Құрмет

Блог - Kipshakkyzy: Құрмет
Кеше бір оқиғаның куәсі болдым. Жұмыстарымды бітіріп болған соң теңізді тамашалап қайтайыншы деп келе жатқам орталық алаңда. Әдеттегідей адамдар сеңдей соғылысып ары-бері жүріп жатыр. Бір кезде бір әуен шықты. Әскери киінген адамдар марш сияқтанған әуенді ойнап жатыр. Жүріп жатқан адамдардың бәрі тоқтай қалып сол әуенге ұйып тұра қалды. Мен де аздап қызықтап тұрдым да кете бердім. Бірақ әлгі адамдар әлі қатып тұр. Құтты бір бала кезде ойнайтын замри ойыны сияқты. Мен ғана жүріп бара жатқан. Әуен аяқталған соң, барлығы орнынан қозғалып өз жөндерімен кетті. Алдымда кетіп бара жатқан оқушылардан сұрап едім, ойналып жатқан ән әнұрандары екен. «Біз әнұранымыз ойналғанда бір орыннан қозғалмай осылай құрмет көрсетеміз. Ал мынау 29 қазан республика күніне дайындық жасап жатқан әскерлер»,- деді.
Жатақханаға келген соң, бұл оқиғаны бөлмедегі қызға айтып едім. «Иә, түріктер осылай құрмет көрсетеді. Мен бірақ олай істемеймін. Себебі мен күртпін ғой» дегені. Басымды шайқадым. Өгейдің аты өгей екен ғой. Ауасын жұтып, нанын жеп жүріп, өй, әкеңнің қызы! ))))
Ал бізде ше, ресми жерлерден бөлек әнұранды естігенде осылай құрмет көрсетеміз бе?
Әрі қарай