Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog

  • Автор
Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.

(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).

Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…


Тағы да солай басталатын жексенбі күнімді кофемнің таусылуы бұзады. Менен «осы өмірдегі ең ыңғайсыз жағдай не» деп сұрасандар: — «осырайын деген кезде байқамастан боқ шығып кетіп, дамбалдан асып, балаққа жеткені» дер едім. Ахахаха, әрине ол емес. Алғашқысы – ерініп жатқан кезде үйде бір зат таусылып, амал жоқ дүкенге бару. Екіншісі – бұрыннан жүрген бір қызбен қоғамдық жерлерде (мысалы: базарда) кездесіп калу. Бұл екі жағдай менің басымнан жиі өтеді. Бұл жағдай бұрынғы қыздарымның көптігінен немесе базарда мерзімі өткен sniсkers сатып жүргенімнен емес. Көк-Базар атты Қазақстанға танымал базардың қасынан пәтер жалдағандықтан. Не айтыватқан едім? Ия, негізі ойымда тез-тез үйдің қасындағы дүкенге барып, кофе мен сүт алып, кайфты бұзбай, күнді ары қарай жалғастыру бар еді. Бірақ, зайдүкенде займаккофе және зайналайын сүттен басқа дым жоқ екендігін байқаған соң амал жоқ, базарға жол тарттым. 10 грамы 100 доллар болған мысық боғынан жасалған копа-луак кофе іздеп жүрген жоқ едім әрине. Бірақ, маккофе ішіп ішті ауыртатын да жағдай жоқ еді.

Көшеден тез көтеріліп, базардын төменгі есігінен кірдім. Кіргенімсол еді, кіреберістің сол жағында сосиска (Hot-Dog) сататын дүңгіршектің атына қарап, тоқтап қалдым. Кәдімгідей Organic Dog жазып қойған. Hot-Dog деген сөз – жаргоннан тілге еніп кеткен сөз. Сосиска нанның шетінен кып-қызыл бұтақтай боп шығып тұрган соң студенттер қозған иттің шопағына ұқсатып, солай атаған. Яғни, ит етімен қатысы жоқ. Жаңағы дүңгіршеке «шынымен иттің етін сата ма не» деп, жақындасам, дүңгіршектің ішінде бір бомж тұр. «Мынауы несі» деп, тағы жақындап қарасам, дүңгіршектің әйнегінен өз бейнеме карап жатыр екем. «Ой, шешесс!» деп, көшеге қалай шығып кеткенімді сол сәтте байқадым. Шаш май-май! Бауырсақ пісіруге келетіндей батпақ. Үстімде — үйде анам болмағандықтан жер сүртетін шүберекке айналатын футболка және қатты ыстық суда жуылғандықтан белі босап, көтте тұрмай кеткен пижама. Аяқта кімдікі екені белгісіз 36-шы размерлі дәретхана тәпішкесі. Артында аяқтың өкшесі жерге тиіп жатса, алдында бір айдан аса уақыт алынбаған тырнақтар төмен қарай жас келіншектер сияқты майысып, көшеде самса жеватқан халықтын тәбетін ашып жатыр. Самса жеген жамағатқа бір салем!

Көшедегі бомж мені көрсе, маңдайымнан сүйіп, медаль іліп кететін түрді таныс елдер көрмесін деп, базардың ішіне кірмей, астынғы жақтағы контейнерлерге жүгірдім. Керек кофем мен 12 пайыз майлы сүтіме қоса негізі жек көретін китайский лапшаны қосып алдым. Ақшамды төлер кезде құлағымға таныс бір адамнын дауысы шалынды. Өте таныс дауыс… Кезінде маған «жаным» деген сол дауыс «қәзір колбаса алу керек» деген сияқты естірілді құлағыма. Артыма бұрылмай жақсылап тыңдадым. Ия, ия, дәл сол еді! Маған «сені сүйемін, бұқам, айдаһарым, давай еще...» деген дауыс «жааным, сүт те алу керек, бірақ, мынау қымбат екен, анау арзанынан алайық» деп, басқа бір жігітке сөйлеп жатты. Ақырындап артыма бұрылдым, қолдағы лапша домалап жерге құлап түсті.

Кезінде мен сүйген қыз, қол ұстасып, мал сияқты парктен паркке жүгіретін махабатым қазір болашақ күйеуімен бірге базар аралап жүр. Бір кездері жанымды бере алатындай жақсы көрген қызым базардың атына сай кейіппен қолындағы көкпенбек Ay-Gen Collection пакеттеріне азық-түлігін толтырып алған.



Мен сасқалақтап, қолдагы китайский лапшамды түсіріп алдым. Олар құлаған заттың дыбысына селк етіп, арттарына бұрылды. Мені көрмесін деп, рефлекспен артыма айналып, жерге қарай еңкейдім. Еңкейдім, бірақ, супермаркет емес кой нақ! Ортамызда маркет сөресі бардай тонқайғаны несі? Сізден сұраймын, артынызға бұрылған кезде аяғында қыздың тәпішкесі бар, тышатындай тонқайып алған және дамбалынан көтінің жырығы көрініп тұрған бір жігітті көрсеніз, не істер едініз? Ия, олар да дәл солай істеді! Ішектері қатқанша күлді. Ақырындап, ұялып тұрдым. Лапшам әлі де жерде жатыр еді. Мен сияқты эгосымен бірге құлап, кір болып жатыр байқұс…



Көздеріне қарадым. Лапшаның емес нақ! Бұрынғы қызымның көзіне. Ол да маған карады. Көзіне қарап, аздаған мейірім күттім. Бірақ, зайып алдың қызы жылмырайып алып тағы да қарқылдап күлді. Аяғыма қарады. Қыздың тәпішкесін киген тырнақтары тұяқ боп кеткен аяғыма. Бірақ мен едім сол. Сен кезінде сол аяқтардағы Prada-ға қарап қалған қыз едің. Сол жігітпен жүрген едің. Қазіргі жігітің әдемі киінген, бірақ, жақсылап қара. Базарда әртіс көйлек? Сенің ойыңша бір түрлі емес па? Мен оған қарағанда базардың имиджіне жарасатын формадамын. Қалай болса солаймын…

Сосын ойландым. Қой нақ! Карасай, жұрттар қыз ұстап алған. Мен болсам, базарда тәпішкемен жүрмін. Менің қасыма қандай қыз жоласын? «Қалайсың» дедім бұрынғы қызыма. «Жақсы» деді. «Жақсы» дедім, «ия» деді… Басқа сөз таба алмай, тебірендік. Ортасында жігітіне жаман көзіммен қарап қойдым. «Кім бұл нақ» деп, секіретін болса, дайын тұру керек. Ол өз жайымен, арзан колбаса сатып алудың саудасына түсіп кетіп, маған қараған да жоқ.

Қызға “не болды бізге, жаным?” дегендей қарадым. “Не дейсің?” дегендей қарады. Қайтадан «не болды бізге, жаным?” дегендей қарадым. “Не дейсің, дым түсінген жоқпын” дегендей қарады қайтадан. “Кет нақ!” дегендей қарадым. Көтін бұрап жігітінің қасына кетіп қалды. Бетіме қарап, адамша қоштасқан да жоқ. Өмірдің түрлі қиыншылықтарына тап болып, амал таппай, жаман жолға түсіп, Сайын көшесінің маңында тәнін сатумен күн көріп жүрген айелдің қызы.

Көз жасымды ішке ағызып, аналар қарамай тұрған кезде лапшамды алып, үйге карай жол тарттым. Диск сататын жігіттердің алдына тоқтап, жасырын порноларынан 2 талын сатып алдым. Жолда кетіп бара жатсам, көршінің баласы Нуржик артымнан жетіп келді. Жас жігіт қой үйге жеткенше көніл-күйімді айтып, ішімді босатайын десем: «Батыр аға, пижаманыз жыртылып қапты, деу тесік бар. Көтініз көрініп жатыр,» — дейді.

Сол күннен бастап Көк базарға бармауға ант еттім. Бірақ, дисктің бір талы сызылып, істемей капты. Амал жоқ, барамын. Әрине Hugo Boss костюм-шалбар және LV аяқ киіммен!

Ұқсас посттар

59 пікір

asaubota
көптен бері бұлай қатты дауыспен күлмеппін. әйелім мен балам таң қалып жатыр неге күліп жатсың деп. өзім мұрным бітіп тұмау болып отырмын
zhas_kazakh
керемет. неткен қиял десейш…
Zilola
Батыр ))) өлтіресің ващще
serjan
Интернет форумдағы батырсың ғой сен, ғажап туындылар шығарады екенсің.
batyr
сізде интернет форумдағы сержансыз ғой деймін )
serjan
Тек сені мына жазбадағы кейіпкерге қимайды екен адам.
torgai
Шырғалаң оқиға ғой. Кішігірім кино. Бастан өткен жайттардың көбі көз алдыма келсін. «Базар жоқта» монолог оқығандар садағасы кетсін
Marco
Кофе ішпейм, темекі шекпейм, лібә, бірақ тап қазір екеуін де істегім кеп кетті)))
Abilakim
«осырайын деген кезде байқамастан боқ шығып кетіп, дамбалдан асып, балаққа жеткені» 

Мен кейде өз көтіме де сенбеймін. Осырам деген кезде тышып қояды-деп біреу жиі айтушы еді)))
Жазба керемет!
Nurgisa
Ақыры әлемді дүр сілкіндіреді екенсің, есікті ар жағынан жауып, toilet.kz деген сайт ашып көр
konvict
 
аптыр жазып тұр
patick
 жынды этюд, нақ!
Zevs
көптен бері бұлай күлмеп едім. керемет жазылған
qisyq
Афффтор, жазптұр! Керемет!
Aramza
жылау керек жылау, Елдер неге күліп жатыр біреудің қайғысына? Қатыгездік басым әлеумет
xsanatos
Бұл ойдан шығарылған әңгіме ме? Шындық па?
Gastarbaiter
Базарда күнде осындай ситуациялар болатынына күмәнім жоқ. Тек жағдайдан әзіл көріп, оны баяндай білу екінің біріне берілмеген қасиет
Gastarbaiter
Батырды басқа қырынан таныдым))Неше айдан бері бір күлгенім болды. Ішек-сілем қатып дөңгелеп жатқанымның арасындағы паузаларда Батырдың біраз баяндаушылық қасиеттерінен эстетикалық ляззат алып, дамбалға бітіріп те үлгердім. Қисықтың асықпай детальдарына тоқталып, иірімдерімен, әріптерімен ойнап әдемі баяндау стилі де, патыр-пұтыр сатираны ақтарып тастап, оқырманын домалатып қойып, қарап отыратын Патиктің комизмі де, ішкі ойларын суреттегенде юмормен құлатқан үсті құлатып төмпештеп тұрғызбай тастайтын Сатыбалдының шеберлігі де бар. Ерекше стильдегі өтімді әңгіме шығыпты. +150!
Gastarbaiter
Айтпақшы, өзіңнің сүйікті «боқ» тақырыбына да қажетті құрмет көрсетіп бір атап өткенің де ұнады
asaubota
осыған ұқсас жағдайда болғандар бар ма?
Gastarbaiter
Дәл осылай бірнеше жыл бұрын, қарын ашып, маза қашып, көтімде «мәжбүрхипстер» стиліндегі дамбал, үстімде «мұқтажнигга» стиліндегі көйлек Никольский базардан соңғы ақшама екі келі картоп алып келе жатқанда алдымнан қызым шығып, пакетім жыртылып, картоп шашылғанын айтпап па едім?? Көбею инстинкті аман қалу инстинктінен басым түсіп, ұятты ысырып қойып, тоңқайып ап асфальт бойын жағалап домалаған сары трюфельдердің соңынан қуалап кеткенім бар. Қызымның «экс» емес, нағыз болғаны да, қасында топырлаған құрбыларының болғаны да тістеніп ап, "қанталапай" ойнап кетуіме кедергі болмады. Бірақ ұялдым базар жоқ
torgai
Өткен соң күліп жатырмыз ғой, өзіміздікі еске түсіп…
Erkekyz
Барып, өз көзіммен көріп келгендей әсер алдым )
VKM
Керемет жазылған, бірақ мен аяп кеттім… авторды
newkazah
Жақсы жазған екенсің!!! Бірақ бір айта кететін жәйт: Ой, шешесс, “Кет нақ!” қозған иттің шопағына-дегендей сөздеріңді басқаша мәнерде жеткізуге болатынді ғой. Осылай әркім боқтық сөздерді жаза берсе не болады ?!
Beisek
«ой шешесті» ощщщс десе болады. керекке кіретін балдырғандардан ұят болмайт
batyr
басқа мәнерде жетқізе алмаймын  бұл жазба болашақ ұрпаққа қалдыратындай әдебі кұндылығы бар шығарма емес. жай өзі басымнан өтқкен окиға. Хот-дог деген сөздін жаргондағы мағынасы қозған ит болса қалай басқаша жеткіземін? Жай жалеп деген сөзді пайдаланбас үшін: "Өмірдің түрлі қиыншылықтарына тап болып, амал таппай, жаман жолға түсіп, Сайын көшесінің маңында тәнін сатумен күн көріп жүрген айел" осыншама сөз шығады
Aldeken
Жай жалеп деген сөзді пайдаланбас үшін: "Өмірдің түрлі қиыншылықтарына тап болып, амал таппай, жаман жолға түсіп, Сайын көшесінің маңында тәнін сатумен күн көріп жүрген айел" осыншама сөз шығады
ӨРТ!!!
newkazah
мен сенімен санасам деген ойымда болған жоқ! Бірақ көпшілікке үсынған соң, кішкене болсада әдептілік болу керек деген ойым. Ал шешес, кет нақ деген сөздерді агентте дос, қүрдастар арасында ангіме айтқанда қолдануға болады. Қазақ тілі сөзге бай тілдердің бірі! Өзің айтпақшы: Жалеп -сөзін пайдаланбас үшін түнгі көбелек немесе жезөкше сөзін пайдалануға болады! Болашақ ұрпағын оқымасада, іні қарындастарын оқыса ұят болмайма? Бұл сайтқа мектеп оқушылары кірмесіне кім кепіл?!
konvict
Жаңа қазақ «түнгі көбелек» пен «жезөкшенің» жетісіп тұрғаны шамалы. Егер дәл осылай жазбаса посттың құны болмас еді.
newkazah
сонда сенің ойыңша боқтық сөз айтып адам күлдірген құнды зат па?
мен «түнгі көбелек» пен «жезөкше» сөзін жақсы дегенім жоқ. тек мысалға ғана айтып өттім. Батырдың жалеп -сөзін пайдаланбас үшін: "Өмірдің түрлі қиыншылықтарына тап болып, амал таппай, жаман жолға түсіп, Сайын көшесінің маңында тәнін сатумен күн көріп жүрген айел" -деп жазу керек болады деп (приколға әлде, шынымен солай ойладыма ?!)жазғанына жазғанмын!!!
P.S: мәселе жалеп сөзінде емес еді…
TOTY
Батырдың «стилін» түскі үзілістен келіп оқып, ас тарқаттық
ruben
 Ұжымдағы зылтая мылдёжь қыран-топан күліп, бір жасап қалды. Рахмет-с!
ruben
10 грамы 100 доллар болған мысық боғынан жасалған копа-луак кофе іздеп жүрген жоқ едім әрине. Бірақ, маккофе ішіп ішті ауыртатын да жағдай жоқ еді.
 зайдүкен түгіл кочтың жергілікті маркетінде де табылмай қалатын кез болады.
ibnabbas
Базар жоқ базар жоқ.Күлкіден ішім ауырып кетті
edige
Бір кездері қатыгез өмір…
Мықты шыққан…
edige
бұрыннан жүрген бір қызбен қоғамдық жерлерде (мысалы: базарда) кездесіп калу. Бұл екі жағдай менің басымнан жиі өтеді.
көп болған соң шығар?
madlen
Сенiн олай жургенiндi елестете алмайды екенмiн)))
asaubota
қысқа фильмін түсірсе ғой осының
Daniar-Alan
Сұрадым. Шын болыпты оқиға  аздап әсірелеген енД… бірақ…
abzalsariyev
базар жоқ)) қаттым))

пиэс: Орталарыңа қош келе жатырмын))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.