Астаналықтар алғашқы көмек көрсету курсынан өтті

«Ақ Жүрек» қоғамдық қорына қарасты тренинг-орталықта алғашқы көмек көрсету бойынша курстар жүреді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Статистика бойынша адамның жүрегі тоқтап қалған соң алғашқы екі минутта көмек көрсету өте маңызды. Егер көмек осы алғашқы екі минутта берілсе адамның өмір сүру кепілдігі  70 %-ға дейін артады. Бірақ, адамдардың  90 %-ы көмек беру керек кезде сасқалақтап өздері не істерлерін білмей қалады. Осы себепті де «Ақ Жүрек» қоғамдық қорында шұғыл медициналық көмек көрсету курсы ашылған.


«Біз тек дефибрилляторды қалай қолдану керектігін айтып қана қоймаймыз, біз адамның жүрегі ауырған кезде мысалы, инфаркт, инсульт немесе эпилепсия бола қалған жағдай қандай ем-шара қолдану керектігін оқытамыз. Ең бастысы сасып қалмай алғашқы екі минутта көмек көрсету», дейді «Ақ Жүрек» қоғамдық қорының директоры.


Бұл бағытта студенттерге ден қойылуда. Қор жоспарында Астанадағы колледж және ЖОО-ның 150 мың студентін оқыту. Оларға осы орталықтың мамандары  курстар өткізетін болады.  


«Біз тек дефибрилляторды қалай қолдануды ғана емес жүрегі ауырып отырған жанды көргенде қандай әрекеттер жасау керектігін айтамыз. Біз бірінші кезекте жастарды курстан өткізгіміз келеді, қазір қалада 150 мың студент бар. Олардың барлығын оқытуға тырысамыз, болашақта олар өздерінің туған-туыстарын үйрететін болады»,  — дейді Р. Масхутов.


Сонымен қатар, алғашқы көмек беру курсында оқимын деген кез-келген адам оқи алады. Ол үшін 8 701 801 5555нөмері арқылы тренинг-орталыққа хабарласу керек. Орталық ашылғаннан бері нұсқаушылар 500-ден астам адамды оқытып үйреткен.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше