Қаламыздағы аула клубтарына 3,5 мың бала барады
Қазіргі кезде қалада 27 аула клубы жұмыс істейді. Мұнда 133 спорттық секциялар мен шығармашылық үйірме бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Соңғы сегіз жылда қаламызда «Аула клубы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асуда. Аула клубтары балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ашылған болатын. Мұндай ұйымды ашумен «Астана жастары» орталығы айналысады.
«Көпбейінді спорттық-мәдени орталықтар ретінде аталмыш клубтар балалар мен жасөспірімдерге өздерінің бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге көмектесіп, оларға дұрыс тәрбие беру ісінде маңызды рөл атақарады. Аула клубтары балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алып, олардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді», дейді «Астана жастары» орталығының директоры.
Қаламыздағы аула клубтарына 3,5 мың бала барады.
Ақысыз негізде аула клубтарында түрлі балалар тәрбие алады.Олардың қатарында ювенальды полицияның тіркеуінде тұрған жасөспірімдер де бар.
«Біздің клуб екі Әлем чемпионын тәрбиеледі. Киокошункай каратэден өткен Әлем біріншілігі 3-4 қарашада Астанада өткен болатын. Сол жарыста 2 шәкіртіміз чемпион атанды», — деді «Алан», «Ерасыл», «Жас Барыс» аула клубтарының басшысы Дастан Алдашев.
Елорданың аула клубтарында 76 спорттық секция және 57 шығармашылық бағыттағы үйірмелер бар. Ең танымал үйірмелер мен секциялар — каратэ, дзюдо, бокс, қоян-қолтық ұрыс, бейнелеу өнері, хореография, шахмат, домбыра және күрес.
Оның ішінде «Балауса» және «Бәйтерек» аула клубтарына мүмкіндігі шектеулі адамдар да барады.
27 клубтың 10-ы «Алматы» ауданында, 9-ы «Байқоңыр» ауданында, 4-і «Есіл» ауданында және 4-і «Сарыарқа» ауданында жұмыс істейді.
Пікір жоқ әзірше