Астана ЮНВТО қалалық туризмі бойынша жаһандық саммит өткізудің құқығын жеңіп алды

2019 жылы қалалық туризм бойынша 8-ші саммитті Қазақстан астанасында өткізуді жеңіп алғаны туралы Оңтүстік Кореяның астанасындағы ЮНВТО қалалық туризмі бойынша 7-ші жаһандық саммит барысында белгілі болды. Оған 57 елден мыңдаған қатысушылар келді.



Бұрын форум әлемдік көрсеткіші жоғары туризмі дамыған Стамбул, Москва, Барселона, Марракеш, Люксор, Куала-Лумпур, Сеул сынды ірі қалаларда өтетін.



Туризм саласында осындай ауқымды деңгейдегі шараны өткізу Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бірінші рет болып тұр. Қала туризмі бойынша жаһандық саммит жылына бір рет (ЮНВТО) Бүкіләлемдік туристік ұйымының талаптарына сәйкес таңдалған қалада өтеді. ЮНВТО — бұл негізгі инициатор және әлем бойынша саммитті ұйымдастырушы. ЮНВТО 1975 жылдан бері туризмді дамыту саласындағы ең беделді ұйым. Ұйымның шығынын және бастамашы ретінде саммиттің барлық шығынын басқосуды өткізетін қаланың өзі көтереді.



Келесі жылы Астанада өтетін саммит біздің астананың туристік және МІСЕ-әлеуетін көрсетеді.



Анықтама:
MICE Meetings, Incentives, Conferences, Exhibitions) – ұйыммен байланысты іскерлік туризм индустриясы саласы және түрлі корпоративтік шараларды өткізу.



Аталмыш көрмені өткізудің тиімділігі шағын және орта бизнестің экономикалық көрсеткішін жақсарта түседі деп күтілуде.



Бүгінде қалада шағын және орта бизнеспен (ШОБ) 325 мың астаналық айналысады. 1 қаңтар 2018 жылы Астана халқының саны 1 млн адамды құрады, демек елорданың әрбір үшінші тұрғыны ШОБ-тың айналасында. Мысалы, соңғы мәлімет бойынша қалада 231 қонақ үй бар.



Бүкіләлемдік форумды өткізу – Астананы паш етудің, Орталық Азиядағы жаңа туризм орталығы мен қаланы дамытудағы жаңа бағытты, ірі халықаралық қауымдастық пен компаниялармен әріптестікті нығайтудың тағы бір мүмкіндігі.



Нәтижесінде қонақ үйлердің толуы, кәдесый өнімдеріне сұраныс, кафе мен ресторандарға келушілердің саны көбейеді деп күтілуде. Осылайша форумды өткізу халықаралық іскер және түрлі іс-шаралардың санын көбейтуге мүмкіндік береді, осы арқылы астанаға туристік ағын да көбейе түспек.



Бұдан басқа, жаһандық саммит Астанаға туризм саласындағы жетекші сарапшыларды тартуға, барлық сектордағы мемлекеттік және жекеменшік серіктестерді біріктіріп, қала туризмін дамытудың жаңа парадигмасында негізгі роль атқарады. Бұл жерде туризм әлеуметтік ұйымшылдық пен мәдениетті сақтаудың құралы болмақ және экономикалық қызметке де үлесін қосады.



Айта кетейік, астанада өткізілетін бұл шараны қабылдауда төмендегідей факторлар есепке алынды: қалалық туризмнің даму преспективасы, іске асырылған жобаларды сәтті өткізгені, шараларды өткізудегі тәжірибесі, тұрақты дамуы, экономика, әлеуметтік сала, экология мен астананың әкімшілік жүйесі електен өтті.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше