Демалыс күндері Ақтөбе және Түркістан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарына сәйкес, осы жылдың 22-23 қыркүйегінде Астана қаласында Мұнайтпасов көшесі, 9 «Қазақстан» СК алаңында Ақтөбе және Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындары қатысады. Аталмыш облыстан бас қалаға келетін өнім көлемі 200 тоннадан астам.
Ал, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге жалпы сомасы 201 млн теңгені құрайтын 496 тонна өнім шығарады.
Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады: еттің барлық түрі, картоп және көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа, балық, бал, шұжық өнімдері, ұн және ұн өнімдері, түрлі сусындар және басқа да өнімдер ұсынылатын болады.
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20%-ға төмен болады.
Пікір жоқ әзірше