Астанада ең үлкен аққала мен мұз айдыны ашылды
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында «Қазақ елі» монументі алаңында мұз айдынының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Оның көлемі 3 600 шаршы метрге тең. Жалпы сыйымдылығы — 1000 адам. Маңында мұз төбешік орнатылған.
«Алғаш рет Тәуелсіздік күні қарсаңында мереке күндері, адамдар келіп, бос уақытын жақсы өткізу үшін – «Қазақ Елі» алаңында мұз айдыны ашылды. Өз конькилерімен келгендер тегін сырғанайды. Егер сізде коньки болмаса сол жерде жалға беру орындарынан алуға болады», — деді «Алматы» ауданы әкімнің орынбасары Тынысбек Арашапов.
Мұз айдын орталығында жаңажылдық шырша орнатылды, ойын-сауық іс-шаралар өткізу үшін сахнасы жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарларды және Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады.
Ыстық тамақ, сырғанауға арналған құралдар беретін орындар ашылған. Алаң аумағы шағын сәулет нысандарымен және жарықилюминді панномен безендірілген. Көліктерге арналған арнайы орын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
«Бұл алаң күзетілетінін білесіздер. Полиция бекеті бар, олар тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. Сонымен қатар, дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық қызметкер де болады», — деді Арашапов.
«Мен жақын жерде тұрамын. Салып жатқанда қарап жүрдім. Осындай барлық отбасымызбен демалуға арналған жерлердің көп болғаны жақсы. Әкімдік дұрыс жасады», — деді қала тұрғыны Нариман Қуанышев.
«Қазіргі кезде «Президенттік» саябақта «Хайвилл» ТК жағынан ең биік және ең үлкен мұзды тау ашылды. Оның ұзындығы 160 метрден астам. Оны «Астана көгалдандыру құрылысы» жұмысшылары салған.
Бұл жерде де ыстық тамақ, сырғанаққа арналған құралдарды жалға беретін дүңгіршектер бар. Демалушылар қауіпсіздігі мен тәртібіне қызғылт сары түсті желет киген еріктілер қарап отырады. Аязға қарамастан сырғанақ тебуге келгендер саны өте көп. Экстремалды демалыс түрін жақсы көретіндерге осында қарда жүретін машиналар, солтүстік елігі және пони жегілген шаналар ұйымдастырылған.
«Қазақстан» СК жанынан Ақбұлақ бұлағы жағасында жылдағы дәстүрге сай сырғанақтар орнатылған.
Мұнда да биіктігі 15 метр жаңажылдық шырша орнатылған, конькиді жалға беру пункттері және ыстық тамақ нүктелері ұйымдастырылған. Кіреберісі мен аумағы шағын сәулеттік пішіндермен безендірілді.
Өткен жылдағыдай «Жерұйық» саябағында 5000 шаршы метр мұз айдынын ашу жоспарда тұр. Бұл жерде мұз сырғанағы. Сондай-ақ, ыстық тамақ, конькиді және тюбинг (ватрушка) жалға беру пункттері ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, барлық алаңдар AstanaWinterland жобасы шеңберінде ашылуда, жоба аясында 12 тақырыптық алаң, 32 мұз айдыны және 36 мұз төбешік қаланың түрлі аудандарында бой көтеріп, іске қосылды. Жалпы алғанда барлық ойын-сауық орындарында 4 мыңнан астам іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Пікір жоқ әзірше