Соңғы екі күнде Астанаға 40 вагон немесе 2796 тонна қатты отын келіп түсті
3-4 қазанда астанаға 40 вагон немесе 2796 тонна көмір келіп түсті.
Оның ішінде 2 вагон немесе 138 тонна «Шұбаркөл» маркасының көмірі, 4 вагон немесе 279 тонна Майкөбе, 8 вагон немесе 560 тонна Қаражыра, сондай-ақ 12 вагон немесе 839 тонна Богатырь маркасының көмірі және 14 вагон немесе 980 тонна Кузнецкий маркасының қатты отыны бар. «Көмір сататын орындардағы» жалпы көмірдің қоры 5 қазандағы жағдай бойынша – 10723,8 тоннаны құрайды.
Бұрын хабарлағанымыздай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын.
Келесі дәліздерде көмір бағасы белгіленді:
* Шұбаркөл – тоннасы 13500-14500 тг;
* Қаражыра – тоннасы 14000 тг;
* Майкөбе – тоннасы 12000-12500 тг;
* Богатырь көмірі – тоннасы 8500-9500 тг;
* Кузнецкий – тоннасы 12000-12500 тг.
Әкімдіктің мәліметінше, Осы жылдың 1 тамызынан 3 қазанға дейін 77,5 мың тонна көмір өндірілді.
Айта кетейік, нарықтағы көмір ахуалы Астана қаласы әкімдігімен күн сайын бақыланады және мониторинг жүргізіледі. Ал «і-Көмек 109» базасында арнайы халық үшін жедел желі құрылды.
Пікір жоқ әзірше