Астанада бірнеше көшеге жаңа шамдар орнатылды

Елордада көше және оралым ішін жарықтандыру белсенді жүргізілуде. Қаланың 600 көпқабатты үйінде жарықдиодты шамдар пайда болды және ескі типті шамдарды жаңа үлгідегі шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. М

ысалы, қосымша жарық орнату бойынша жыл басынан бері 1500 шам орнатылған, оның 700-ден астамы жарықдиодты шам. Айта кетейік, көшені жарықтандыруды аудан әкімдерінің қолдауымен «Астана калалық жарық» ЖШС жүргізеді.

Серіктестіктің мәліметі бойынша, жаңа шамдар Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында, «Заречный» тұрғын үй алаптарында және «Тельман», Агроқалашық ауданында пайда болды. Сонымен қатар, Атбасар, Иманов, Уәлиханов, Сәтбаев, Күйші Дина, Рысқұлбеков, Абылайхан, Айнакөл және Байтұрсынов көшелері бойындағы көпқабатты үйлерге шамдар орнатылған. Ал биыл Студенттер саябағында ескі бағаналар мен электр шамдарын парктік жарықтандыруды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, «Байқоңыр» ауданы көшелерінде 270 метр кабель монтаждау жүргізілді, ал «Есіл» ауданында 1-15 қазан аралығында 116 метр кабелді желілері қалпына келтірілді. Қазіргі кезде Е 16, Ш. Айтматов көшелерінде және Қорғалжын тас жолы оралым ішін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Байқоңыр» ауданындағы 53 көшеге, «Сарыарқа» ауданына қарасты Желдірме, Бесшатыр көшелеріне және Қоғалы, Маралсай тұйық көшесіне, «Шығыс Ильинка» тұрғын алабына орнату жоспарлануда.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше