Астанада үш аула клубы ашылды
Алматы ауданында балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған жаңа орталықтар ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Balausa клубында басқа балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, бокс, қазақша күрес және домбыра үйірмелері ұйымдастырылған.
Ал «Сандық» орталығы қолданбалы өнер саласына баса назар аударады. Өнер және қолөнер дағдыларымен қоса, мұнда тігін, модельдеу және киім дизайны бойынша сабақтар жүргізіледі.
23 style аула клубында брейк-данс үйірмесі ашылды.
«Барлық жаңа орталықтар балалар үшін тегін қызмет көрсетеді. Жаңа клубтардан өзге, қазіргі уақытта қалада 24 аула клубы бар. «Астана Жастары» тұрғындарға спорт және өнермен тегін шұғылдануға мүмкіндік беретін ұйымдардың санын 30-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр», – деді «Астана жастары» орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.
Аула клубтартарына үстел теннисінен чемпион тәрбиелеген, бокс пен қазақша күрестен халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, сондай-ақ екінші санаттағы мұғалімдер, логопедтер мен білікті жаттықтырушылар шақырылды.
Бүгінгі таңда елордада балалардың дамуына тегін көмек көрсететін 27 аула клубы жұмыс істеп тұр. Жаңа орталықтар Кенен Әзірбаев көшесі 8 және 4/1 мекен-жайы бойынша орналасқан.
Пікір жоқ әзірше