Астанада жаңадан ашылған онкологиялық орталықта 8 мыңға жуық адам ем қабылдай алады

Елбасы осы жылғы Жолдауында Денсаулық сақтау министріне Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құруды тапсырған болатын. Онда онкологиялық ауруды емдеудің ең үздік методикасы еңгізіледі.

«Біз Америкада, Кореяда, Түркияда, Еуропада оқып, үлкен аудит жүргіздік, осы елдердің негізгі клиникаларының тәжірибесін қолдана отырып жаңа онкологиялық орталық тұжырымдамасын құрдық. Онда еліміздің барлық өңірлерінде енгізуге келмейтін әдістемелер кіріп отыр», — деді ОКҚ өткен брифингте Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ди⁠ректоры Диляра Қайдарова.

Әңгіме, бірінші кезекте, сәулелік, лазерлік терапия, оның ішінде киберпышақта, Қазақстанда тұңғыш протонды орталық құру, диагностика және иммундық-емдеу.

«Елімізде онкологиялық ауруға шалдыққандарды емдеу тегін жүреді. Қазір қосымша зерттеулер жүргізу үшін 5 жылға қосымша 35 млрд теңге бөлінді. Компьютерлік томография және МРТ-дан бөлек молекулалық, генетикалық және иммуногистохимиялық зерттеулер жүреді. Сондай-ақ, телемедицинаны және телепатология дамыту қаладық. Енді шетелге барып тексеріліп, емделіп қажет емес ондай тексеру мен емдеуді біздің институтта да қолға алдық және пациенттерге аурудың қандай ауыр түрі болса да кеңес береміз. Оның бәріне қаражат қаралған, пациенттерге бәрі тегін болады. Сонымен қатар, жаңа онкологиялық орталықта 8 мың адамды емдеу көзделіп отыр, бәрі тегін емделеді. Тек шетел азаматтарына ақылы болмақ», — деді еліміздің бас онкологы.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше