18-23 қыркүйекте Астанада өтетін іс-шаралар

1-30 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясының «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркемсурет көрмесі, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, «Қасиетті жерлерге саяхат» Павлодар қаласының суретшілері көрмесі, «Ата заң – ел тірегі, Астана – ел жүрегі» ҚР Конституциясы күніне орай көрмесі, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне арналған тематикалық көрмесі өтеді.



Сондай-ақ астаналық Жастар сарайында ең тәтті және пайдалы «Мир вкусного меда» көрмесіне барып үлгеріңіз. Жәрмеңке 17-сінен 23 қыркүйекке дейін созылады.
17 қыркүйекте стендтік атудан «Targetshootingclub» СК-де «TheInternationalYouthCup» және «GrandPrixofAstana» халықаралық турнирі өтеді, Ал «Алатау» спорт сарайында гандболдан әйелдер командасы арасында (1 тур супер лига) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.



18 қыркүйекте Назарбаев Спорт орталығы – Университетте «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өтеді. Хоккей жанкүйерлері «Барыс» аренада өтетін «Барыс» ХК – «Авангард» ХК командалары арасындағы 2018-2019 КХЛ маусымының чемпионатына келе алады.



19 қыркүйекте «Дәулет» СК Ұлттық ұлан Бас қолбасшының кубогы үшін қоян қолтық күрестен халықаралық турнир өтеді.



21-23 қыркүйекте Қарттар үйінде мүгедектер күніне орай шахматтан, шашкіден, тоғызқұмалақтан «Тіке-тірес» фестивалі өтеді.



21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында «Астана М» ФК – «Жетісу М» ФК Екінші лигасы клубтарының арасында футболдан ҚР Чемпионаты өтеді.



22 қыркүйекте Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қайырымдылық веложарысы өтеді, ал «Жастар» сарайында астана тұрғындары мен қонақтары «Тегін заңгерлік кеңес, құқықтық сауаттылық» республикалық акциясына қатыса алады.



23 қыркүйекте «Пикник» тобының фанаттары «Қазмедиа орталығында» «Левитация» концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Іс-шаралардың толық тізімі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше