«Астана қаласының 2019 – 2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспарын бекіту туралы» мәселесі бойынша ҚР Үкіметінің отырысында Астана қаласы әкімі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, әкімдікпен Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленіп, Үкімет отырысының қарауына ұсынылып отыр. Жоба мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген.
Игеру аумағының шекаралары 25 мың жеті жүз гектардан 15 мың төрт жүз гектарға дейін оңтайландырылды және 5 перспективалы құрылыс салу аймағы анықталды (Мыңжылдық аллеясы мен «Нұрлы жол» темір жол вокзалы; Мәңгілік Ел даңғылы; Тұран даңғылынан батысқа қарай; Телман кентінен оңтүстікке қарай; Асан Қайғы көшесі ауданын жаңарту).
Халықтың көші-қон және туу көрсеткіштерінің өсуі есебінен халық санының жыл сайын орташа есеппен 2,5 процентке ұлғаюы күтіледі (2023 жылға қарай шамамен 1 млн 500 мың адам) және 2030 жылға қарай шамамен 2 млн адамға жету жоспарлануда.
Болжам бойынша экономика өсімінің жыл сайынғы қарқынының 4 проценттен 6 процентке дейін өсу салдарынан, 2023 жылға қарай елорданың Жалпы өңірлік өнімі 70% процентке ұлғайып, 10 трлн теңгеден асады.
Бұдан басқа, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 216 мыңнан асып, 37 проценттен астам өседі. Өңірлік жалпы өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 57 процентке дейін өседі (2018 жылы – 50,5%).
Экономика мен салық салынатын база өсімінің күтілетін қарқыны Жергілікті бюджет кірісінің 43,7 процентке, 355 млрд теңгеге дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Астана қаласынан республикалық бюджетке жыл сайынғы түсімдер 14 процентке, 2018 жылғы 823 млрд теңгеден 2023 жылы 940 млрд теңгеге дейін өседі.
Сонымен қатар, алдағы 5 жылдың ішінде елорданың дамуына шамамен 6 трлн теңге жеке инвестиция салынады. Осылайша, 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 4-5 теңге жеке капитал салынатын болады. Өз кезегінде, бұл әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның кеңеюіне, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының өсіміне мүмкіндік туғызады.
Аумақтарда белсенді құрылыс салу 2023 жылға дейін шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй енгізілімін қамтамасыз етеді.
Көліктендіру деңгейінің 8-9 процентке дейін жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 жол айрығын, 3 көпір, 1 жол өтпесін, 1 тоннель салу және 1 айналма жолды аяқтау жоспарлануда.
Көлік қаңқасын құру елорда жолдарында көліктік коллапстың туындауына жол бермеуді және қаланың негізгі магистральдарынан 50 процентке жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Нақты шешімді қажетсінетін Астананың өзекті мәселелерінің бірі — нөсерлі кәріз.
2019 жылдың соңына қарай нөсерлі кәріздің қолда бар тазалау құрылыстарын реконструкциялау және жаңаларын салу жұмыстарын өткізу жоспарланады. Бұл 17 мың гектар ауданды қамтуға (Жастар шағын ауданы, Ақбұлақ, Өндіріс тұрғын алаптары, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы ауданы, Мыңжылдық аллеясы, «Нұрлы жол» темір жол вокзалы, Әскери қалашық) және жер үстіндегі сулардың кедергісіз кетуіне мүмкіндік береді.
Су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі, бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66 процентке (34,6 мың га) немесе 2020 жылға нөсерлі кәріз желісіне ағын сулар алаңның 96,5 процентін (23,8 мың га) құрайды.
Халыққа сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін 150 км сумен қамту желілерін және 81 км су бұру желілерін салу күтілуде.
Екінші Жылу электр орталығын кеңейту және қайта жаңарту қосымша 2~2,5 млн шаршы метр тұрғын және коммерциялық алаңды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етеді.
Үшінші Жылу электр орталығының бірінші кезегін салу қаланың батыс және солтүстік бөлігінің жылумен қамтамасыз етеді. Ал қуаттылығы сағатына 418 Гкал үшінші Жылу электр орталығының екінші кезегін салу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жоспарланады.
Сондай-ақ, 110 кВ үш қосалқы станциясын салуды және кабельдік желіге қайта жайластырумен 110 кВ ауа желілерін қайта жаңартуды көздейді. Бұл ЛРТ, Мыңжылдық аллеясы, Железнодорожный кентін электрмен қамтуға, қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Газдандыру бойынша бірінші кезеңде 2021 жылға қарай Жылу электр орталықтарындағы су жылытқыш және шағын жеке қазандықтарды, сондай-ақ тұрғын-үй алқаптарын (Көктал, Оңтүстік-Шығыс, Шұбар, Family Village, Garden Village, Өндіріс, Агроқалашық, Железнодорожный, Пригородный, Тельман тұрғын алаптары) газ отынына ауыстыру жоспарланады. Бұл зиянды заттар шығарындыларын 30 процентке төмендетуге мүмкіндік береді.
Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Есіл өзенінің арнасын әрі қарай реконструкциялау жұмысын күшейту жоспарланады (12 учаскелер).
Бұдан басқа, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, қаланың кез-келген тұрғын ауданынан 20 минуттық қадамдық қолжетімділікті қамтамассыз ететін саябақтар мен гүлзарлар салу жоспарланады.
Білім саласында 2023 жылға дейін келіп жатқан адамдардың есебінен контингенттік өсімі 124 мың жаңа оқу орындарын құрайды, оның ішінде тапшылықты 50% жеке-меншік мектептер арқылы, 50% республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен (24 мектеп пен 10 жапсаржай) жою жоспарланады.
2019-2023 жылдары шамамен 63 мың орынға 37 мектеп пен 10 жапсаржай салу жоспарланады. Бұл 2021 жылға қарай мектептердегі оқу орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі білім саласында 6 млрд теңгеге 6 балабақшаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы салу жоспарланады.
Денсаулық сақтау объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі белсенді түрде қолданылады.
44,1 млрд теңгеге 13 объект салу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік/ республикалық бюджет қаражаты есебінен 30,4 млрд теңгеге тағы да 2 объект салу көзделеді.
Кешенді жоспарды іске асыру үшін 1 трлн 473 млрд теңге қарастырылады, оның ішінде республикалық бюджет – 946 млрд теңге (мемлекеттік-жекешелік әріптестік/ республикалық бюджет 100 млрд теңге), жергілікті бюджеттен 527 млрд теңге (мемлекеттік бағалы қағаздар шығару – 72 млрд теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік — 64 млрд теңге).
Сонымен қатар, Кешенді жоспарды іске асыру қаланың да, жалпы елдің де экономикасын дамытуда оң әсер тигізеді. 5 жылдың ішінде бюджетке 7 трлн теңге түседі (республикалық бюджетке – 5,2 трлн теңге, жергілікті бюджетке – 1,8 трлн теңге), сондай-ақ 6 трлн теңге жеке инвестиция тарту жоспарланады. Бұл 300 мың жаңа жұмыс орнын құруға және 3 млн турист тартуға мүмкіндік береді (негізгі жобалдардың іске асырылуында 5 млн турист тартылады).
Пікір жоқ әзірше