Мектепке дейінгі білім беру жүйесі реформаланады
Білім және ғылым министрлігі Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша мұғалімдерге арналған ұлттық тестілеу жүйесі сияқтымектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәлімгерлерін де тестілеуді жоспарлап отыр. Тест қорытындысы бойынша тәлімгерлер категория алып, соған сай еңбекақы алатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қазір мұғалімдердің мәртебесін көтеру бағытында, олардың жалақы, сапалы білім беру үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Елбасы тапсырмасы бойынша 2-3 айда «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қабылданады. Онда педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, оқу жүктемесін қысқарту және керексіз тексерулер мен басқа да шаралардан қорғау қаралған.
Елбасы Жолдауында білім саласының дамуы да айтылды. Онда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету, ортақ программа енгізу және тәрбиешілердің білім сапасын жақсарту.
Бүгінгі таңда осы бағытта МЖӘ жақсы дамыған. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар сандық үлесі 30 % құрайды. Бұл әлемдік көрсеткішке сай. «Балапан» бағдарламасының аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95 %. Астана бойынша – 80 %. Елбасы тапсырмасы бойынша 2019 жылы бұл көрсеткіш 100 %-ға жетуі тиіс», — деді ҚР БҒМ-нің стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департамент директоры Бахтияр Маликов.
Оның сөзінше, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиенің ортақ бағдарламасы жасалып бекітілген. Мектепке дейінгі білім беру орталықтары мұғалімдері мен тәрбиешілерінің білімін көтеру бағытында біліктілікті арттыру курстарын ашу жоспарланған.
Курстар дайын. Бірақ, бізде жылына курстан 1000 тәрбиеші өтеді. Біздің ендігі мақсатымыз олардың санын 1000-нан 15 000-ға дейін өсіру. Сонда біз екі жылдың ішінде барлық тәрбиешілерді қамтитын боламыз», деді ол.
Сонымен қатар тәрбиешілерге мұғалімдерге арналған сияқты ұлттық тест жасалатын болады. Соның қорытындысы бойынша олар категория мен тиісті еңбек ақы алатын болады.
«Бала қауіпсіздігіне байланысты айтар болсақ қазір еліміз бойынша мектептердің 80 %-ы, ал балабақшаның 60 % бейнебақылаумен жабдықталған. Астанада мектептер 100 %, балабақшалар 62 % қамтамасыз етілген. Бұл жақсы көрсеткіш. Елбасы тапсырмасына байланысты бұл көрсеткіш 100 % болуы тиіс», деді Маликов.
Оның сөзінше, мектеп психологтарының жұмысы күшейтіліп жатыр. Осы бағытта БҒМ мен шетелдік мамандардың атсалысуымен ортақ бағдарлама жасалған. Психологтардың біліктілігін арттыруға арналған ұлттық тест енгізіледі. Соның қорытындысы бойынша оларда жаңа категория алып еңбекақыларын көтере алады.
Пікір жоқ әзірше