, телефонымды қолыма ала сағатқа қарасам 8:15. Мектепке қоңырау шалып екінші сабақтан баратынымды айттым да асығыс киіне бастадым. Екінші сабақтан бару "ұйқымды" ренжітпейін деп, асықпай тұрып звонокта қаптаған оқушылардың арасынан басшыларға білдірмей кіріп кететін біз секілді жалқаулардың қулығы. Киініп жатып өз-өзіме келе алар емеспін. Түсімдегі қорқыныш тұла бойымда сақталып қалған. Тіпті сенен айырылып қалғандағы қайғырғаныма қарап саған деген махаббатымның бағасын, өлшемін сезіне алдым. Дала суық. Жол бойы сені ойлап келе жатырмын. Қорқынышты түсім анық қанығына жетуге ырық берер емес. Мұндайда жаныма желеу болып жүрген əуендерім көмек бере алмады. Жол бойы өз ойларыммен күресумен болдым. Мектепке кіре сыныптастарымның қолын бір-бір алып орнымда үнсіз отыра бердім. Мұндайды менен ешкім күтпейтін еді. Себебі, сыныптың көңіл күйін көтеріп, жанын кіргізетіндердің бірі мен едім. Олай отырғанымның себебі ойым тек сенде. Өзіңді бір көру ішімдегі алаулап тұрған жалынды толқын шайып, əп-сəтте өшіргенмен пара-пар еді. Бір сабақ біткенше тəртіпті оқушының кейіпін танытып отырдым. Əрине настроение жоқ. Əйтпесе сыныпты басына көтермесе Бекзат Бекзат бола ма? Қоңырауға дейін сені көруге асығып əрең шыдадым. 60минутым созылып 1сағаттай өтті. Қоңырау қалай соғылды солай сыртқа шықтым. Көзім жəймен айналаны шолыды. Достарым мақтап, əдемі дейтін қыздардың қаншамасы қасымнан өтіп жатыр. Көзім оларды көрер емес. Сені іздеп тұр. Бір кез байқадым. Алыста бір апаймен жолығып тұр екенсің. Менің сені алыстан бірден байқауыма көз жанарымның нашарлығы еш кедергі емес еді. Өз махаббатыңды қалай байқамауға болады? Сені сыртыңнан көрсем де арқамдағы ауыр жүк түскендей, өз-өзіме келдім. Түсімнің жалған екеніне көз жеткізіп, сенің сұлу күлкіңді ойша суретке түсіріп, #менікі деген хештэг қойдым. Тура бір жазықсыз он жылға сотталған адамның кінəлі емес екендігі дəлелденгендей күй кештім. Қандай сұлу едің. Қандай иманды едің. Мүмкін сенің нағыз қыз баласына тəн мінезің мен осы имандылығыңа ғашық болған шығармын…
Блог - Pokemon: Сен жайлы, 3 - бөлім
Әрі қарай

Сен жайлы, 2 - бөлім

Тағы да жалғыздық. Қараңғы бөлмедегі сырты жылтыр темірмен қапталған пештің маздап жанған оты өз қабырғасына жылтылдаған белгісіз қызыл бейнені ойнатады. Тап бір сенің менен ұялғаннан бетің қызарып, жаутаңдаған бейнең тəріздес. Құлақты кернеген əсем əуенмен қараңғылықта жалғыз қалғанда біраз нəрсені ойға түсіреді екен. Иə, əлі арамызда біраз нəрсе бола қойған жоқ. Есесіне, мен сені біраз бақытты етіп, біраз жерді қыдыртып, біраз кездесіп тастағанмын(өз қиялым бойынша). Сенің жаныңнан жылу таппағандықтан пеші бар қараңғы бөлменің бір қуысына тығылғаным осы(əрине розетканың жанына). Түсінбегенім — сен неге басқалар сияқты емес екенсің? Неге басқалар сияқты əзіліме артынша жауап қатпайсың? Неге əңгімеге тартсам алшақтайсың? Бəлкім өзіңе ғашық етіп, жіпсіз байлап тұрған да осы «ерекшелігің» шығар? Өзіңе қол жеткізу мендік арманға айналды. Маған қолыңды берсең мен сені өзіммен бірге қараңғылықтың ішіне тартып аламын. Сон-соң екеуміз мына ығы-жығы, мазасыз, бірін-бірі таптап жатқан шаруасы көп өмірден бейхабар күй кешеміз. Тек қолыңды соз. Күтемін…
Блог - Pokemon: Сен жайлы, 2 - бөлім
Әрі қарай

"Абайлаңыз, сиыр!" немесе депутат боламын десеңіз

Биылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фугадан» кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз мереке демалыстарына келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түңгі 12-ге дейін билет болмай «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды, пиар қадамдардың бірі « «Абайлаңыз, сиырға» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық бұл неткен кино екен деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты.
Киностан: Абайлаңыз, сиыр! немесе депутат боламын десеңіз
Алайда байқап қарасаңыз Баян мен режиссер Асқар Ұзабаевтың дуэті көрермендерін «Ғашық жүректегідей» қанағаттандыралмағандықтан «уаааудан» гөрі, түрлі «уау» емес піріклер жазыла басады.
Өзім «Абайлаңыз, сиырды» көріп шыққаннан кейін шынымды айтсам ұнады, не ұнамады деген пікір айта алмадым. Ұнады дейін десең ұнамаған жерлері баршылық, ұнамады дейін десең жанры комедия болғаннан соң біраз күлтіртіп алған жерлері де, кейібір актерлердің ойындары да жақсы болғандығын жасырып қалуға болмайды.
Фильмнің актерлер құрамы өте жақсы таңдалған. Бәрі халықтың сүйіктілері:
1. Азамат Сатыбалдыны жағымсыз кейіпкер ретінде бірінші рет көруім бір бөлек болса, әрдайым қазақша сөйлеп жүріп аяқ астынан орысша сөйлеп кеткенін қабылдай алмай қалдым. Азамат керемет актер, бірақ бұл оның рөлі емес!
2. Әбунасыр Серіков «как всегда в своем репертуаре» аузынан шыққан әрбір сөзі тыңдаушысын күлкіге қарқ етеді. Нағыз комедия осы кісі болды.
3. Кішкентайымызда «Перекресток». «Саранча» фильмдері арқылы ойымда жағымсыз кейіпкер ретінде сақталып қалған Азат Сейтметов бұл жолы өзінің нағыз мұғалім екендігіне сендірді.
4. Айгүл Иманбаева фильм бойы жыныма тиіп отырды. Енді біііііііііііір жағымсыз кейіпкер сөзім жоқ. Өмірде де сондай адамдар болады ғой. Өз кейіпкерін өте тамаша аша білген. Егер жағымсыз кейіпкер ешкімге шыныменде жақпаса өз рөлін тамаша сомдап шыққаны дегенді естіген едім. Сол сөз дәл Айгүлге арналғандай ойыны керемет.
5. Сием, ой, Сэм! Өзі сонда топ-томпақ қонжық сиақты. Бұл актердің түрі таныс, бірақ кім екендігін есіме түсіре алмай қойдым. Алайда Сэмді бұл фильмнің сүйкімдііііііііііі кейіпкері деп атар едім.
6. Айгүл Маратовна! Баян өз ісінің шебері ғой. Рөлін өте тамаша алып шықты. Романтикалық комедиядан комедияның элементтерін Әбунасыр Серіковтен көрсек, романтика Баянда болды.

Енді фильмге келсек.
Фильмнің басы сонааау 1993 жылдан басталады. Ол жылдар мен әлі кііііп-кішкентай сәби болғандықтан есімде жоқ. Алайда Қисық өз рецензиясында жақсы деген баға беріпті. Алайда басы батыстық молодежный фильмдердегідей группадан біреуді алып алып соншама мазақ ететіндігі ұнамады шынымды айтсам. Шыны керек біздің қоғамда соооондай жабайылық жоқ қой.
Фильм басталғаннан соң 10-15 минут өтер-өтпес басты рөліндегі Айгүл (Баян Есентаева) Аққайнар ауылына келген кезінде, кондуктор қыз «Орталыққа барамыз! Ұзынағаш! Ұзынағаш! Үш орын!» деп айқайлап жатқанда орнымнан тұра қалып сол автобусқа отырып туған ауылым Ұзынағашқа кетіп қалғым келді
Ауылды, ауыл халқын, ауылдың қиыншылықтарын: кедір-бұдыр жол, сеть ұстамайды, мектептерде сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталмаған деген сынды шындықты көрсеткен. Иә, қазіргі уақытта одан да жақсы ауылдар бар, бірақ шынымен де осы уақытқа дейін сеть жоқ ауылдар да баршылық екені өтірік емес. Алайда Айгүл әжетханаға барамын деп «Далекоооо за огородом» кетеді ғой сонда не үшін етті әжетхананың жанына жайып қойғаны (жалпы жазда етті солай жайып қойғанды өзім көрмеппін), ал малдың бастарын әжетханаға кіретін есіктің алдына іліп қойғанын шынымды айтсам дым түсіне алмады . Жалғыз қыз түнде, қараңғыда, қайдағы бір жоқ жерде жалғыз кір жуып, жайып жүр. Қыз баласы түнде суға бармайды, жалғыз жүрмейді деген қайда қалды??? 
Алдында кейбір актерлердің ойнағандары ұнады дедім ғой. Фильмде басты рөлдерде өз істерінің шеберлері ойнағанымен де жасандылық, мәтінді шынайы өмірді көрсетіп жатқаннан соң шынайы емес жаттанды айтатын кездер жиі кездеседі. Ең кішкентай мысал ауыл әкіміне әйелі «Неге маған гүл алмайсың?» деп айқайлап ұрысқанда не деп тұрғаны бір түрлі түсініксіз, «Неге маған гүл сыйламайсың?» десе бір жөн. Көзге түсіп қалатын осындай ұсақ-түйектер бааааар.
Қызық жерлері де жоқ емес ауыл әкімінің қызығынан өзге Айгүл Маратовнаға ғашық болып қалатын кавбой жігіттің «ерліктері», мұғалімнің баласының бұзақылықтары, Сэмнің бастан кешкендері дегендей есте қалар сәттер жетеді.
Фильмнің дыбысыталуында ақаулары бары шындық.
Фильмнің соңы хэппи энд болғанымен Марленнің түзелмейтіні өкінішті болды.
Фильмнің саундтректері ұнады! Әсіресе Арман Дүйсеновтың «Сен жайлысы»

Қорытынды: Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, ОРЫСша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рахмет айтамыз!
Не дегенімен фильм түсіру кез-келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да жаман, нашар деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда іштері ашығаннан соң солай бағалайды да, неге біздікілер солай жасай алмайды екен деп кеййді. Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ деп ақталады да қояды «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылда-жылда көрермендердің көңілін қалдыра берейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын

P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтседе рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды  Шындығында бүгін сетьке шыққан Арман Дүйсеновтың «Сен жайлысы» әсер етті
Әрі қарай