Жылу маусымы штаттық режимде өтуд

Энергия көздерінің отын қоры жылуды үздіксіз беру үшін жеткілікті мөлшерде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Астанада жылу маусымы 4 қазан 2018 жылы басталды. Бүгінде жылу жабдығына 2412 көппәтерлі тұрғын үй, 36 денсаулық сақтау объектісі, 13 мәдени нысан, 168 білім беру объектісі қосылды.


Қалада 2 энергия көзі бар (ЖЭО-1 және ЖЭО-2) және қуаты 100 Гкал дейін автономды қазандық бар. ЖЭО-1 қуаты 710,7 Гкал жылу энергиясы және 15,6 МВт электроэнергиясы, ал ЖЭО-2 бойынша 1800 Гкал жылу энергиясы және 460 МВт электроэнергиясын құрайды. 


Көмірдің қоры 317 782 тоннаны құрайды, оның ішінде ЖЭО-1 – 55 065 тонна және ЖЭО-2 – 262 717 тонна. Мазуттың қоры 5154 тоннаға тең, оның ішінде ЖЭО-1 2865 тонна және ЖЭО-2 – 2289 тонна. Сонымен қатар мазуттың қосымша резервтегі көлемі 5382 тоннаны құрайды.


 «Нормативтік 20 тәулік ішінде ЖЭО-1 бойынша көмір қоры 36140 тоннаны құрайды және ЖЭО-2 – 185420 тоннаны құрайды. Энергия көздерінің отын қоры жылуды үздіксіз беру үшін жеткілікті мөлшерде», — деп хабарлады Астана отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.


Халықты қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі тұрақты түрде көмір жеткізудің мониторингін жүргізіп тұрады. 12-15 қазан аралығында астанаға 100 вагон (6938 тонна) көмір келіп түсті, оның:


— 41 вагоны (2841 тонна) «Шұбаркөл» маркасы;


  — 33 вагоны (2296 тонна) «Майкөбе» маркасы;


  — 25 вагоны (1732 тонна) «Қаражыра» маркасы;


 -  1 вагон (69 тонна) «Богатырь» маркасы.


 «Көмір сататын жерлерде» қатты отынның жалпы қоры 17 қазан бойынша 11 мыңнан астам тоннаны құрайды.


 «Нарықтағы көмір ахуалы тұрақты бақылауда. «i-Көмек 109» қызметінің базасында халыққа арналған жедел желі құрылды. Халық арасында айқай-шуды төмендету мақсатында және көмір нарығындағы жағдайды тұрақтандыру  үшін әкімдік көмір жеткізушілермен бағаны өсірмеу туралы меморандумдарға қол қойды, сондай-ақ халық арасында көмірді ертерек сатып алу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, теміржолдардағы көмір сататын орындардың бары туралы күн сайын мониторинг жүргізетін мобильді топ құрылды.


 «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалдаушыларымен, өкілетті министрліктермен, жүк арту және көмірдің жеткізілуі бойынша ақпаратты дер кезінде бөлісу, халықты күн сайын БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы ақпараттандырып отыру үшін жедел жұмыстар жүргізілуде», — делінген ведомствода.  


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше