Астанада «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты халықаралық конференция өтті

Елордадағы № 59 лицейде Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Аталмыш жиын осымен бесінші рет ұйымдастырылған. Жиында Елбасы Жолдауындағы білім саласының басымдықтары талқыланды. Сондай-ақ, білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарының қалай жүзеге асырылып жатқаны сөз болды.


Қазіргі уақытта Қазақстанда педагогикалық білім беруді жаңғырту жалғасуда, үш тұғырлы тілге көшу,  «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының құндылықтарын оқытуды енгізу.  


«Біздің мектеп 4 жыл жаңарған формада жұмыс жасауда. Балалардың білім жетістіктерін салыстыра келе, біз оқушыларымыздың функционалды сауаттылық және логикалық ойлауға жақсы екендігін байқадық. Олар ашық тапсырмаларды жеңіл шешетін болды», — деді Қостанай облысы пилоттық мектебінің директоры Қадиша Қалеева.


Конференцияға білім беру саласының 250 маманы қатысты. Пленарлық және сессияларды 20 баяндама оқылып талқыланды.


«Қазіргі таңда басты мәселеде инновациялық шешімдер. Менің баяндамам білім бағдарламаларына қатысты. Біздің университеттің оқытушылары 23 білім бағдарламасын әзірледі. Қазір мектептерде оқыту бағдарламалары өзгерді, соған сай жаңа жоғары білікті мамандар қажет», — дейді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалыми хатшысы Ұлмекен Нұрғалиева.


Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар білім беру жүйесінің қоғамдық сана-сезімді жаңғыртудағы рөлін де қарастырды. Білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалімнің жаңа стандарттар жағдайында әдіснамалық және әдістемелік қызметпен қамтамасыз етуі.


Гонконг университеті білім факультетінің Басқарма төрағасы (Гонконг), математикалық білім профессоры Леунг Фридерик «Білім саясаты мен практикасы үшін TIMSS нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.


«Қазақстан білім саласында айтулы жетістіктерге жетіп жатыр. Осындай конференциялар жыл сайын өткізеді. Бұл кездесуде біз білім саласының кемшіліктерін анықтап, оны шешу жолдарын қарастырамыз және жақсы нәтижелерге жетуге талпынамыз», — деді профессоры Леунг Фридерик.


«Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында нақты ұсынымдар қабылданды.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше