Астанада балалар шығармашылығының конкурсы басталды
Бүгін Оқушылар сарайында балалар шығармашылығының «LAULA -2018» халықаралық байқауы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты білім басқармасына сілтеме жасап.
Конкурстың мақсаты — шығармашылық әлеуетті дамытуға жағдай жасап, балалар мен жасөспірімдер арасындағы дарынды орындаушыларды анықтау.
Халықаралық байқауға қатысамын деушілер өз арыздарын бір ай көлемінде 1 қарашаға дейін жолдай алды.
Сайыс жеңімпаздары «Халық әні», «Эстрадалық ән», «Аспаптық өнер», «Халық аспаптары», «Эстрада – джаз аспаптары», «Балалар биі», «Эстрадалық би», «Халық биі» сынды аталымдар бойынша анықталмақ.
Байқауға 5-тен 17 жасқа дейінгі жеке орындаушылар мен шығаршылық ұжымдар қатысады.
Пікір жоқ әзірше