Қала түйткілдерінің рейтингісі – елорданы жүйелі жақсарту және дамыту негізі
Бүгін Астана әкімдігінде қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеген 11 айда тұрғындардан келіп түскен өтінімдердің негізінде құрылған «Қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингі» жобасының нәтижелері шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
iKomek орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қаланың жүйелі түйткілдерінің панелі елорда тұрғындарының барлық өтінімдерінің базасы болып табылатын BIG DATA-ның көмегімен құрылады.
Талдамалық үлгіге өтініштер мен жағдаяттар қайталуының, өтініштегі мәселенің резонанстығы мен күрделілігінің өлшемшарттары негіз болады. Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі елордадағы түйткілді мәселелердің актуалды жағдайын көрсетіп, автоматты түрде жаңарады.
iKomek бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың қаңтарында құрылып, коммуналдық қызметтер мен қалалық басқармалардың барлық байланыс орталықтарын 1-0-9 қысқа нөміріне біріктірді. Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, елорда тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдау арқылы аталмыш сервисті белсенді түрде пайдалануда.
Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі Қалалық даму акселераторы зерттейтін қаланың жүйелі түйткілдері туралы дереккөздердің бірі болып табылады.
Әкімдік аясында құрылған Астана қаласының Қалалық даму акселераторы – бұл түрлі саладағы қаланың жүйелі түйткілдерін шешуге, сонымен қатар қысқа уақыт ішінде (100 күнге дейін) қала дамуының стратегиялық KPIs-ке қол жеткізуге арналған бірнеше аклерациялық штабтар. Қалалық даму акселераторы әдіснамасы мәселелерді қысқа мерзім ішінде (100 күн) және минималды бюджетпен немесе тіпті онсыз шешудің үздік тәжірибесі негізінде қалыптасты.
Әрбір штаб – сарапшылардан (әкімдік, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар) тұратын жұмыс тобы. Жұмыс тобы жобаны идеядан бастап, түбегейлі іске асырылғанша және жоспарланған әсерге қол жеткізілгенше жетелейтін болады.
Әрбір тұрғын жүйелі түйткілдер шешімін бастама етіп көтеріп, iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жүгініп, елорданы жақсарта алады:
- Telegram чат-ботына хабарлама жіберіңіздер: t.me/astanaikomek109_bot
- Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеңіздер
- Елордалық әкімдік сайтындағы www.astana.gov.kz жеке кабинетте өтініш қалдырыңыздар
- 109 нөміріне тегін қоңырау шалыңыздар
Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды!
Пікір жоқ әзірше