Павлодарлық шаруалар Астанаға 2 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізеді

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында шамамен 1,3 мың тонна өнім бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының Өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Павлодар облысының өндірушілері 2 мың тонна көкөніс өнімдерін жеткізеді.

Өткен аптада елордаға ауыл шаруашылық өнімдері бар алғашқы керуені жөнелтілген болатын. Елордаға келісі 55 теңгеден сатылатын сәбіз бен келісі 60 теңгеден сатылатын картоптың 40 тоннасы жеткізілді.
Қазіргі уақытта өнімдер екі бөлшек сауда орындарында – «Шапағат» және «Үлкен Шанхай» базарларында сатылады.

«Сауда орындары тегін ұсынылады. Қала нарығын толық қамту үшін бұл мәселені базарлар және дүкендер желілерімен қарастырамыз. Жаңа жыл алдындағы бағаны реттеу үшін қияр мен қызанақтар коммуналдық базарда сатылады. Қияр мен қызанақты «Шапағат» базарынан 10% үстемемен сатып алуға болады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында шамамен 1300 тонна өнім бар.

Комиссия картоптың бөлшек бағасын келісіне 60 теңге және сәбіздің келісін 55 теңгеге бекітті.

Сондай-ақ, қант тұрақтандыру қорының бағасы төмендейді, көтерме сауда бағасы — 215 тг/кг, бөлшек сауда — 230 тг/кг.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше