Алматы ауданындағы 50 отбасы сыйлыққа жылы киімдер алды
Астанадағы Оқушылар сарайында қайырымдылық концерті мен Алматы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға жылы киімдер табыс етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шара Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «20 Izgi Qadam» акциясы шеңберінде өтті. Акцияға «Niyet Charitable Foundation» ҚҚ ат салысты.
«Ниет» қайырымдылық қоры – коммерциялық емес ұйым, ол өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады.
Бүгін қайырымдылық акциясы шеңберінде Алматы ауданының аз қамтылған 50 отбасына жылы киімдер берілді. Осы жылдың соңына дейін аудан аумағында тұратын тағы да 300 отбасы көмекке ие болады. Қор астаналық аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына, қамқорлықтағы жетімдерге, мүгедек балаларға LC WAIKIKI компаниясы табыс еткен 10 000 жаңа киімді беруді жоспарлап отыр.
«Астана күнін мерекелеу шеңберінде Алматы ауданы әкімінің аппараты аталған шараны ұйымдастырды. «20 Izgi Qadam» шарасының қолдау мен көмекке мұқтаж астаналық отбасылар үшін маңызы зор. Бүгін Алматы ауданында тұратын отбасыларға жылы киімдер табыс етілді. Барлық отбасына денсаулық, отбасылық игілік, балаларының қадам алысына сәттілік тілеймін. Ең бастысы, осындай шараның арқасында балалар қайырымдылық жасауды, жақсылықпен бөлісу керектігін есте сақтайтын болады», — деді Алматы ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Мұхамедияр Қожекенов.
Пікір жоқ әзірше