Астаналықтар таксиде жиі нені ұмытады?

«Astana taxi» компаниясы әдетте клиенттердің жеке заттарын қалдырып кететінін айтты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Компанияның такси жүргізушілері клиенттердің әдетте сөмке, әмиян, ұялы телефондарын жиі ұмытып кететінін айтты.


«Astana taxi»-дің ақпаратынша, өткен аптада клиенттер таксиде алты зат ұмытқан олар: жүк сөмкесі, сөмке, әмиян, ыдыс, қолғаптар және қораптағы аяқ киім. Ұмыт қалған заттардың барлығы иелеріне қайтарылған, ал аяқ киім иесі уақыт болғанда алып кететінін айтқан.


«Таксиде ұмыт қалған заттары туралы жолаушы бірнеше әдіспен хабарлай алады. 15800 нөмері арқылы колл-орталыққа хабарласуға болады немесе 8 (7172)577707 номері арқылы сапаны бақылау бөліміне хабарласа алады, әлеуметтік желілерде хабар қалдыру, + 7 700 555 76 07 нөмері арқылы Whats App-қа хабарлама жазу».


Егер клиенттің ұмыт қалдырған заты табылып жатса диспетчер зат иесіне хабарласып, заттың қай көлік жүргізушісінде екендігін айтады, ал сапаны қадағалау бөлімінің менеджері клиенттен затты қалай алу ыңғайлы болатынын анықтайды. Ұмыт қалған затты қайтып алудың екі түрі бар. Біріншісі, ұмыт қалған затты такси жүргізушісі офиске әкелуі, ол кезде клиент затын өзіне ыңғайлы уақытта офистен алып кетеді. Екінші түрі, клиент ұмыт қалдырған затын нақты бір мекенжайға әкеп беруін сұраған кезде.  


Бөлісу:

1 пікір