«Has sanat» галереясында Шоқан Төлеш пен Ботагөз Төлештің «Алтын жол» атты экспозициясы ашылды

Ботагөз және Шоқан Төлеш отбасылық шығармашылық суретшілер, олардың жұмыстары тамаша рух, материалды таңдау, сюжеттерімен және стилімен ерекше.


Ботагөз Төлеш гобелен тілінде өз эмоцияларын, сезімдерін, интуициялық өзін өзі тану қабілетін ғасырлар тоғысындағы бірегей және таң қаларлық әдемі жұмыстарын ұсынған. Көне қолөнер бұрыннан өнер кеңістігіне ұмтылуда, мұнда прагматика емес эстетика бар. Суретшінің қолынан шыққан эстетика қиялды таң қалдырады. Тақырып сан алуан туған елдің табиғатынан бастап, отбасы ошақ қасы секілді әйел бейнесі, шарықтап ұшудың символы бола білген құстар жайлы.



Менің жұмыстарымдағы образдар мен сызықтар өзімнің мінез-құлқымды көрсетеді. Жұмыстарымның басты түстері: көк, жасыл, қоңыр, сирень және сары түстер. Кейде өзімді басқа тұстан және динамика бергім келгенде ашық түсті материалдарды таңдаймын. Жұмыстарым арқылы мен адамдарға жақсылық, жақсы дүниелердің бізді қорғап тұрғанын көрсеткім келеді. Оларды құстың, қыздың, табиғаттан табуға болатынын айтқым келеді. Бастысы бұны жан дүниеңмен қабылдау», — деді суретші Ботагөз Төлеш өзінің жұмыстары туралы.




Көрменің екінші бөлігіне белгілі мүсінші Шоқан Төлештің жұмыстары қойылған. Мұнда әр жылдары ағаштан, қоладан, тастан және шыныдан жасалған ең үздiк дүниелер әкелінген. Мүсінші жұмыс барысында қола, алюминий, күміс, алтын, жез, ағаш, тас, шыны, түрлі тастарды қолданады. Металл өңдеу техникасын жетік меңгерген ол осылайша сақ, ғұн, түркі кезеңдерінен келе жатқан ата-баба дәстүрін 21 ғасырға сай етіп көрсетеді. Оның мүсіндері көптеген елдердің галереяларында, мемлекеттік мұражайлары мен жеке коллекцияларында сақтаулы.



«Өз жұмыстарымда түрлі ойларға беріліп, әр түрлі пікірлер мен адамдардың көңіл-күйін беремін. Мен үшін адам болашақ жұмысымның идеясы, мотиві. Ал ары қарай мен өзімнің қиялыма еркіндік берем де түрлі форма, ойымның эмоциясын беруге тырысам. Егер сіз өзіңізді тапқыңыз келсе скульптураны жан-жағынан қараңыз, сіз осы кезде  жаныңыздың нені қалағанын түсінесіз», — дейді шебер, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі Шоқан Төлеш.



Шеберлердің ұсынып отырған жұмыстары Қазақстанның қазіргі заман өнерінің «алтын жібі». Осымен-ақ көрме атауы анықталып тұр. Төлешовтердің шығармашылық жолы қоршаған ортаны ұғыну шын мәнінде «алтын жол» іспеттес.



Көрме  Қонаев, 14 мекенжайындағы «Has sanat» галереясында 24 қазанға дейін өтеді.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше