Құрмет

Блог - Kipshakkyzy: Құрмет
Кеше бір оқиғаның куәсі болдым. Жұмыстарымды бітіріп болған соң теңізді тамашалап қайтайыншы деп келе жатқам орталық алаңда. Әдеттегідей адамдар сеңдей соғылысып ары-бері жүріп жатыр. Бір кезде бір әуен шықты. Әскери киінген адамдар марш сияқтанған әуенді ойнап жатыр. Жүріп жатқан адамдардың бәрі тоқтай қалып сол әуенге ұйып тұра қалды. Мен де аздап қызықтап тұрдым да кете бердім. Бірақ әлгі адамдар әлі қатып тұр. Құтты бір бала кезде ойнайтын замри ойыны сияқты. Мен ғана жүріп бара жатқан. Әуен аяқталған соң, барлығы орнынан қозғалып өз жөндерімен кетті. Алдымда кетіп бара жатқан оқушылардан сұрап едім, ойналып жатқан ән әнұрандары екен. «Біз әнұранымыз ойналғанда бір орыннан қозғалмай осылай құрмет көрсетеміз. Ал мынау 29 қазан республика күніне дайындық жасап жатқан әскерлер»,- деді.
Жатақханаға келген соң, бұл оқиғаны бөлмедегі қызға айтып едім. «Иә, түріктер осылай құрмет көрсетеді. Мен бірақ олай істемеймін. Себебі мен күртпін ғой» дегені. Басымды шайқадым. Өгейдің аты өгей екен ғой. Ауасын жұтып, нанын жеп жүріп, өй, әкеңнің қызы! ))))
Ал бізде ше, ресми жерлерден бөлек әнұранды естігенде осылай құрмет көрсетеміз бе?
Бөлісу:

18 пікір

ken
Қызық көрінетін шығар. Көшеде келе жатқан адамдардың музыка басталған кезде орындарында тұрып қалатыны.
bake
естімеген елде көп, алары бар…
temir1986
ана қыз Түркияның өз тұрғыны ма
Kipshakkyzy
иә, тұрғыны. Сол елдің азаматы.
asaubota
ондай көзқарастағы күрдтер көп. қазір тіпті күшейіп бара жатыр
mercedes
Мен бірақ олай істемеймін. Себебі мен күртпін ғой
Дұрыс.
Kipshakkyzy
Несі дұрыс. Сол елде тұрып, сол елдің ауасын жұтып жүрген соң сол елге деген құрметі де болу керек.
mercedes
Қай елде тұрса да бірінші кезекте ұлт маңызды
Kipshakkyzy
Әрине ұлт маңызды. Бірақ, мен де өз елімізде тұрып жатқан өзге ұлттардың құрмет көрсеткенін қалаймын. Әр нәрсені өз басымыздан өткізіп көру керек керек.
mercedes
Мен егер басқа елде тұрсам да ол елдің әнұранын айтпас едім. Қазақстандағы қазақ еместердің біздің әнұранды айтпай тұрса оның еш сөлекеттігі жоқ
MERmukhanov
Күрдтер экстремистер ғой
Бір ұйғыр біздің әнұранға орнынан тұрмаса, қадау керек қой. Сол секілді.
Алайда, түріктер де қуғындауға бейім халық сияқты.
ken
Түркиядағы күрдтер мен Қазақстандағы ұйғырлардың арасында параллель жүргізгенің біртүрлі болды. Күрдтердің атамекендерінің бір бөлігі қазіргі Түркияның құрамында. Ал біздегі ұйғырлар ше? Қытайлардан қашып, ауып келгендер ғой.
MERmukhanov
нормальный параллель. келген жеріне қатысты емес, тұрып жатқан елдің әнұранына тұрмаса дим.
torgai
Негізі әнұранға құрмет осындай болуы керек деп ойлаймын. Ал жалпы рәміздерді жариялы түрде емес, өзің үшін ұлықтау қажет. Аяқ асты жатқан 1 теңге болса да көтеріп, қалтама салуға тырысамын. Біреулер көріп күлетін шығар, бірақ онда елтаңба бар. Өйткені, осыдан 7 жылдай бұрын Астанадағы автобустардың бірінде егде тартқан апа сығылысқан адамдарды итеріп, менің аяқ астымда жатқан 2 теңгені көтерді. Содан кейін маған қарап: «Сен көрмей қалдың ғой деймін. Оның артқы жағында елтаңбамыз бар. Білсең баспас едің.» деді. Ұялып кеттім. Содан бері сол кісі қарап тұрғандай болады да тұрады.
Kipshakkyzy
Ойландырып тастадыңыз. Шынымен де кейде аяқ астында жатқан тиынды көріп алуға арланамыз ғой. Ел не деп ойлайды деп.
asaubota
neoman
Жақында Астанада өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын тамашалауға барған едім. Жалғыз қазақстандық алтын алып, әнұран шырқалғанда, жанымда отырған бірнеше сақалдылар орнынан көтерілмеді. Патриотизм оянып, толғанып тұрған кезде олардың бұл әрекеті намысқа әжептәуір тиеді екен. Көзім шығып кете жаздады. Олар түгілі басқа елден келген спортшылар да әнұранды қақиып тұрып тыңдады
kerekinfo.kz/blog/4209.html#comment78897
Kipshakkyzy
Бізде намыс деген өліп кеткен сияқты ғой. Мына жақта орыстілді қазақтар үшін мен жауап беріп жатырмын түріктерге. Неге қазақ болып өз тілінде сөйлемейді деп миымды ашытқанда енді ))
Lyaila
Ұлттық рәміздерімізге деген құрмет көбінде спорттық сайыстарда, шет елдік сапарларда, яғни өзге ұлттың алдында өз құндылығыңды көрсетуде анық байқалады. Бұл мақтаныш пен намыстың, құрметтің нышаны! Былайғы өз топырағыңдағы күнделікті тіршілік ұлттық құндылықтың сарапқа түсетін жері емес, жеке бас мүддесінің басым түсетін межесі!