Астананы тазалауға 2 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды тәулік бойы iKomek орталығына жолдауға болатындығын еске салады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Астана Тазалық» ЖШС мәліметінше, санитарлық тазалау жұмыстары әрбір ауданда жүргізілуде, бүгін көшені тазалауға 1814 жол жұмысшысы шықты.


Сарыарқа ауданында 33 мердігер ұйым жұмылдырылды.


18 қарашадағы жағдай бойынша жинау жұмыстарына 499 жол жұмысшысы қатысты, мамандандырылған техниканың 123 бірлігі шықты, оның 40 бірлігі – жүк түсіргіш, 16 бірлігі – жүк тиегіш техника, МТЗ-щетка – 11 бірлік, МКСМ – 5 бірлік, ПМ – 29 бірлік, құм сепкіш – 10 бірлік, автогрейдер – 6 бірлік, алақанды жүк тиегіштер – 6 бірлік.


17 – 18 қараша аралығында 185 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Қар полигонына 16 қарашадан – 18 қарашаға дейін 12426 текше метр қар шығарылды.


Алматы ауданында қар тазалау жұмыстарына 493 жол жұмысшысы қатысты. Жұмылдырылған техникалар:


Жүк түсіргіш – 55 бірлік, жүк тиегіш техника – 30 бірлік, МТЗ-щетка – 32 бірлік, ПМ – 54 бірлік, құм сепкіш – 9 бірлік, автогрейдер – 2 бірлік.


Есіл ауданында қар тазалау жұмыстары күшейтіле түсті. Бірінші кезекте магистралды көшелер тазартылды, аялдама кешендері, ішкі орамның жолдары және денсаулық, білім объектілеріне кіре беріс жолдар күрелді. Қазіргі таңда қар тазалауға 322 бірлік арнайы техника және 534 жол жұмысшысы шықты. Таңғы сағат 6-дан 12.00-ге дейін 1753 текше метр қар шығарылып, 243 текше құм-тұз қоспасы себілді. Жұмыстар жалғасуда.


Байқоңыр ауданының санитарлық тазалау жұмысына 16 мердігер ұйым кірісті, тазалауға 288 жол жұмысшысы және 117 мамандандырылған техника қатысты: жүк түсіргіш – 44 бірлік,  жүк тиегіш техника – 26 бірлік, МТЗ-щетка – 22 бірлік, ПМ – 16 бірлік, құм сепкіш – 5 бірлік, автогрейдер – 3 бірлік, Ас-машина – 1 бірлік.


13-17 қараша аралығында 1119 м3 құм-тұз қоспасы үлестірілді. 7059 текше метр қар шығарылды.


13 қарашадағы жағдай бойынша қар полигонынан 573 текше метр қар шығарылды. 


Астана әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады. Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады.


Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты


Әкімдіктің astana.gov.kz сайты


Әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеу:


Facebook www.facebook.com/astana109/


Instagram www.instagram.com/astana109/


Telegram-канал https://t.me/astana109112.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше