Астана полицейі интернет алаяқтардан қалай сақтану керектігін айтты

Астана Ішкі істер департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына интернет алаяқ фактілеріне қатысты ескерту жасайды. Ведомстваның мәліметінше әлеуметтік желіде алаяқтықтың телефон арқылы жүргізілетін жаңа схемасы пайда болған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Полицейлер айтқандай, бүгінде iPhone мобильді телефонын заңсыз блокқа қоюға байланысты алаяқтық көбейіп кеткен және ары қарай оны ашып беру үшін ақша сұрайды. Алаяқтардың схемасы әртүрлі. Қаскүнемдер көбіне «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі тұтынушылардың аккаунтын бұзып кіріп, достар тізіміне iCloud аккаунтыңмен кір деген өтініш хабарлама таратады, яғни «жоғалған» телефонын тауып алу үшін. Содан соң, смартфон белгісіз біреудің атынан блокқа түсіп қалады.


«Алаяқтықтың тағы бір тараған түрі – алаяқтар сатып алушының кейпіне еніп, whatsАpp мессенджері арқылы интернетте айфон, айпад сату туралы хабарлама берушімен хат жазысады. Жазысу барысында алаяқ iCloud-ның барлық моделге сәйкес келмейтінін айтып, құрбандығына логин мен паролін жіберіп, өзінің аккаунтын тексеріп беруін өтінеді. Келісімнен соң зардап шегуші бөтен ақпаратты өзінің телефонына енгізеді, ары қарай алаяқ ұялы байланысты ашып беру үшін QIWI электронды төлем жүйесі арқылы ақша төлеуін ұсынады», — делінген астаналық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Астана ІІД қызметкерлері азаматтарды барынша сақ болып, әлеуметтік желі ресурстарында араласу барысында бөтен адамдарға сене бермеу керектігін ескертеді.


Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше