29-30 қыркүйекте Астанада ШҚО шаруашылық жәрменкесі өтеді

Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отыр. Шығыс жәрменкесі Қ.Мұңайтпасов көшесі мен «Қазақстан» спорт кешені аумағында таңғы 9:00-ден сағат 18:00 –ге дейін жалғасады.

Өнімдердің бағасы Астана базарларымен салыстырғанда 15-20 % төмен болатын көрінеді.

Аталған жәрменкеге Өскемен, Семей қалаларымен қоса 15 аудан бірдей атсалысып, жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдер ұсынатын 50 сауда орны ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, бұл күні астаналықтар Алтайдың бренді – ара балын сатып ала алады.

Жалпы жәрменкеде құны 210 млн теңгені құрайтын 300 тонна ауылшаруашылық өнімі саудаланбақ.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше