Астана әкімдігінде ең қажетті азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды
Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен калалық әкімдіктің кезекті жиынында ең бірінші қажетті деген азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігнің ресми сайты.
Жиын барысында Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысы Әлішер Абдықадыров пен «Астана ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов көтеріліп отырған мәселе бойынша қаладағы қабылданған шаралар туралы баяндады.
Соңғы төрт жылда астанада инфляцияның орташа және өсім динамикасы тұрақты, 7,5 % құрағаны айтылды.
«Біз аймақтар арасында баға деңгейінің өсуі бойынша 3 орында тұрмыз. Бұл жақсы көрсеткіш», — деп мәлімдеді Ә. Абдықадыров.
Оның пікірінше, астанадағы жақсы көрсеткіш «Астана ӘКК» АҚ 2016 жылы іске асырған сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының арқасында жетіп отыр.
«Біз желілерге пайызсыз займ ұсынамыз, олар ақшаны өздерінің қажеттілігіне қарай алады және бағаны белгілейді, яғни біз олардың бағаны өсірмеу тәуекелін өтейміз. Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен нарықтық механизм», — деді ол.
Бүгінге дейін «Астықжан» супермаркеті мен «КенМарт» гипермаркетімен әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Қойылған шартқа сәйкес, желілер 25 тауар позициясына баға белгіледі. Олар: макарон, май, ұн, сүт, қаймақ, тұз, ірімшік, жұмыртқа, тауық нан және т.б.
«Осы жүйенің арқасында біз бүгінде өзге аймақтар арасында баға өсімі бойынша 8-ші позицияда тұрмыз. Енді осы бағдарламаны кеңейтіп, тізімде белгіленген тауарлар санын көбейткіміз келеді. Әрине бұған басқа да сауда желілерін тартамыз», — деді Н. Жақыпов.
Айта кетейік, мониторинг бойынша бүгінде қаладағы сауда үйлерінде күріштің бағасы 240-тан 300 теңге аралығында түрленіп тұр. Ең төменгі баға күріштің бір килосы «Шапағат» базарында 240 теңге болып бекітілді. Қарақұмықтың бағасы («Шапағат» ЖШС 110 теңге, «Артем» СҮ 180 теңге, «Әсем» СҮ 150 теңге), макарон өнімдері («Шапағат» ЖШС бір келісі 270 теңге, «Артем» СҮ 320 теңге, «Әлем» СҮ 330 теңге), ұн («Шапағатта» килосы 210 теңге, «Артем» СҮ 360 теңге, «Әлем» СҮ 350 теңге және «Әсем» СҮ бір килосы 280-300 теңгеден). Одан басқа, шай, қант, тұз және күнбағыс майын осы жерден арзан бағаға сатып алуға болады. Мысалы, шай арзан, бағасы шамамен 200 теңге. Бұл жерден сондай-ақ бір кило ет пен ет өнімдерін және де сүт пен сүттен жасалған өнімдерді 150-200 теңгеге дейін арзан сатып алуға болады.
«Мысалы, әрбір бесінші килограмм ет қаладағы «Шапағат» базарында сатылады екен. Себебі, онда қала бойынша ең төменгі баға – килосы 1350 теңгеден сатылады. Ал қала бойынша орта есептегі баға 1680 теңгені құрайды», — деді Ә. Абдықадыров.
Пікір жоқ әзірше