Бие сүтінің заманауи жағдайы

  • Автор
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің есімім Арман Бекеев. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келгенмін. Сол жердің орта мектебінде білім алдым. Оқу бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түскен болатынмын, алайда өкінішке қарай қаржылық қиындықтарға байланысты жоғарғы оқу орнын аяқтай алмадым.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

2011 жылдың күзінен бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Бүгінгі күні ИП «Жастар» деп аталатын құрылыс және саудамен айналысатын компаниям бар.

Бие сүтінен коктейль дайындау туралы идея менің Астанаға көшіп келуіммен байланысты. Бұл ісімді бастамас бұрын Сарыағаш ауданындағы базарда жұмыс істегенмін. Сол кезде қымыз сатуды қолға алған болатынмын. Алайда өкінішке қарай бұл ісім өңбеді. Өйткені адамдар қымызды құрамында алкоголі бар, кесемен берілетін сусын деп қабылдайтын. Бір күні осыдан неге тәтті коктейль жасап көрмеске деген ой келді. Сөйтіп қымыздан коктейль жасап сата бастадым. Бірақ бие сүті сиыр сүтіне қарағанда әлде қайда қымбат болғандықтан оны біздің ауданда алатын адам болмай, бие сүтінен жасалатын коктейлім сол күйі қалып кеткен еді.

Содан жақында теледидар қарап отырсам қымыз туралы бағдарлама болып жатыр екен. Ол бағдарламада Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 Халықаралық көрмесінде қымыз ұлттық сусын ретінде танылуы қажет екендігі туралы айтып жатқандығын құлағым шалып қалды. Сонда кезінде өтпеген коктейлімді ойға алдым…
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер Астана халқына байқап қарасаңыз көпшілігі үйлерінде емес сауда-ойын-сауық орталықтарында фастфудпен тамақтанады. Астанада фастфуд желілері өте қатты дамыған. Алайда қазіргі нарықтағы фастфудтардың саясында біздің отандық өнімдер қалып қойып жатыр. Оның үстіне интернеттен қарасаңыз қымызымызды немістер патенттеп алды дейді, ал қазақы етімізді ондай тағам кавказдарда да болған, ол қазақтың ұлттық тағамы емес деген сынды жазбалар да көптеп кездеседі…

Дәл бүйтіп кете беретін болсақ жақында осындай құндылықтарымыздан айырылып қаламыз ғой. Сол үшін мен өзіміздің ұлттымызға тән бие сүтінен ұлттық коктейль жасауды қолға алдым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Астанадағы фастфудтарда ең кішкентай 200 мл. коктейльдің құны 350 теңгеден басталады. Ал үлкендері 1800 теңгеге дейін барады. Алайда ол коктейльдердің барлығы шетелдік өнім, шетелдің Қазақстандағы жарнамасы. Ал мен отандық тауарға сұранысты арттыруды көздеймін. Егер Википедиядан қарап көрсеңіз қымызды бие сүтінен жасалатын вино деп атағандығын кездестіресіз. Негізі ол олай емес. Өйткені, оны кішкетай балалар да ішеді. Тіпті қымыздан нешетүрлі тағамдар дайындалады.

Болашақта қазіргі бастап жатқан жобам сәтті іске асып жатса, қымыздан коктейль ғана емес, балмұздақ сынды тағыда басқа тәтті тағамдар жасау ойымда бар.

Егер де нарыққа шығып жатсақ бұл коктейльдің бағасы 1000-1500 теңге аралығында болады деп жоспарлаудамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің коктейлім Қазақстанда қымыздан жасалған алғашқы коктейль емес екендігін айта кету керек. Себебі, Елордамызда маған дейін түңгі клубтардың бірінде қымызға бренди, мартини сынды алкогольді сусындар қосып коктейль жасаған екен. Ал мен қымызды ішімдік ретінде танылғандығын қаламаймын. Өйткені Қазақстанның ұрпағы алқаш болып емес, сау болып өсуі қажет.
Менің коктейлім Қазақстандағы қымыздан жасалған алғашқы алкогольсіз сусын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Менің жасаған коктейльдерімнің алғашқы дигустаторлары жолдас балалар мен құрбыларым.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бүгінгі күні бие сүтінен жасалған коктейльдің екі түрі бар. Бірі қымыздың кәдімгі ашытылған түрінен жасалған қышқылтым дәмі бар «Астана» коктейлі болса, екіншісі саумалдан жасалған тәтті «Махаббат» коктейлі».
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Жасалу жолына келетін болсам коктейльдің дайындалу барысында 100 пайыз табиғи өнімдер пайдаланылады. Бүгінгі күні қымызды өзіміздің Көкшетау облысындағы Бурабай кентіндегі фермерлермен келісіп, биенің таза сүтінен алғызудамын. Одан басқа тәтті дәм беру үшін сахароза мен ванилль, шоколад немесе жеміс-жидектер қосамын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Қазір мен сіздерге теорияда қалай жасалатындығымен бөлістім. Бұл коктейль әлі толықтай патенттелген жоқ. Кейін нарыққа шығып жатса да оның өндірістік құпиясы ашылады деп ойламаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Егер қымыздың тарихына үңілетін болсақ, ең алғаш рет қымыз сақтардың кезінде ойлап табылған екен. Ең ежелгі қымыз 550 жыл бұрын жасалған сақ қорғанынан табылған. Олар жылқының сүтін іше отырып одан жылқының күшін аламыз, өте үлкен күшке ие боламыз деп есептеген. Сол үшін оның жасалыну жолы дұшпандарының қолына түспес үшін, оны асқан құпиялықпен сақтаған екен. Осылайша биенің сүтін ашытып, қымыз жасау осы XX ғасырға дейін көрші басқа елдер үшін құпия болып келді. Олар тек қана XX ғасырға келіп қана қымыз қалай жасалынатынын білді. Ал дәл қазір XXI ғасырға келіп біз одан коктейль жасап отырмыз. Бұл "ұлттық коктейльдің" жасалу жолы құпия болып қалғандығын қалаймын.
Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Болшақта ингредиенттері құпия Coca-cola, Costa, Fanta сынды аты аңызға айналған ингредиенттері құпия ұлттық брендке айналады деп сенемін!

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Осы жерде менің бұл жобамды бірден қабыл алған «Үлес – 2020» компаниясының, мені қаржыландырып дамуыма мүмкіндік берген Астана қалалық әкімдігінің жастар саясаты басқармасының және менің «Ұлттық коктейлім» жайындағы ақпараттардың бұқаралық ақпарат құралдарының бетіне шығуына көмек берген «Аstana Іnnovation» АҚ-ның өкілі Саттар ағаларымның еңбектерін атап өтпеске болмайды. Осы кісілердің қолдауымен «Астана қаласының жастары арасындағы инновациялық идеялар мен жобалар» байқауына қатысып, 15 сәуір күні «Ең үздік инновациялық өнім» номинациясы бойынша жеңіске жеттіп, "Қозы корпеш — Баян сұлу" күніне орай менің «Махаббат» коктейлім осы күннің сусыны атанды.

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы

«МАХАББАТ» коктейлінің тарихы

Блог - rakisheva: Бие сүтінің заманауи жағдайы
Бие сүтінен жасалған тәтті «Махаббат» коктейлінің өзіндік ерекше тарихы бар.

Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2012 жылдың 1 қаңтарында анам қатты ауырып 4 қаңтар күні оны аудандық ауруханаға алып бардық. Сол кезде анама төртінші деңгейлі рак деген диагноз қойды. Төртінші деңгей рактың ең ауыр соңғы деңгейі болғандықтан оған ешқандай ем болмайтындығын түсіндік. Сөйтіп, емдей алмасақ та өмірін 1-2 айға болса да ұзартайық деп, әр түрлі ем-домдарды қарастырдық. Сонда қымыздың рак ауруына ем болатындығын біліп, күнде таңертең анама саумал әкеліп беріп жүрдім. Алайда ауруы асқынып кеткендіктен ол өкінішке қарай анама көмектеспеді.

Ал қазіргі уақытта рактың енді басталып келе жатқан 1 және 2 деңгейі кезінде ғылыми дәлелдерге сүйене отырып саусалмен емдейтін санаторийлер ашылған.

Осы жерде «Қымыз ағзаға қалай әсер етеді?» орынды сұрақ туындайды:

Ұқсас посттар

65 пікір

rakisheva
Үшінші турдың тәтті материал қабыл алаңыздар
satibaldi
Қандай фотоаппарат? Зарблады алғанда алмасам.
sammita
зарбладың көп пе сонша бәрін алатын
rakisheva
Бұл фотоаппараттың модасы өтіп кеткен уже. Кэнонның 2011 жылғы D1100 моделі
satibaldi
Жоқ, дәл осы фотоаппаратты осы зарбладымнан алам.
rakisheva
Жақсы, осы зарбладаңыз бұл Патапаратқа точно жетеді деп ойлаймын
satibaldi
Сен қаззақ емессің бе өзі? Зарблады — ол бәріне жететін дүние! Жетпесе — келесі зарблад болмай ма?
rakisheva
ОК  аға! Сіздің елден фотореп күтем онда
sammita
Бұл баланы Астаналық студент деп жазып жатыр ендеше. Білімі орташа емес, орта. Қайталап оқып түзетші көп жерлерін.
Ең тәтті қымыз біздің Көкшетаудың қымызы урряяяя
rakisheva
Студент деп өзгерт дейсің бе?
sammita
жоқ, білімі орташа емес, орта дұрысы.
rakisheva
Өзгертіп қойдым
zholantai
соткасы зор екен, уважение
Danyar
Жақсы бастама. Саттилик тилеймин. Қазақ қымызын әлемге танытуыңа, әлемдік бренд қалыптастыруыңа тілектеспін.
Arys_arlany
оқып болғаннан кейін пүліс бастым. Қымыз сағынып жүрмін. Өткенде 750 теңгеге 1,5 литр алып ішкен едім. бүгін айлық түссе, осы суббота тошны қымыз ішем. Коктеиль істей алмаим. үйленген соң әйелім істеп бермесе ))))))
rakisheva
Астанадан болсаңыз жақында осы қымыз коктейль сатылымға шығады деп жатыр… Керуеннен ішіп тұрарсыз
Arys_arlany
Астанаға қонақ баруымыз мүмкін ))))))
sammita
«зарблады алған соң ішем»© де))
Arys_arlany
 Сатекеңнен рұқсат сұрау керек олай жазу үшін. Патенттеп алған ))))))
Marco
Ішіп көреміз
bizbike
Жақсы бастама, іске сәт! Өткенде дүкенде айран деп алып қараған шөлмектің сыртында молочный напиток деп жазып қойыпты беларустар, ол сусынның атын Айран деп сыртына жазып қойғанын айтамын-ау. Очм ол айран емес екен.
sammita
ия, сырный продукт, молочный продукт, нағыз өнім емес, сәйкесінше бағасы да арзан.
MERmukhanov
Менің коктейлім Қазақстандағы қымыздан жасалған алғашқы алкогольсіз сусын.


Аха, халық сорлап жатыр еді қымыз ішіп алқаштанып.
ken
Сарыағаш ауданындағы базарда жұмыс істегенмін. Сол кезде қымыз сатуды қолға алған болатынмын. Алайда өкінішке қарай бұл ісім өңбеді. Өйткені адамдар қымызды құрамында алкоголі бар, кесемен берілетін сусын деп қабылдайтын.
Коктейлді жасай берсін. Жасағаны дұрыс. Бірақ бір нәрсені жақсы қылып көрсету үшін екінші бір нәрсені жаман қылып көрсету шарт емес қой. Еще онысын «адамдар солай дейді» деп тактично өзінен ысырып жіберіпті.)))
rakisheva
Ай, тролльдерім-аааааааааааааай! Әйтеуір еңбектеніп жатқан балаға тиісіп қалу керек қой  Жақсы көрем сендерді
MamaAya
)) мындай бар ғой, 1 мысық өзі жерде жатады да, жоғарыдаааа ілулі тұрған етке қарап, Фуууй, мына еттің сасуын-ай!!! -деген екен ғой, сол сияқты пікірлерді елемей еңбектене бер, керемет!!! Ал мына баланың қымызды дәріптеп, керемет сусын түріне айналдырып, соны кәсіп еткенінің өзі-Көп жатыпішерлікпен айналысатын араққұмарламен салыстыра отырып, аспанға көтеріп құрметтейтін тіршілік меніңше.))) Сол үшін мына жас кәсіпкерге жұмысына табыс, респект, саған 1.000.000 бұйырсын деп тілеймін!
rakisheva
Рахмет Мамитооооо ^_^
MERmukhanov
ОООО! Фейк жеңшем мұнда!
MamaAya
хм, қатырды бала, типа))))
MERmukhanov
личкаға әңгімем бар)
VKM
Күшті, Айнура плүстедім©
satibaldi
rakisheva
Аға, неге күле бересіз?
satibaldi
Өй, «ағаң» бар болсын сенің
Gastarbaiter
Біраз жазбаларды әлі оқып үлгермедім. Бірақ сенің фоторепіңнің қасынан немқұрай өте алмадым.
Қарапайым адамнан қаһарманды, қаһарманнан қарапайым адамды көре білу де өнер.
Сұрақ: «саумал қымыздан жасалған коктейль» дегені қалай? Биенің емшегінен шыққан бойда коктейль жасау ма?
rakisheva
Рахмет Гаста ағай  Бұл коктейлдің екі түрі бар. Бірі саумал қымыздан жасалған тәтті түрі Арманның анасының құрметіне атаған «Махаббат» деп аталады. Оны ішкенде тіпті қымыз екендігі білінбейді тәп-тәтті, иісі де жоқ. Ал екіншісі ашыған қымыздан жасалынатын коктейль «Астана» деп аталынады. «Астана» коктейлінің дәмін өзім көрген жоқпын. Арманның айтуы бойынша бұл коктейльдіердің ішінде «Астаналық» түрі сұранысқа ие екен. Одан аздап қымыздың иісі шығып тұрады, дәмі қышқылтым болады дейді. Саумал қымыздан жасау дегенді сіз " в точку " түсініпсіз, солай істесе керек  Себебі Бурабайдың фермерлерімен ешқандай ақшасына қарамастан таза саумалды Астанаға жеткізіп отырулары туралы келісім-шартқа отырдық деген. Егер алдағы уақытта Арманның осы бастамасы жемісті болып жатса… Астанаға келгеніңізде прям биеден шыққан «саумал қымыздан жасалған коктейльге» тойдырып жіберерміз
Gastarbaiter
Саумал биеден сауылып болған соң, жарты сағат уақыт ғана саумал деуші еді, бізде. Ал жарты сағат ішінде ішілмеген саумал ол қымыз болады. "Қырық" түрі бар ғой қымыздың.
Таңертең бие сауатын көршіміздің үйінің алдында небір бизнесмендердің машинесі тұрады, емшектен шыққан бойда, кесеге құйып ішіп кетеді, бір кесесін алтыжүз теңгеден.
neoaskar
Жасай берсін Жұмағұл! Әй бала, ісің оңға бассын. алған бетіңнен қайтпа, не де десе соны жесін. сен өз еңбегіңнің жемісін көр. Қымыз менікі, жоқ, мынаныкі, ой біздікі, Қазақтыкі қымыз!.. Әлі-ақ өзіміз патенттеп аламыз.
(айтпақшы көп қазақ патентті кеше білді ғой, оның не екенін, айтпесе, 19 ғасырдың басында патенттеп алатын еді).
Marco
Тақырып күмілжітіп отыр.
rakisheva
Түсінбей отырмын пікіріңізді. Толығырақ ашып айтыңызшы...
Marco
«Заманауи» сөз қабыспай тұр.
sammita
жағдайы деген де сәл...(
rakisheva
Аға, сіздіңше қалай дұрыс? «Бие сүтінің бүгінгі жағдайы» ма? Әлде басқа нұсқа ұсынасыз ба?
Marco
Не айтқын келгеніне байланысты ғой. Замануи жағдайы дегенде не айтқың келді? Жаңа заманға лайықтау ма? Әлде жай ғана қымыздың қазіргі жай-күйі туралы ма?
rakisheva
Тақырыпты қойғанда қымыздың жаңа заманға лайықталғандығын меңзеген болатынмын.
Aya
Сосын «саумал қымыз» деген тіркес болмайды. Саумал биеден жаңа сауылған сүті, ал қымыз ашытылған сүт. Содан кейін барып қана бесті қымыз, дөнен қымыз деп қосарлауға болады.
rakisheva
Солай айтып қойсаңдар түзеп қоямын ғой. Үйде мысық пен иттен басқа жануар ұстап көрмегеннен соң, қымыз ішіпегеннен соң оның түрлерін, атауларын, жасалу жолын осы блогиаданың арқасында біліп жатырмыз…
sammita
бие сауу бізден қалған деп па)) көңіліңе келмесін деп.
Olzhass
жақсы қозғалған тақырып. бізге осындай лимоннан лимонад жасап жіберетін, пайда көзін тауып кететіндер керек ақ.
ken
Патент иесіне не береді? Артықшылығы неде?
satibaldi
Зарблад береді де.
ken
кім береді?
MERmukhanov
Кім береді деп азғын қиялдарды өршітпең…
SaryQazaQ
Ашсын, сәттілік тілейміз. Астанаға барғанда Айнұр шақыратын шығар коктейллге)))
"өкінішке қарай бұл ісім өңбеді" өнбеді шығар негізі??
Соңғы түзету:
rakisheva
иә, Алла қаласа
Simona
Жарайсың!!! Осындай тапқыр жасөспiрiм қазақтарда көбейе берсiн! Позитив пост, оқып, iшiм жылып қалды  
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.