50 мыңнан астам астаналық жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазды

Іс-шара көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Қалалық тілдерді дамыту және мұрағат басқармасында 14 қарашада Астана қаласында жаңа қазақ алфавитінің негізінде жазылған республикалық диктанттың қорытындысы белгілі болды,


«Астанада 50 мыңнан астам адам диктант жазды. Олардың арасында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жоғары және орта оқу орындары, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер, мәдениет, спорт, медицина, халықты әлеуметтік қорғау, энергетика және басқа да салаларда қызмет ететін мамандар бар», — делінген хабарламада.


Басқарма мамандары іс-шара көпшіліктің қызығушылығын тудырғанын айтады.


Қазақ тілі әліпбиінің латын жазуына ауысуына байланысты жалпыұлттық диктант жазу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі көтерген болатын.


Шараға 15 жастан асқан азаматтар қатысты. Диктант бір күнде, бір уақытта жазылды. 

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше