Астанада құлағы мүкіс еститіндер арасында футзалдан турнир өтті

Финалда жеңіс үшін Астана мен Көкшетау командалары жарысты, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана» спорт клубында қаладағы құлағы нашар еститін спортшылар арасында футзалдың кубогы бойынша ашық турнирдің баталиясы ойнатылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Оған 16 жастан жоғары футболистер қатысты. Үш команданың екеуі астананың атынан шықты, ал команданың атауы «Астана-1» және «Астана-2» болды. Үшінші команда Көкшетаудан келді.
«Құлағы мүкіс еститін спортшылар арасында Астананың футзал бойынша кубогының ашық турнирін жыл сайын Тәуелсіздік күні құрметіне орай өткізіп келеміз. Біздің балалар «Жігер» спорт клубында жаттығады. Кейбірі колледжде оқиды, кейбірі жұмыс істейді», — деді жарыстың төрешісі, ҚР мүгедектік спорты бойынша спорт шебері, «Жігер» спорт клубының жаттықтырушысы Тәжібай Таймамбетов.

Турнирдің финалында «Астана-1» мен Көкшетау командасы шықты. Бірінші таймда екі жақта тең түсті, сол себепті екінші тайм тартысты өтті. Десе де көкшетаулықтар басым түсіп, табанды күресте олар бәсекелесін басып озды. Есеп 3:2 болып Көкшетаудың пайдасына шешілді. Футзалдан Астананың кубогы облыстың қанжығасына кетті.
Бөлісу:

1 пікір