Астанада Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері анықталды

Бейбітшілік және келісім сарайында әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Мерекелік іс-шара Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы аясында өтті.


Осы жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағына ІІІ республикалық конкурсты өткізді. Әлеуметтік саладағы келесі қызметкерлер республикалық комиссияның шешімімен жеңімпаз атанды:


«Зейнетақы жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында – зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Гүлжан Сұлтанғазиева (СҚО);


«Әлеуметтік сала жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының ди⁠ректоры Айнагүл Сабырова (Ақмола облысы);


 «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша – дефектолог Бибігүл Жартыбаева (БҚО);


«Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясында – «балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесі (Қызылорда облысы);


«Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясында – «Амаль-Иман» қоғамдық қоры (Алматы қ.);


«Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы бойынша – Жұмыспен қамту орталығының маманы  Раушан Құбайдуллина (Ақтөбе облысы);


«Әлеуметтік саланың үздік менеджер-ұйымдастырушысы» номинациясында – «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесі ди⁠ректорының орынбасары Гүлмира Кенжебаева (Қызылорда облысы).


«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» номинациясында – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Ләззат Тілекина (Астана қ.);


«Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» номинациясында – Әбдімәлік Әйтімов (Қызылорда облысы);


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» үздік қызметкері номинациясында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының орталық филиалының бас маманы Атамекен Ашмаханова.


Бөлісу:

1 пікір