Ерекше көрме: ғарышта болған заттар астаналық ОСО қойылды
Астана тұрғындары мен қонақтары MEGA Silk Way ОСО ғимаратындағы ерекше «Қазақстандық ғарыш жолы» шағын көрмесіне барып, өздері үшін ғарыш әлемінің алып та тылсым сырын аша алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көрме Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың бастамасымен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Шара мақсаты – Қазақстанның ғарыш қызметін танымал ету, отандық ғарыштың жетістіктері мен болашақтағы жоспарларын, сондай-ақ заманауи ғарыш технологиясының қызметіне халықтың қызығушылығын арттыру.
Шағын көрмеге ерекше қолданбалы құнды заттар қойылды. Оның ішінде ғарыш парашютімен жерге түскен капсула бар, онымен Қазақстанның үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, ҚҚК генерал-майоры Айдын Айымбетов «Союз ТМА – 16М» ғарыш кемесімен жерге қонған болатын. Мұнда оның скафандры және KazEOSat-1 және KazEOSat-2 қашықтықтан зондпен тексеру спутнигінің макеті бар.
Сонымен қатар, көрмеге Қазақстан ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпараттық тақтайша бұрышы орнатылды.
«Біз аталған көрменің сауда-ойын сауық орталығында кең көлемді әрі қызықты алаңға айналарына сенеміз. Көрмені дәл осы сауда-ойын сауық орталығына орналастыру идеясын біздің әкім ұсынды. Бұл келушілердің өздеріне ғарыш әлемі туралы қызықты да ғаламат әлемді ашуын, ғарышты бағындырудың қандай екенін көздерімен көруі үшін жасалып жатқан дүние», — деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Оның сөзін Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Марат Нұрғужин де қолдады.
«Бұл көрме Қазақстанның ғарыш саласындағы қызметін насихаттауға арналған. Біле білсеңіздер, Қазақстанда ғарыш саласы – ең жас сала. Бірақ соңғы он жылда жеткен жетістігіміз өте зор. Бізде екі ғарыш жүйесі жұмыс істейді. Қарашада біз үшіншісін босатамыз. Жерүсті инфрақұрылымы құрылды. Біз 2 ғарыш бағдарламасын орындадық. Елімізде үш ғарышкер барын мақтан тұтамыз», — деді ол.
Көрмеге келген балалармен ғарышкерлердің өздері де өмірлік тәжірибесі туралы бөлісті. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров көрмеге алғаш келушілерге үш адамның көмегімен 6 сағат ішінде жерге оралатын жерге қонушы аппаратпен таныстырды.
«Көрме қатты ұнады, өзім үшін көптеген жаңалықтар аштым. Бұл балалар үшін де өте пайдалы. Осында алған ғарыш туралы ақпараттар балалардың мектептегі ғарыш туралы сабағына, жеке дамуына көмегі тиюі мүмкін», — дейді № 70 мектептің 8 сынып оқушысы Биназ Асаинова.
Көрмені 1 қарашадан 2019 жылдың 31 наурызына дейін тамашалауға болады.
Пікір жоқ әзірше